18
январь
2024
«Менің досым» суреттер әлемі
«Достық қолын ұсын» акциясының аясында «Менің досым» суреттер әлемі атты іс-шараға «Жас Ұлан» ұйымы «Жас қыран» мүшелері бастауыш сынып білім алушылары шығармашылық, ынтымақтастық бағытында сурет салды. Дос – ақылшы, көмекші, сырлас, жақын, адал, шыншыл деген ұғымды береді. Достық әрбір адамның өміріндегі ең қызықты да, қимас та, қиын кезеңде қасыңда жүретін адамның саған деген адал мінезі. Адалдықсыз достық болмайды. Ал адалдық деген – рухани тазалық. Достық - адамдардың бір – бірін жаны қалап, жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.
Мақсаты:
а) оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру;
ә) берілген сұраққа толық жауап беруге үйрету;
б) Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өз досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету.
#досболLike
#біртұтастәрбие
#білімбөлімі