1 қазан қарттар күні » Сш им Тарази
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Тарази атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қазан қарттар күні
29
сентябрь
2023

1 қазан қарттар күні

 1 қазан қарттар күніне орай зейнеткер ұстаз Бақбергенова Ғалия апаймен кездесу өткізілді. 
Кездесудің мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру,үлкенді сыйлау, инабаттылыққа,жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері 8-10 сынып оқушылары зейнеткер ұстазға үй шарушылығына көмек көрсетті. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы Нұрболатқызы Нұрай мен «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымы мектеп президенті Құтжан Маржан және ұйым белсенді мүшелері мен фракция министрлері зейнеткер ұстазға өз ақ тілектері мен құттықтауларын өлең жолдарымен жеткізді. Зейнеткер ұстаз Бақбергенова Ғалия апай келіп құттықтап жатқан ұстаздар мен оқушыларға өз алғысын айтып батасын берді. Мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы Упекова Сағила ұлағатты ұстазды мерекесімен құттықтап сый сыяпатын тарту етті.
Зейнеткер ұстазбен естелікке суретке түсіп, жақсы көңіл күй сыйлап қайтты. Кездесуді ұйымдастырған мектеп тәлімгері Ордабаева Ұлжан.
Қайырымдылық шарасының бейне ролигін instagram парақшада жүктеп
#жасұлан_жақсылық_керуен
@jas_ulan_zhambyl_audany
@zhasulan.zhambul
@parlament_of_tarazi1