«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жоспары
Тақырыбы: Тәрбие бағытындағы «ЖасҰлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асырудың басты негізі
Мақсаты: Көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту
Күтілетін нәтиже: Белсенді оқушылардың көшбасшылық қабілеттері қалыптасады, зияткерлік тұрғыда дамиды.Қоғамдағы өзгеріске бейімделеді, әлеуметтік жеке тұлға қалыптасады, қоғамдағы бірлестіктің ғылыми - әдістемелік қызметі жанданады.Тәрбиелік - оқыту бағдарламасы тиянақты өтеді, ұйым жұмыстары БАҚ арқылы кеңінен насихатталады
Мінтеттері:
* Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
* Танымдық жұмыстарға ынталандыру;
* Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
* Жауапкершілік пен еңбек сүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін
дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
* Өз елінің тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиетті
қалыптастыру;
«Жас Ұлан» ұйымының бағыттары:
1. Атамекен - патриоттық бағыты;
2. Зерде - зерделі түрде алдына мақсат қоя білу, оған жете білу, жобалар жасап, жүзеге асыруға жетелеу бағыты;
3. Руханият – жоғары –рухани –адамгершілік құндылықтар, гуманистік, көркем- эстетикалық қасиеттерге тәрбиелеу бағыты;
4. Салауат – бойларын жаман қасиеттерден аулақ ұстайтын, салауатты өмір салтын ұстанған, спортпен шұғылданатын, тәнін түзулікке баулитын бағыты;
5. Экоәлем – қоршаған ортаны аялау, жан-жануарларға қорған болу, экологияны жақсартуға бағытталған жобалар жасауға баулитын бағыт;
6. Еңбек – еңбексүйгіштік, іскерлік бағыты;
7. Жеті жарғы – құқықтық бағыты;
Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының
2023-2024 оқу жылында атқаратын іс-шаралар жоспары
Басымдылықтар | Табыс критерилері | |||||||||||
Жоспар оқушы бойындағы көшбасшылық, ұйымдастырушылық, рухани-азаматтық сезімді, сенімділік қасиеттерді дамыту мақсатында «Зерде», «Атамекен», «Салауат», «Экоәлем», «Руханият», «Еңбек», «Жеті жарғы» бағыттарын қамти отырып құрылған. | Мұғалім | Ата-ана | Оқушы | |||||||||
Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметінің дамуына ықпал жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын арттырады, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асыру үшін қажетті жағдай жасайды. | Мектепішілік іс-шараларға қатысып, мектеп әкімшілігі және ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізеді. Ата-анамен жұмыстың дамуына үлес қосады. | Білім бағдарламалары мен жоспарларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындайды. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосып, мектеп намысын, беделін қорғап, белсенді, шығармашыл, жан-жақты, көшбасшы екендерін дәлелдейді. | ||||||||||
№ | Іс – шара атауы | Мақсаты | Күтілетін нәтиже | Бағыты | Жұмыс түрі | Мерзімі | Жауапты | Эвалюа ция | Рефлек сия | |||
Қыркүйек | ||||||||||||
1 | «1 Қыркүйек – Білім күні» құрметіне өтілетін салтанатты кештің дұрыс ұйымдастырылуы мен жоғарғы дәрежеде өтілуіне үлес қосу | Білім күнінің мақсаты мен маңыздылығын сезіндіру .Жаңа оқу жылының жаңалықтарымен таныстыру | Жаңа оқу жылының басталуын сезінеді, жаңа , тың жаңалықтармен танысады | Атамекен | Салтанатты жиын | Қыркүйек | Тәлімгер Ұланбасы Сынып жетекшілер Ұйым мүшелері | Жоспар Бейнежазба Фото | Анықтама Инстаграм желісіне жүктеу | |||
2 | «Жас Ұлан» ұйымына мүшелікке қабылданатын оқушылардың өтінішін қабылдау | Ұйымға мүше болатын оқушылардың қызығушылықтарын арттыру | Көшбасшылар қатарына қосылуға деген қызығушылықтары артады | Руханият Атамекен Жеті жарғы | Өтініш қабылдау | Қыркүйек | Тәлімгер | Өтініштер жинағы Фото | Анықтама | |||
«Спорт –денсаулық кепілі!» | Денсаулықты күтудің, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы түсініктерін, спорттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру | Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыланады. Спорттық ойындарға деген қызығушылықтары артады. | Салауат | Спорттық ойындар жарысы | Қыркүйек | Тәлімгер Ұланбасы Дене шынықтыру пәні мұғалімдері | Фотолар Марапат | Анықтама | ||||
4 | Әкім Таразидың 90 жас туылған күніне орай әдеби кеш | Білім алушыларға өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру | Кітап оқуға тарту | Руханият | Әдеби кеш | Қыркүйек | ДТІЖО Тәлімгер кітапханашы | сурет | Анықтама Инстаграм | |||
5 | «Ұланбасы сайлауы» | Білім алушылар арасында белсенді өмірлік ұстамдарды қалыптастыру ,сайлау заңнамасындағы құқықтық мәдинетті жетілдіру | Көшбасшылық, басқарушылық қабілеттері артады | Руханият Атамекен Зерде | Сайлауды жариялау, өткізу | Қыркүйек | Тәлімгер | Бұйрық Хабарландыру Жоспар Хаттама | Фото | |||
6 | Жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы – «Үздік мақала» | О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру Тіл бірлестігімен бірлесе отырып | Жазушы шығармалары арқылы адамгершілікке,барлық жақсы қасиеттерге тәрбиелеу,әдеби кітап оқуға тарту. | Руханият Атамекен Зерде | Байқау | Қыркүйек | Тәлімгер Сынып жетекшілер | Фотолар | Анықтама | |||
7 | «Таза кітап-сапалы білім!» | Ұқыптылыққа,жауапкершілікке,тазалықа баулу | Жауапкершілік дағдылары артады | Руханият | Оқушылардың кітаптарының тазалығын,қапталғандығын,түгелдігін тексеру | Ай сайын | Тәлімгер Мектеп кітапханашысы Ұйым белсенділері | Фото | Анықтама | |||
8 | «WorldCleanupday» «Дүниежүзілік Тазалық Күні» | қоғамдық тазалық қалпының мәселелеріне жауапкершілікке тарту, табиғатты аялауға, құрметтеуге шақыру; табиғатымыздың бүгінгі ахуалын бағалап, бөтелке мен тамақ қалдықтарымен түрлі қоқыстардан тазалау, өзен-суларды ластамауға шақыру. | Табиғатқа деген құрметтері мен жауапкершіліктері артады | Экоәлем Атамекен Зерде Еңбек | Тазалық жұмыстары | Қыркүйек | Тәлімгер Ұйым белсенділері | Жоспар Фото | Анықтама | |||
9 | Білім алушылардың сабаққа қатысуы | Мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып оқушылардың сабаққа қатысу барысын қадағалау | Жауапкершілікпен жұмысты орындауға дағдыланады | Руханият Жеті жарғы | Түгендеу | Үнемі | Ұланбасы Сынып жетекшілер Ұйым белсенділері | Фото | Анықтама | |||
10 | Даталы күндерге қабырға газеттерінің шығарылуы, баспасөз беттеріне мақалалар жариялау | Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, сауатты жазуға, ойын жинақтауға, тақырыптың маңыздылығын ұғынуға жетелеу | Шығармашылық, сауаттылық, ұйымшылдық қасиеттері дамиды | Атамекен Зерде Руханият | Мақала жазу, жариялау Қабырға газетін шығару | Жыл бойы | Ұланбасы Сынып жетекшілер Ұйым белсенділері | Фото | Анықтама | |||
11 | Мектеп формасының сақталуы.Білімалушылардың жеке бас гигиенасы | Мектеп ережесін сақтауға,жеке басының тазалығын сақтауға дағдыландыру | Мектеп ережесін сақтай отырып,тазалықты сақтауға дағдыландыру | Салауат | Тексеру | Жыл бойы | Тәлімгер Ұланбасы Ұйым белсенділері | Фотолар | Анықтама | |||
Қазан | ||||||||||||
12 | «Дария кеуде , тау мүсін, Қарттарым аман-саумысың?!» | 1 қазан – қарттар күніне орай көмекке мұқтаж қарияларға қолғабыс көрсету, құттықтау | Үлкенге деген құрметтері артады, мұхтаждық тың не екенін түсінеді | Атамекен Зерде Руханият | Мерекелік концерт | Қазан | Тәлімгер Ұйым мүшелері | Фото | Анықтама Инстаграм желісіне жүктеу | |||
13 | «Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік!» | Білім алушыларға ұстаздардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына сіңіру | Ұстаздардың еңбегін бағалайды, оларға деген құрметтері артады | Атамекен | Мерекелік концерт Қабырға газеттері Құттықтаулар | Қазан | ДТІЖО Тәлімгер Сынып жетекшілері | Жоспар Бейнежазбалар Фотолар | Анықтама Керібайланыс | |||
14 | Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа -130 «Ұлықтаймыз Ұлы тұлғаны!» акциясы | Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі, шығармалары туралы түсінік беру.. | Өлең арқылы ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушы шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту. | Зерде Руханият | Мәнерлеп оқу Акция | Қазан | ДТІЖО Тәлімгер Сынып жетекшілері | Жоспар Бейнежазбалар Фотолар | Анықтама | |||
15 | «Туралықты тұғыр еткен –Төле би» Төле би Әлібекұлының туылғанына 360жыл | Аудандық кешке қатысу | ||||||||||
16 | «Қыран елім –Қазақстан!» республика күні | Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. | Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту. | Атамекен Зерде Руханият | Салтанатты жиын Ұйымға мүшелер қабылдау | Қазан | ДТІЖО Тәлімгер Сынып жетекшілері | Жоспар Бейнежазбалар Фотолар | Анықтама | |||
17 | «Күз берекесі» | Рухани-адамгершілік, еңбекқорлық, қайырымдылық қасиеттерін дамыту | Сенімді, ұйымдастырушы,еңбекқор, іскер тұлға қалаптасады | Руханият Еңбек | Жәрмеңке | Қазан | Тәлімгер Мектеп социологы Ұйым белсенділері | Кесте Марапаттау | Анықтама Фото | |||
Қараша | ||||||||||||
18 | «Жан жылуы-балаға!» 7қараша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған күн | Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін балаларға қолдау көрсету | мүмкіндігі шектеулі балаларға қол ұшын береміз | Руханият | Кездесу | Қараша | Тәлімгер Сынып жетекшілер Ұйым белсенділері | Фота | Анықтама | |||
19 | Теңгенің қолданысқа енгеніне -30 жыл «Үздік жас кәсіпкер!» | 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілді. | Оқушыларға өз кәсіптерін дамытуға бағыт бағдар беру | Еңбек | Бейнеролик байқауы | Қараша | Тәлімгер Сынып жетекшілер Ұйым белсенділері | Фота | Анықтама | |||
20 | «Ұланымыз Ұлы елдің!» | Көшбасшылар арасындағы аудандық форум | Тәлімгер Ұланбасы | |||||||||
Желтоқсан | ||||||||||||
21 | «Сиқырлы қыс!» | Білім алушыларды тәрбиелеу мен оқыту барысында бейнелеу өнерін ұштастыра отырып, сұлулыққа тәрбиелеу. Айнала қоршаған ортаны бақылау арқылы қыс мезгілінің көз тоймас қызықтарын, табиғаттың әсемдігін көріп қана қоймай тамаша көріністерін бейнелеу | Сурет салуға деген, сұлулыққа деген қызығушылықтары артады | Руханият Еңбек | Сурет байқауы | Желтоқсан | Тәлімгер Ұланбасы Ұйым белсенділері | Жоспар Марапат | Анықтама фото | |||
Қаңтар | ||||||||||||
22 | «Ел рәміздері-ел рухы» | Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы түсініктерін арттыру | Рәміздердің құндылығы туралы ойлары артады | Атамекен Жеті жарғы | Зияткерлік сайысы | Қаңтар | Тәлімгер Ұланбасы Ұйым белсенділері Абденов Ә | Анықтама Бейнежазба Фотолар | ||||
23 | «Үздік тәлімгер!» | Аудандық байқау | ||||||||||
Ақпан | ||||||||||||
24 | «Үздік Ұланбасы!» | Аудандық байқау | ||||||||||
25 | «Ауғанда от кешкендер!» | Білім алушыларды адамгершілікке, Отанын сүйюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру | Патриоттық, рухани ұғымдары артады | Атамекен Жеті жарғы | Саябаққа сапар шегу,гүл шоқтарын қою Кездесу | Ақпан | Тәлімгер Тарих пәні мұғалімі | Жоспар Бейнежазба Фото | Анықтама | |||
Наурыз | ||||||||||||
26 | «Мың Алғыс!» | Оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту. | Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету. | Атамекен Жеті жарғы | Акция | Наурыз | Тәлімгер Тарих пәні мұғалімі | Жоспар Бейнежазба Фото | Анықтама | |||
27 | «Көктем гүлі» | Анаға, қыз балаға деген сыйластықтарын, құрметтерін, сүйіспеншіліктерін арттыру | Нәзік жандарға деген құрметтері артады | Зерде Атамекен | Мерекелік кеш | Наурыз | Тәлімгер Сынып жетекшілер | Жоспар Бейнежазба Құттықтаулар | Анықтама Фотолар | |||
Сәуір | ||||||||||||
28 | «Денсаулық-басты байлық!» дүниежүзілік денсаулық күні |
Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. | Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі. | Зерде Атамекен Салауат | Спорттық ойындар | Сәуір | Тәлімгер Ұланбасы Ұйым белсенділері | Фото | Анықтама | |||
29 | «Өскен өңір!» | Табиғатты аялауға, сүюге, қамқорлық жасауға, қорғауға баулу | Табиғатқа деген құрметтері артады | Атамекен Руханият | Көгалдандыру акциясы | Сәуір | Тәлімгер Ұланбасы Ұйым белсенділері | Фото | Анықтама | |||
Мамыр | ||||||||||||
30 | «Біз достықты сүйеміз!» | Бала бойындағы бірлік, ынтымақ,татулық, ұлтаралық достық қасиеттерін дамыту | Бала бойындағы бірлік, ынтымақ татулықты ұлтаралық достық туралы түсініктері дамиды | Зерде Жеті жарғы | Салтанатты жиын Ұйымға мүшелер қабылдау | Мамыр | Тәлімгер Ұланбасы Сынып жетекшілер | Жоспар Бейнежазбалар Фотолар | Анықтама Марапаттар | |||
31 | «Ұрпақ жадында жаңғырар есім!» | Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру. | Оқушылар бойындағы сүйіспеншілік, қайраттылық, жігерлілік қасиеттері артады | Атамекен Жеті жарғы | Дөңгелек үстел | Мамыр | Тәлімгер Сынып жетекшілер | Құттықтаулар Марапаттар Бейнежазбалар | Мәлімет Фотолар | |||
32 | «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла, соңғы қоңырау!» | Мектеп түлектерін өз дәрежесінде шығарып салу, оқушылардың жетістіктерін бағалау, мадақтау | Мерекелік жиынның жақсы өтілуіне үлес қосады, бір жылдық білімдерінің нәтижесін көреді | Зерде Жеті жарғы | Салтанат ты жиын | Мамыр | Тәлімгер Сынып жетекшілер | Жоспар Бейнежазбалар | Анықтама Фотолар | |||
33 | Оқушылардың жазғы сауықтыру лагерінде еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастыру | Үлкендерге көмек беруге, тазалықты сақтауға, еңбекті сүюге үйрету, гүлдерді сүюге, қадірлеуге, қамқоршылық танытуға дағдыландыру | Үлкендерге көмек беруге, тазалықты сақтауға, еңбекті сүюге үйрету, гүлдерді сүюге, қадірлеуге, қамқоршылық танытуға дағдылананады | Зерде Салауат Экоәлем | Көмектесу жұмыстары | Маусым | Тәлімгер | Жоспар Бейнежазба Фотолар | Анықтама | |||
34 | Рәміздерім –мақтанышым! | Оқушылардың рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты дамыту | Рәміздеріміздің мәртебесі жайындағы білімдері артады | Зерде Атамекен Жеті жарғы | Салтанатты жиын Ұйымға мүшелер қабылдау | Маусым | Тәлімгер Лагерь тәрбиеші лері | Жоспар Бенежазба | Анықтама Фотолар | |||
Орындаған: Ұ.Қ.Ордабаева