17
январь
2024
«Достық қолын ұсын» акциясының аясында
2024 жылдың 17 қаңтар күні «Достық қолын ұсын» акциясының аясында «Қолыңды соз досым» атты іс-шараға «Жас Ұлан» ұйымы мен «Өркен» өзін өзі басқару ұйымы белсенді мүшелері қарияларға көмек көрсетті. Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу. Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп келе жатқан жастардың міндеті. Ол кісілерді ұмытпай, ақылдарын тыңдап, көмектесу бәріміздің міндетіміз.