«Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
«Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы негізінде 2022-2023 оқу жылында құрылған Әкім Тарази атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) парламентінің қызметі туралы ереже.
1-тарау. Жалпы ережелер.
1.Мектеп оқушылары парламентінің қызметі туралы осы ереже мектептің өзін-өзі басқару органының–мектеп парламенттің мақсатын, міндеттерін, құрылымын, қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін, құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
2. Мектеп оқушылары парламенті балалар мен жастардың маңызды мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған мектептің өзін-өзі басқарудың бастамашыл, дербес, жауапты қоғамдық нысаны болып табылады.
3.Мектеп оқушылары өзін- өзі басқару органы – мектеп парламенті білім беру ұйымдарының оқушыларының бастамасы бойынша білім алушылардың мүдделерін білдіру үшін тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші орган ретінде құрылып, осы Ереже негізінде әрекет етеді.
4.Әрбір білім алушы осы Ережеге сәйкес Парламент активін сайлауға және оған сайлануға құқылы.
5.Парламенттің қызметі мен шешімдері білім беру ұйымының барлық білім алушыларына бағытталған және қолданылады.
6.Парламент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», 7.«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Парламенттің мақсаты мен міндеттері.
Парламент мақсаты: балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелердібілім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.
Парламент міндеттері:
1) білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;
2) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады;
3) білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету;
4) білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;
5) білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас жасауға, білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу;
6) білім алушыларды білім беру ұйымының қызметі туралы хабардар ету;
7) қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық ресурсы ретінде балалар мен жастар туралы қоғамдық пікірқалыптастыруға қатысу;
8) балалар мен жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады.
Парламент қызметі өңір мен білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.
3-тарау. Парламент құрылымы.
1.Парламент көшбасшысы сайлауда білім алушылар мен білім беру ұйымының педагогтері сайлайтын президент болып табылады.
2.Президент пен парламент мүшелері бір оқу жылы мерзіміне сайланады.
3.Парламент Президенттен, оның орынбасарларынан, парламент фракцияларының басшылары мен мүшелерінен тұрады. 4.Парламенттің шешімі бойынша оның құрамына білім алушылар арасынан Парламент мүшелері қосымша сайланады. 5.Парламент мүшелерін сайлау сыныптар мен топтардың жиналыстарында жүзеге асырылады.
4-тарау. Парламент қызметі.
1.Парламенттің мектептегі қызметін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары парламентке жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты.
Парламент Президенті:
1) Парламент қызметіне басшылық жасайды және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;
2) өз орынбасарлары, фракция көшбасшылары арасында міндеттерді бөледі және олардың қызметін үйлестіреді;
3) өз міндеттерін орындау кезінде білім беру ұйымының басшылығы берген құқықтарды пайдаланады.
Парламент білім беру ұйымы Парламентінің қызметі туралы Ережені басшылыққа бекітуге ұсынады.
Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
1.Құқық және тәртіп фракциясы
2.Ақпарат фракциясы (мектептің баспасөз қызметі)
3.Спорт және салауатты өмір салты фракциясы
4.Өзін-өзітану және бақыт фракциясы (психология)
5.Қамқорлық фракциясы (еріктілік)
6.Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық)
7.Дебат қозғалысының фракциясы
8.Экология және еңбек фракциясы
Парламенттің жоғарғы органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы.
Парламенттің қызметін жоспарлау білім беру ұйымының жұмыс жоспарынегізінде жүзеге асырылады.
Парламент Президенті білім беру ұйымының барлық алқалы органдарының жұмысына қатысады.
Парламент мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады.
Парламент білім беру ұйымының алдында тұрған міндеттерді тиімді орындау мақсатында педагогикалық ұжыммен өзара іс-қимыл жасайды.
5-тарау. Парламент құқықтары мен міндеттері
Парламент құқылы:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының мүдделерін қозғайтын ережелерді, жұмыс жоспарларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысуға;
2) білім алушылардың мүдделерін қозғайтын әлеуметтік-тұрмыстық және қаржылық мәселелерді шешуге, оның ішінде білім беру ұйымының қаражатын, дотацияларды және мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларына, демалуға және емделуге бөлінетін қаражатты бөлуге қатысуға;
3) білім алушылардың білім беру ұйымының оқу тәртібі мен ішкі тәртіп қағидаларын, сондай-ақ отбасылық балалар үйінде тәрбиеленетін мектеп оқушыларына қатысты бұзушылыққа байланысты мәселелерді қарауға қатысуға;
4)оқу және оқудан тыс қызметтің әртүрлі салаларындағы жетістіктері үшін білім алушыларды көтермелеу жүйесін әзірлеугежәне іске асыруға қатысуға;
5) білім беру ұйымы білім алушыларының өтініштері мен шағымдарын қарауға және талқылауға қатысуға;
6) белгіленген тәртіп пен білім беру ұйымының оқушылар парламентінің қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
7) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін наразылықтың заңды нысандарын анықтау және пайдалану;
8) білім беру ұйымдарының оқудан тыс іс-шараларын жоспарлауға, дайындауға, жүргізуге және талдауға тікелей қатысуға;
9) білім беру ұйымдарында құрылатын клубтардың жұмысына қатысуға құқылы.
Парламент міндетті:
1) білімалушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талапшылдығын арттыруға, білім беру ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға тәрбиелеуге, оқу корпустарында оқутәртібі мен құқықтық тәртіпті нығайтуға, білім алушылардың азаматтық сана-сезімін арттыруға, борыш пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған жұмыс жүргізуге;
2) білім беру ұйымдарының Жарғысын және ішкі тәртіп қағидаларын орындау бойынша білім алушылармен жұмыс жүргізуге;
3) оқудан тыс қызметті ұйымдастыру мәселелерінде білім беру ұйымының басшылығына көмектесуге;
4) Парламентке түсетін білім алушылардың барлық өтініштері мен арыздарын белгіленген тәртіппен уақтылы қарауға;
5) Парламенттің оқу жылына арналған ережесі мен қызмет жоспарына сәйкесжұмыс жүргізуге;
6) білім алушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдауға;
7) қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға, сондай-ақ білім алушылардың оқуы мен демалуы үшін жағдайлар жасауға көмек көрсетуге;
8) білім беру ұйымы, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, өзге де ұйымдар басшылығының алдында білім алушылардың мүдделерін білдіруге және қорғауға құқылы;
9) білім беру ұйымының басшылығын өз қызметі туралы хабардар етуге міндетті.
6-тарау. Парламент қызметін қамтамасыз ету.
1.Білім беру ұйымының басшылығы Парламент қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасайды, бөлмелерді (кабинеттерді), байланыс құралдарын, ұйымдастыру техникасын және басқа да қажетті материалдарды өтеусіз пайдалануға береді.
Парламент Президенті-Орынбасар Ермахан 11 сынып
Мектеп парламентінің құрылымы.
Құқық және тәртіп фракциясы-Асан Жалғас 10 сынып
Ақпарат фракциясы- Құтжан Маржан 9 сынып
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы- Оразбек Ерасыл 10 сынып
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы- Құтжан Балнұр 10 сынып
Қамқорлық фракциясы- Серік Адия 10 сынып
Мәдениет және өнер фракциясы- Еламан Қарақат 10 сынып
Дебат қозғалысы фракциясы- Шүкір Ақерке 10 сынып
Экология және еңбек фракциясысы- Құдайберен Әділет 10 сынып
Бекітемін
Мектеп директоры
------------ Қ.М.Исмайлова
Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің (ресурстық орталық) «Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
№ | Іс-шараның атауы | Орындалу мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауаптылар |
1 | Іс-шаралар жоспарын құру,бекіту | Қыркүйек | Іс-шаралар жоспарын бекіту | ДТІЖО Тәлімгер |
2 | Өзін-өзі басқау ұйымына белсенділерді жинақтау және іріктеу | Қыркүйек | Белсенділерді анықтау | ДТІЖО Тәлімгер |
3 | «Мектеп парламентінің» құрамын анықтау | Қыркүйек | Сайлау рәсімі | ДТІЖО Тәлімгер |
4 | «Мектеп парламенттері» мектепішілік оқу-тәрбие процесінің ұйымдастыруына қатысу | Жыл бойы | Ұйымдастыру жұмыстары | Тәлімгер Ұйым мүшелері |
5 | «Мектеп парламенті» мектепішілік алқалы органдарының жұмысына қатысу | Жыл бойы | Жұмыс барысымен танысу | Тәлімгер Ұйым мүшелері |
6 | Алғыс айту күніне орай «Алтын жүрек» атты челлендж өткізу | Наурыз | Бейнероликтер әзірлеу | Тәлімгер Ұйым мүшелері |
7 | Мектеп парламент мүшелері арасындағы «Өмір сүр! Жер» тақырыбында экологиялық акция | Мамыр | Акция ұйымдастыру | Тәлімгер Ұйым мүшелері |
8 | Өзін-өзі басқару ұйымының отырысын жасау | Тоқсанына 1 рет | Отырыс жасау | Тәлімгер Ұйым мүшелері |
Жоспарды құрған: Ұ.Ордабаева
Бекітемін
Мектеп директоры
------------ Қ.М.Исмайлова
«Қамқорлық» фракциясының2022-2023 оқу жылына арналған жоспары
№ | Іс-шараның атауы | Орындалу мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауапты |
1 | Іс-шаралар жоспарын құру,бекіту | Қыркүйек | Жоспарды бекіту | |
2 | «Біз біргеміз» | Қазан | Ардагер ұстаздарды құттықтау | Серік Адия |
3 | «Барлық әлем мен үшін» | Қараша | 5-7 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізу | Серік Адия |
4 | «Бәріміз бірдейміз» | Желтоқсан | Үйден оқытылатын балаларға ертегі, көркем шығарма оқып беру | Серік Адия |
5 | «Тәрбие басы - имандылықта!» | Сәуір | Дөңгелек үстел | Серік Адия |
Қамқорлық фракциясының министрі: Серік Адия
Бекітемін
Мектеп директоры
------------ Қ.М.Исмайлова
«Мәдениет және өнер» фракциясының 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары
№ | Іс-шараның атауы | Орындалу мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауапты |
1 | Іс-шаралар жоспарын құру,бекіту | Қыркүйек | Жоспарды бекіту | Еламан Қарақат |
2 | Ұстаздарға арналған “Ұстаз-ұлы есім”мерекелік іс-шара ұйымдастыру | Қазан | Концерттік бағдарлама | Еламан Қарақат |
3 | «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» | Желтоқсан | Мерекелік кеш | Еламан Қарақат |
4 | «Алтын жүрек» Алғыс айту күніне орай челлендж | Ақпан | Челлендж | Еламан Қарақат |
5 | «Ана-өмірдің гүлі» | Наурыз | Мерекелік кеш | Еламан Қарақат |
6 | «Армысың, Әз Наурыз!» 22-наурызға мерекелік іс-шара өткізу | Наурыз | Мерекелік іс-шара | Еламан Қарақат Амантай Гүлназ |
7 | «Бірлігіміз жарасқан» 1 мамырға арналған мерекелік іс-шара | Мамыр | Мерекелік іс-шара | Еламан Қарақат |
8 | «Ұланымыз ұлы елдің» | Мамыр | Мерекелік іс-шара | Еламан Қарақат |
Мәдениет және өнер фракциясының министрі: Еламан Қарақат
Бекітемін
Мектеп директоры
------------ Қ.М.Исмайлова
«Дебат қозғалысы» фракциясының 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары
№ | Іс-шараның атауы | Орындалу мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауапты |
1 | Іс-шаралар жоспарын құру,бекіту | Қыркүйек | Жоспарды бекіту | А.Шүкір |
2 | Жаңа достық, жаңа мүмкіндіктер, жарқын болашақ» | Қазан | Дөңгелек үстел | А.Шүкір |
3 | «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты мерекелік кешке атсалысу | Желтоқсан | Мерекелік кеш | А.Шүкір |
4 | «Армысың, Әз Наурыз!» 22-наурызға мерекелік іс-шара өткізуге атсалысу | Наурыз | Мерекелік іс-шара | А.Шүкір |
5 | «Экология мәселесі» тақырыбында пікірсайыс | Сәуір | Пікірсайыс өткізу | А.Шүкір |
Дебат қозғалысы фракциясының министрі: А.Шүкір
Бекітемін
Мектеп директоры
------------ Қ.М.Исмайлова
«Экология және еңбек» фракциясының 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары
№ | Іс-шараның атауы | Орындалу мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауапты |
1 | Іс-шаралар жоспарын құру,бекіту | Қыркүйек | Жоспарды бекіту | Құдайберген Әділет |
2 | «Таза аула» акциясы | Қазан | Сенбілік жасау | Құдайберген Әділет |
3 | «ХХІ ғасыр жастары есірткі мен СПИД ке қарсы» | Желтоқсан | Дөңгелек үстел | Мектеп медбикесі Ш.Кудабаева Құдайберген Әділет |
4 | «Таза ауа – жанға дауа!» | Ақпан | Баяндама оқу | Құдайберген Әділет |
5 | «Темекі, насыбайдың зияны» тақырыбында сауалнама жүргізу. | Мамыр | Сауалнама алу | Мектеп медбикесі Ш.Кудабаева Құдайберген Әділет |
Экология және еңбек фракциясының министрі: Құдайберген Әділет
Бекітемін
Мектеп директоры
------------ Қ.М.Исмайлова
«Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясының 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары
№ | Іс-шараның атауы | Орындалу мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауапты |
1 | Іс-шаралар жоспарын құру,бекіту | Қыркүйек | Жоспарды бекіту | Құтжан Балнұр |
2 | «Адамның дүниетанымы» атты тақырыпта білім алушылармен дөңгелек үстел ұйымдастыру | Қазан | Дөңгелек үстел | Құтжан Балнұр |
3 | «Тұлғаның қалыптасуы» атты тақырыпта пікірсайыс ұйымдастыру | Желтоқсан | Пікірсайыс | Құтжан Балнұр |
4 | «Тәрбиеден өзін-өзі тәрбиелеуге» тақырыбында 6-7 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізу | Ақпан | Әңгіме жүрзізу | Құтжан Балнұр |
5 | «Мейірімді жүрек» акция ұйымдастыру | Сәуір | Жәрмеңке ұйымдастыру | Құтжан Балнұр |
6 | «Мен қандаймын?» | Мамыр | Тренинг | Құтжан Балнұр |
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясының министрі: Құтжан Балнұр
Бекітемін
Мектеп директоры
------------ Қ.М.Исмайлова
«Спорт және салауатты өмір салты» фракциясының 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары
№ | Іс-шараның атауы | Орындалу мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауапты |
1 | Іс-шаралар жоспарын құру,бекіту | Қыркүйек | Жоспарды бекіту | Е.Оразбек |
2 | «Шынықсаң шымыр боларсың» атты шағын футболдан турнир ұйымдастыру | Қазан | Турнир | Е.Оразбек |
3 | «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» | Желтоқсан | Бастауыш сынып оқушыларымен спорттық ойындар өткізу | Е.Оразбек |
4 | «Темекі, насыбайдың зияны» | Ақпан | 9 сыныптарға Баяндама оқу | Е.Оразбек |
5 | «Бір тал кессең он тал ек» атты акция ұйымдастыру | Наурыз | Мектеп ауласына тал отырғызу | Е.Оразбек |
6 | «Таза аула» акциясы | Сәуір | Сенбілік ұйымдастыру | Е.Оразбек |
Спорт және салауатты өмір салты фракциясының министрі: Оразбек Ерасыл
Бекітемін
Мектеп директоры
------------ Қ.М.Исмайлова
«Ақпарат» фракциясының 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары
№ | Іс-шараның атауы | Орындалу мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауапты |
1 | Іс-шаралар жоспарын құру,бекіту | Қыркүйек | Жоспарды бекіту | Құтжан Маржан. |
2 | «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» | Қараша | 5 сыныптармен жиналыс жасау | Құтжан Маржан. |
3 | Мерекелік күндерге байланысты өзін-өзі басқару ұйымы мен сыныптардың қабырға газеттерінің, құттықтауларының шығуын қадағалау | Мереке сайын | Қадағалау жұмыстары | Құтжан Маржан. |
4 | Мерекелік кештерге білім алушылардың қатысуын қадағалау | Мереке сайын | Қадағалау жұмыстары | Құтжан Маржан. |
5 | «Алға ұмтылған Қазақстан!» | Сәуір | Дөңгелек үстел | Құтжан Маржан. |
Ақпарат фракциясының министрі: Құтжан Маржан.
Бекітемін
Мектеп директоры
------------ Қ.М.Исмайлова
«Құқық және тәртіп» фракциясының 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары
№ | Іс-шараның атауы | Орындалу мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауапты |
1 | Іс-шаралар жоспарын құру,бекіту | Қыркүйек | Жоспарды бекіту | Б.Асан |
2 | Ұлдар жиналысын жасау | Қыркүйек | Жиналыс өткізу | Б.Асан |
3 | Сыныптармен байланыс жасап, бұзықшылық жасайтын оқушыларды болдырмаудың алдын алу | Үнемі | Қадағалау жұмыстарын жүргізіп отыру | Б.Асан |
4 | «Заңды білу – заман талабы» | Мамыр | Дөңгелек үстел | Б.Асан |
Құқық және тәртіп фракциясының министрі: Асан Жалғас
Әкім Тарази атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)
«Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған
2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Мектеп тәлімгері: Ұ.Ордабаева
2022-2023 оқу жылы