Әлеуметтік педагогтың 2024-2025 оқу жылы бойынша атқарған жұмыстарының талдауы.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жамбыл ауданының білім бөлімінің
«Әкім Тарази атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әлеуметтік педагог қызметінің жылдық есебі |
Орындаған: Молдабеков Ж.А
Тастөбе ауыл
Әлеуметтік педагогтың 2024-2025 оқу жылы бойынша атқарған жұмыстарының талдауы.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының негізгі мақсаты - оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын, әлеуметтік ортаға бейімделуін әлеуметтік тұрғыдан қорғау.
Міндеттері:
1.Оқушыға қажетті қолдау мен әлеуметтік көмекті өз уақытысында көрсету;
2.Оқушыларды қолдау мен көмек көрсетуде т.б. әлеуметтік қорғау барысында шара қолдану;
3.Мектепте, отбасында және қоршаған әлеуметтік ортада білім алушы жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен психологиялық үйлесімділігіне жағдай туғызуына ықпал ету;
4.Оқушының салауатты өмір салты үшін әлеуметтік ауытқушылық пен құқық бұзушылығының алдын алу;
5.Оқушыларға көмек көрсету үшін мұғалімдердің, ата-аналардың, әлеуметтік қызмет көрсету мамандарының әкімшілік ұйым өкілдерінің өзара әрекетін үйлестіру.
Әлеуметтік орталығы оқушылардың қоғамға, әлеуметтік ортаға бейімделуіне, қоршаған ортасымен дұрыс қарым-қатынас орнатуына ықпал етеді.
І. Әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларды анықтау жұмыстары қыркүйек айында оқушының тұрмысын зерделеу картасы, сынып жетекшімен, ата-анамен тығыз байланыс жасау арқылы жүзеге асырылады.
Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің әлеуметтік төлқұжаты
№ | Әлеуметтік санаттар | саны | % |
1 | Барлық оқушылар Ұлы Қызы | 274 139 135 | 100% 52% 48% |
2 | 1-4 сынып білім алушылар | 109 | 39% |
3 | 5-9 сынып білім алушылар | 127 | 48% |
4 | 10-11 сынып білім алушылар | 38 | 12% |
5 | Отбасы түрі бойынша: | ||
6 | Жалпы ата-ана саны | 184 | 100% |
7 | Жалпы отбасы саны | 98 | 53 |
8 | Толыққанды жанұя саны | 95 | 51% |
9 | Толық емес жанұя саны | 3 | 1% |
10 | Анасы жоқ балалар | 3 | 1% |
11 | Әкесі жоқ балалар | 3 | 2% |
12 | Көп балалы отбасы саны | 56 | 30% |
13 | Аз қамтамасыз етілген отбасы | 60 | 54% |
14 | Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар | 0 | 0% |
15 | Мүгедек балалар, мүмкіндіктері шектеулі балалар | 0 | 0% |
16 | Азаматтығы жоқ білім алушылар | 0 | 0% |
17 | Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын білім алушылар | 0 | 0% |
18 | Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұрғандар | 0 | 0% |
19 | Мектепішілік бақылау есебінде тұрғандар | 0 | 0% |
ІІ. Қайырымдылық шараларының нәтижесінде, аз қамтылған отбасылар анықталып, жыл бойы мемлекет тарапынан да, демеушілер тарапынан да рухани және әлеуметтік көмекпен қамтылады.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің 29.07.2024 жылғы 04/699 шығыс хатына сәйкес 2024 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (РО) өтілді.
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. Шара барысында демеушілер есебінен балаларға көмектер көрсетілді. Демеушілердің есебінен көмек алған оқушылар төмендегі тізім бойынша көрсетілген.
р/с | Мекеменің атауы | Демеуші | Байланыс телефондары | Оқушының аты жөні мектебі, сыныбы | Жұмсалған қаражат, мектеп киімі, оқуқұрал жабдықтары |
1 | Әкім Тарази | Дүкенші Турумова Айгул | Вегелина Эва | мектептің оқу құрал жабдықтары | |
2 | «Аманат партиясы» | 1 оқушы Әбит Раяна | мектептің оқу құрал жабдықтары, Киім-кешек | ||
3 | Жамбыл аудандық білім бөлімі | 81 оқушы | 47398 тг | ||
4 | Ата-ана Көделбаева Жұлдызай | 1 сынып оқушы Жеткербайқызы Сафия | 50 000тг | ||
5 | Мектеп ұжымы | 872633234 14 | Әкім Тарази мектебі: | Спорттық аяқ киім Қыздар аяқ киімі Спорттық киім Мектеп көйлегі Белдемше Спорттық шалбар, Ұлдар аяқ киімі |
Бюджет есебінен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы.
2024-2025 оқу жылында Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «жалпыға бірдей міндетті білім беру» тұрмыс жағдайы төмен, жартылай жетім, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 92 оқушы және 1-4 бастауыш сынып оқушылары бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылу жөнінде бұйрық шығарылып, комиссия мүшелері құрылды.
2024-2025 оқу жылында бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылу деңгейі
Оқушыларға бір мезгіл ыстық тамақты қадағалау мақсатында мектеп
әкімшілігінен кезекшілік кестесі құрылған. Асханаға келіп түскен азық-түлік өнімдерінің сапасын, олардың сақталу мерзімдері мен жағдайлары, балаларды тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыруды мақсатында бракеражды комиссия мүшелері құрылған.
Мектеп асханасындағы тамақтануды ұйымдастыру туралы мәліметтер мен ақпараттар мектептің жеке сайтына және әлеуметтік желілеріне жарияланып отырады.
http://tastobe-tarazi.mektebi.kz/pitanie/ мектеп сайты
https://www.instagram.com/tarazi.mektebi/ инстаграм
https://www.facebook.com/?locale=ru_RU фейзбук
«Күз-береке,Күз-мереке» жәрмеңке
Мектебімізде қазан айында «Күз-береке,Күз-мереке » атты жәрмеңке 1-10 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы оқушыларға қыстық жетіспейтін киімдерін алу.
«Өркен өзін-өзі басқару » фракциясы президенті Құтжан Маржан және
«Жас Ұлан» жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшелері ұйымдастыруымен өткізілді.
«Жаңа жыл – 2025»
Әкім Тарази атындағы тірек (РО) мектебінде 2025 жаңа жылды қарсы алу кешінде осы мектептің түлегі жеке кәсіпкер Бөгенбаев Төлеби Асқарұлы демеушілік жасап аз қамтылған отбасынан шыққан 35 оқушыны жаңа жылдық сыйлықпен қамтыды. Аудан әкімінің 2025 жылы желтоқсанда өткізілген аудандық Жаңа жыл шыршасына қамқорлыққа алынған және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардан 4 оқушы жолдама алды.
ҚР Президентінің 2025 жылы желтоқсанда өткізілген Жаңа жыл шыршасына аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардан 1 оқушы жолдама алды.
Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар оқушылардың барлығы мектеп кітапханасының кітаптар қорынан оқулықтармен қамтамасыз етілді.
Тоқсанның басында тоқсан арасында жаңадан келген оқушылардың отбасы жағдайын анықталып тұрмыс жағдайын зерттеу актісі толтырылды.
Бос уақытын ұйымдастыру
Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға қала маңындағы жазғы сауықтыру лагеріне демалыс ұйымдастырылып, аудандық білім бөліміне
8-14 жас аралығындағы 10 оқушының тізімі өткізілді.
Мектеп жанындағы «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагеріне 85 оқушы қамтылады.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану бойынша әр сыныпқа кеңестер беріліп отырады. Оқушылар мектепішілік үйірмелер мен мектептен тыс үйірмелерге қатысады.
Ұсыныс:
1.Оқушыларды жетістікке ынталандыру бағытындағы жұмыстарды жиі ұйымдастыру;
2.Қазіргі уақытта отбасыға мектеп тарапынан жүйелі, білікті көмек көрсету. Оқушылардың отбасы мүшелерімен, мұғалімдермен қарым-қатынас орнатуда қиындықтардың алдын-алу және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға материалдық көмек көрсетіп, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
3.Оқушыны қоғамға пайдасы бар іс-әрекеттермен айналысуына, бос уақытын тиімді пайдалануға, қоғамдық ортада өзін еркін ұстауына жағдай жасау.
Әлеуметтік педагог: Ж.Молдабеков