Психологиялық қызметтің 2024-2025 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарының талдауы » Сш им Тарази
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Тарази атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Психологиялық қызметтің 2024-2025 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарының талдауы
05
июнь
2025

Психологиялық қызметтің 2024-2025 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарының талдауы

Психологиялық қызметтің 2024-2025 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарының талдауы

Мектептегі психологиялық қызметтің жұмысы Қазақстан Республикасының оқу – ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау комитетінің    2022 жылғы 25 тамызындағы № 377 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын басшылыққа ала отырып жүргізіледі. 

Міндеттері:

  1. Тұлғаның жеке,жас ерекшеліктерін сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу;
  2. Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерді анықтау,алдын алу жұмыстарын жүргізу:
  3. Әр балаға тиістерді жеке түрдегі жұмысты қамтамасыз ету;
  4. Дамыту,оқыту,тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер беру;
  5. Психологиялық мәдениетін көтеру.

Жұмыс бағыттары:

1.Диагностикалық. Мақсаты: Оқушылардың жеке қасиеттері мен тұлғалық ерекшеліктерін анықтау. Оқу кезеңіндегі балалардың ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық зерттеу.

2.Кеңес беру. Мақсаты:  Оқу процесіне қатысушыларға жеке көмек: олардың табиғатын немесе оқу, даму, әлеуметтену, қарым-қатынас және шығармашылық іске асырудағы қиындықтардың себептерін түсінуде.

3.Түзету - дамыту. Мақсаты: Білім алушылармен және тәрбиеленушілермен жаңа білімге, дағдылар мен қабілеттерге, оларды алу мүмкіндіктеріне, оқу және танымдық іс-әрекеттегі көріністерге уәждемені қалыптастыру бойынша жеке жұмыс.Оқу барысында анықталған қиындықтар мен мінез-құлық проблемалары бар жұмысты ұйымдастыруды, оқу материалын игерудегі қиындықтарды жеңуді қамтиды. 

4.Психологиялық ағарту. Мақсаты: Білім алушылар мен педагогтердің жеке кәсіби өсуіне, өзін-өзі анықтауына көмектесу.Психологиялық білімге деген қажеттілікті және оларды оқудағы мүмкін қиындықтардың алдын-алу үшін пайдалану ниетін қалыптастыру.

5.Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс. Мақсаты: Төмендегідей нысанда ұйымдастыру және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізу: ПҚ жұмысын мониторингілеу және талдау, көрнекі материалдарды дайындау, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің сүйемелдеуімен пәнаралық тәсілді айқындау.

2024-2025 оқу жылындағы белгіленген жоспарға сәйкес қыркүйек айының басында 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау мақсатында Керн Йерасек тесті алынды. Зерттеу жұмысы барысында оқушылар назарына «Ер адамның суретін салу», «Әріптерді көшіріп салу», «Бір топ нүктелерді көшіріп салу» ұсынылды. Негізгі мақсат алынған нәтижелерден оқушылардың мектепке  бейімделуін  анықтау. Сонымен бірге 1 - сынып оқушыларының таным процестері анықталды. Зейін бөлінушілігі, логикалық ойлауы, қысқа мерзімде есте сақтауы анықталды. Алынған тесттің қорытындысының мониторинги.

Бастауыш, орта, жоғары буын оқушыларының өзара қарым-қатынасын  анықтау мақсатында жүргізілген «Социометрия» әдістемесінің нәтижесінің мониторингі 

 



Алынған нәтижелер сынып жетекшілерінің назарына ұсынылды.

1-11 сынып білім алушыларының сынып жетекшілерінен аутодеструктивті мінез – құлыққа бейім білім алушыларды анықтау мақсатында сауалнама алынды. 

Құқық бұзушылыққа байланысты ақпарат алу мақсатында қыркүйек айында 8-9 сыныптардан сауалнама алынған.Сауалнамаға 48 оқушы қатысты.Нәтижесінде құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.

Қазан айында зорлық-зомбылыққа душар болған оқушыларды анықтау мақсатында 7-10 сынып оқушылары арасында жасырын сауалнама алынған,нәтижесінде зорлық-зомбылыққа тап болған оқушы анықталған жоқ.Сауалнамаға 97 оқушы қатысты.

Бесінші сынып білім алушыларының орта буынға бейімделу деңгейін анықтау мақсатында «Мектепке деген мотивация» әдістемесі  алынып, оқушылардың мектепке деген көзқарастары анықталды. 

          Сыныпта оқушылардың мектепке деген бейімделуі жоғарғы деңгейде екендігі анықталды. Әдістеме қорытындысы бойынша мектепке келгісі келмейтін оқушылар анықталған жоқ. Оқушылардың мектепке деген оң көзқарастары байқалды. Алынған нәтижелер сынып жетекшілерінің назарына ұсынылды. Қазан айында мектеп алды даярлық  топ балаларының мектепке психологиялық дайындығын анықтау мақсатында  «Үйшік» әдістемесі алынды. Әдістеме қорытындысы бойынша логикалық ойлау деңгейі төмен оқушылар анықталған жоқ. Арнайы берілген сұрақтарға жауаптары тіркелді. Сынып жетекшілеріне тиісті мағлұмат берілді. Ерекше біліммен қамтылған білім алушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында  «Баспалдақ» әдістемесі, зейін деңгейін анықтау мақсатында «Шатасқан сызықтар» әдістемелері алынды. Қорытынды бойынша анықтама жұмыстары тіркелді. Қараша айында бастауыш сынып білім алушыларының эмоциялық жағдайы, агрессияның деңгейін анықтау мақсатында 3 сыныптардан «Кактус» әдістемесі алынды. 6-8 сынып білім алушыларының қобалжу деңгейін  «Кондаш» әдістемесі арқылы анықтау жұмысы жүргізіліп, нәтижесі шығарылды. Қараша айында «Интернет сайттары жайында» түсіндірме жұмыстары тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Кәмелетке толмағандар арасында психикалық күйлерін анықтау мақсатында 9-10 сынып білім алушыларынан «Айзенк» тесті  алынды.    Нәтижесі сынып жетекшілерге таныстырылды.

          Мектебіміздің 7-11 сынып қыз балаларынан ерте жүктіліктің алдын алу үшін жасырын сауалнама алынды.  

4 сынып білім алушыларының өзін-өзі бағалауының даму деңгейін В.Г. Штурдың  «Баспалдақ» әдістемесі  арқылы анықталды. 


Қаңтар  айында мектеп алды даярлық  топ балаларының мектепке психологиялық дайындығын анықтау мақсатында  «Мектеп туралы әңгіме» әдістемесі алынды. Әдістеме қорытындысы бойынша логикалық ойлау деңгейі төмен оқушылар анықталған жоқ. Арнайы берілген сұрақтарға жауаптары тіркелді. Сынып жетекшілеріне тиісті мағлұмат берілді

Үйден оқытылумен қамтылған білім алушылардың жекелік мінез –құлық ерекшеліктерін «Өмірде жоқ жануар» әдістемесі арқылы анықталды. 

Жас маман мұғалімдердің жеке бас ерекшеліктерін анықтау мақсатында «Темперамент» тесті алынды. Жоспарға сәйкес кеңес беру бағыты бойынша бірқатар іс- шаралар  өткізілді. Жыл бойына кез –келген тақырыпта жеке және топтық кеңес беру жүргізіліп, есепке алу журналына тіркелді. «Тұрмыстық зорлық – зомбылық, жыныстық қол сұғылмаушылығының алдын - алу», «Ерте жүктіліктің алдын-алу», «Интернетке тәуелділік», тағы да басқа тақырыптар бойынша топтық кеңес беру жүргізілді.

Түзету дамыту бағыты бойынша 5 - сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі үшін ««Бірінші рет бесінші сыныпқа», «Достық әлемі» тақырыптарында тренинг  өткізілді.   Оқушылар сабаққа аса белсенділікпен қатысып, көңіл-күйлері көтерілді. 10 сынып білім алушыларының өмірге деген құлшыныстарын арттыру мақсатында «Өмір және оның мәні» тренингі өткізілді. Білім алушыларға психологиялық көмек көрсету мақсатында 6 сынып білім алушыларымен «Мен сенімен жүздесуге қуаныштымын» тренингі жүргізілді. Қорытынды аттестаттауға психологиялық көмек көрсету мақсатында «Сенім – құдіретті күш» тренингі өткізілді. Оқушыларға емтихан кезінде кездесетін қорқыныш, үрейді жеңу жолдарын  көрсетіп, тиісті кеңестер берілді.   


    9 сынып  «Мен өзіме сенемін», 10 сынып білім алушыларына «Менің көңіл-күйім»  тақырыбында тренингтері өткізілді.




    Ата-аналарға психологиялық көмек көрсету мақсатында «Адамның бір қызығы бала деген...» тренингі өткізілді. Педагогикалық ұжымның психологиялық ахуалын көтеру мақсатында «Біз біргеміз» семинар-тренингі жүргізілді.


            2024-2025  оқу жылының жылдық қорытындысын талдай  келе, жоспар бойынша қойылған жұмыстар жүзеге асырылды. Психологиялық анықтамалар берілді. Психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту- тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым- қатынас, мұғалім мен оқушының, ата - ана мен мұғалімнің көзқарастары бірін- бірі толықтырғанда ғана психолог жұмысы өз нәтижесін береді.


    2024-2025 оқу жылында атқарған жұмыстарды талдай келе келесі жылы мына жұмыстарды жандандыру қажет:

         Ұсыныс:

  1. Аутедиструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында ата-аналарды ақпараттандыру жұмыстары көбірек жүргізіледі.
  2. Ерте жүктілік мәселесінің алдын алу мақсатында қыз балалардың аналарымен түсіндіру жұмыстары көбірек жүргізілсе.






Мектеп психологы                                               А.Пантаева