Жас мамандар байқауы өтілді
Мектепте былтырғы оқу жылында 5 жас маман болды. Оларға қыркүйек айында тәлімгерлер бекітіліп, қыркүйек айында мектеп құжаттарын жүргізу туралы инструктаж жүргізілді. Қазан айында жас мамандардың сабағына қатысып, қиналатын тұстары нақтыланып, тәжірибелік көмек көрсетілді. Қараша айында мектеп психологы Г.Түстікбаева «Өзін-өзі ашу» тренингін өткізді. Желтоқсан айында жасмамандардың сабақтарын талдау мен коррекциялау мақсатында сабақтарына қатысып, өзін-өзі талдауға үйреттік. Қаңтар айында бекітілген тәлімгерлер жас мамандармен атқарған І жартыжылдықтағы жұмыстарының есебін берді. Наурыз айында Х.Махатова, Д.Қаржаубаева, Г.Баймулдаева«Lesson Study әдісін қалай жүргізуге болады?» тақырыбында жас мамандарға көмек көрсетті. Наурыз айында «Талантты ұстаз –дарынды балаларға» атты сайыстың І турыболып өтті. ІІ туры мамыр айының аяғында өтті. Сәуір айында жас мамандар онкүндігі ұйымдастырылып өтілді.