Әкім Тарази атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) кәсіби бағдар беруші педагогының 2024-2025 оқу жылына талдауы
Әкім Тарази атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)
кәсіби бағдар беруші педагогының 2024-2025 оқу жылына талдауы
Мақсаты:
білім алушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптіксалаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына көмек беру;
Міндеттері:
- білім алушыларға мамандықтар әлемітуралы біртұтас мағлұмат беру;
-білім алушыларыдың өз қызығушылығын;
-бейінін;
- қабілетін анықтауы үшін арнайы сауалнамалар жүргізу;
- кәсіптер бойынша адам қасиеттерінің ерекшілігімен таныстыру;
-білім алушының өзінің танымдық және жеке бас ерекшеліктері мен таңдаған кәсіптік саласына қажет кәсіби сипаттамаларды ұштастыра отырып, кәсіби жолын анықтауына жағдай туғызу.
Кәсіби бағдар беруге байланысты атқарылатын жұмысының жылдық жоспары құрылып, бекітілді.
Қыркүйек айында мектеп фоесіндегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары, кәсіптік бағдар беру кабинетіндегі материалдарды жаңарту және оны өзекті ақпаратпен жүйелі қамтамасыз ету бойынша әдістемелік материалдармен толықтырылды.
2024-2025 оқу жылына 1-11 сынып білімалушыларының тізімі құрылып, жинақталды.
2023-2024 өткен оқу жылы бойынша мектеп түлектерінің, 9,10,11 сынып білімалушыларының кәсіби бағдар нәтижесін талдау мақсатында сараптама жасалды.
9-11-өңірлік еңбек нарығы туралы, білім алушыларды ақпараттандырылды. Өндіріс түрлерімен таныстырылды.Таңдалған мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту мүмкіндіктерімен таныстырылды.
Таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша кеңес берілді.https://www.bagdar.kz/kz/Proforientatio
Қазан айында 11- сынып білім алушыларына арналған «Мамандық туралы не білесің?» сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды.
Қазан айында 9- сынып білім алушыларымен «Болашақтағы менің кәсібім» тақырыбында эссе алынды.
Қазан айында 10-11 жастағы білім алушыларды https://qabilet.elbasyacademy.kz/ сайтына тіркеп, тест жұмыстарын орындады.
Қазан айында 4-сынып білім алушылары «Кім боламын?» тақырыбында сурет салды.
Қазан айында 9, 10 , 11- сынып білім алушыларымен жүргізілген тұлғаның қызығушылығын, қабілетін айқындау мақсатында, Д.Голланд әдісі «Тұлғаның типтерін анықтау» тесті алынды. Әр бағанда 29 сұрақ бар.1баған 1-29 дейін, 2 баған 30-58 дейін, 3 баған 59 - 87–дейін, 4 баған 88 – 116 дейін, 5 баған 117- 145 дейін, 6 баған 146 - 174 дейін, 7 баған « +» - бұл бағанда өзің үшін ұнамды жауаптарды белгілейді.
8 баған « - » -бұл бағанда ұнамсыз жауаптар белгіленеді.Білім алушының басты қызығушылықтарын анықтау үшін сұрақтар тізімі ұсынылады. Әр сұраққа зейін қойып , дәл жауап беруге тырысады.Егер сұралып отырған нәрсенің білім алушыға ұнайтынына бірнешерет көз жеткен болса, онда сол сұрақтың тұсына /++/ екі қосу белгісін қояды. Егер жәйғана ұнаса онда « + » бір қосу белгісін қояды. Егер жауап бере алмаса, өз-өзіңе сенбесе - 0 /ноль/ қояды, ұнамаса - /-/ алу , егер мүлдем ұнамаса екі /- -/ белгісің қояды. Бірде бір сұрақты тастамай, барлығына түгел жауап береді.Парақты толтыру уақыты шектелмейді. Бланкіге жауаптарың жазып болған соң, әр баған бойынша ұнамды /оң/ жауаптарын санап шығады.Алынған деректерді талқылай отырып, осы әдістеменің көмегімен алынған деректер қызығушылықтардың аясын анықтап қана қоймай, сондай ақ болашақ мамандықты таңдау ынтасын қалыптастыруда маңызды орын алатын қызығушылықтардың байқалу айқындығының деңгейін де анықтауға көмегін тигізді.
Қараша айынында 7-8 сынып білім алушыларынан Сьюзен Деллингер әдісі. «Психогеометриялық тест » жеке тұлғаны фигуралар арқылы тест алынды.
Қараша айында 9-11 сынып білім алушыларына арналған https://baribar.kz/51966/11-synyp-oqushylaryna-mamandyqtar-men-olargha-qazhetti-tanhdau-panderi/онлайн тесттерге тіркеліп, қатысып қорытындысы шығарылды.
Қараша айында 9,10,11- сынып білім алушыларына «Мамандық қалай таңдаймын?» мамандықты оңай көмектесетін ең үздік сұрақтар қойылып, ютуб желісінен мамандыққа байланысты бейнеролик көрсетілді.
Қараша айында 5- сынып білім алушыларынан «Мен өскенде кім боламын?» тақырыбында эссе алынды. Тілеубай М. – полиция, Тілеухан Ф.Қалдарбек Д. - стюардесса,Шүкір А.Жұматай ,Ә.Молдақұл- дәрігер, Төленді Ж.-әнші. Жексен А.-фудболист. т.б мамандық иелері болғысы келетіндерін жазған.
9-сынып білім алушыларын Жамбыл ауданы Тастөбе ауылында орналасқан «Қызыл дихан» шаруа қожалығының жұмыс барысымен таныстырылды.
Желтоқсан айында 9-11 сынып білім алушыларына арналған «Менің болашақ мамандығым» http://kasiptest.kz/тақырыбында онлайн тесттерге тіркеліп қатысты. Оқушылардың мамандыққа деген қызуғушылықтары артты. Сауалнама, тест жұмыстары алынған сайын оқушыларға мамандық таңдау үлкен жауапкершіліктен тұратынын баса айтамыз. Болашақта еш қателесуге болмайтынын жете түсіндірді. Оқушыларда жауапкершілік деген қасиеттін жете сезінеді.
Желтоқсан айында 11-сыныпқа «Сатылған өмір» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Мақсаты: Бейне роликті көрсету арқылы білім алушыларға мамандық туралы ақпарат беру. Адалдыққа тәрбиелеу. Өмірде бәрі сатылмайтынын әңгімелесу арқылы оқушыларға жеткіздік. «Білім инемен құдық қазғандай» деп дана халқымыз бекер айтпаған, оның мағынасында қаншама сөздер жатқанын оқушылардың бойына сіңірдік.
Желтоқсан айында 6-сынып оқушыларынан «Графикалық тест» алынды.
6 «А» сыныбында тестке 11,6 «Ә» сыныбында 10 оқушы қатысты. Қатыспағандар саны: 4. Жоғары - 16 оқушы, орташа - 5.
9- сынып білім алушыларымен кәсіби мінез-құлық типін анықтау мақсатында «Сенің кәсіби ой-ниетің » сауалнамасы алынды.
Мектеп жоспарына сай 9-сынып оқушыларының кәсіби ой-ниетін анықтау мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылып, жұмыс жүргізілді:
1. 9-сыныпты бітірген соң не істемек ойың бар?;
2. Ата-анаң қандай ақыл-кеңес береді?;
3. Таңдап отырған мамандығыңның мазмұны туралы білесің бе?;
4. Таңдаған мамандығыңның адамға қоятын талаптары туралы білесің бе?;
5. Таңдаған мамандығыңа қажет болатын жеке қасиеттеріңді, қабілеттеріңді, икемділіктеріңді қалай дамытасың?;
6. Өзіңнің кәсіби ой-ниетіңді іске асыра аламын деп есептейсің бе?;
7. Негізгі жоспарыңды іске асыра алмаған жағдайда қолданатын қосалқы жоспарың бар ма?
Оқушылардың кәсіптік ой-ниеті анықталып, пайыз деңгейі кестеге жазылды.
«Әсемдік әлемінің шеберлері» айлығы
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатына бағытталған жоспарға сәйкес акпан айында «Мамандық таңдау әр кімнің қалауы» тақырыбында сулулық салоны маман иелерімен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Болашақ мамандық иелеріне дұрыс бағыт-бағдар беру және мамандық иелеріне болашақта дұрыс таңдау жүргізуге жол көрсету болып табылады.
https://www.facebook.com/share/v/197Fs85r6E/
«Домбыра шеберханасына саяхат»
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған жоспарға сәйкес наурыз айында «Кәсіпті нәсіп еткен қолөнер шеберлері» тақырыбында домбыра шеберханасына саяхат жасады.
Мақсаты: Оқушыларға мамандық және оны алу жолдары туралы жеткілікті ақпарат беру. Таңдалған кәсіптің мазмұны мен еңбек жағдайлары туралы нақты түсінік болмаса, оқушы оны дұрыс таңдай алмайды. Бұл жағдайда ақпараттың жеткіліктілігінің көрсеткіші оларға мамандықтың адамға қойылатын талаптарын, оны алудың нақты орнын, қоғамның осы мамандарға деген қажеттіліктерін нақты көрсету болып табылады.
https://www.instagram.com/reel/DJY8fGZMLoc/?igsh=ZHV2emRlZGtlNDlt
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған жоспарға сәйкес сәуір айында «Ауыл шаруашылығы түрлері: бүгіні мен болашағы» тақырыбында Ә.Тарази, Еңбек, №3, Жамбыл, Бірлесу-Еңбек, Қ.Сартбаев мектептері бірлесе отырып Тастөбе ауылының ауыл шаруашылығына саяхат жасады.
Мақсаты: Оқушыларға ауыл шаруашылығы мен оның салалары туралы кеңінен түсінік беру; материалдық өндірістің ең маңызды түрлерімен таныстыру; Мамандық және оны алу жолдары туралы жеткілікті ақпарат беру.
Ауыл шаруашылығы -материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі.Екі үлкен сала: өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығынан тұрады.Осы орайда мектеп бітіруші түлектердің мамандық таңдауда ақпараттың жеткіліктілігінің көрсеткіші оларға мамандықтың адамға қойылатын талаптарын, оны алудың нақты орнын, қоғамның осы мамандарға деген қажеттіліктерін нақты көрсету болып табылады.
Жоспарға сәйкес Ә.Тарази, Еңбек,№3, Жамбыл, Бірлесу-Еңбек,Қ.Сартбаев мектептері бірлесе отырып, агроөнеркәсіпті кешенді көру мақсатында 11 сынып оқушылары Жамбыл ауданы Тастөбе ауылына саяхат жасады.Тастөбе ауылының өсімдік шаруашылығы мен материалдық базасын көріп, техника түрлерін, шаруашылыққа пайдаланылатын қоспалар жайлы мол мағлұмат жинап қайтты. Аталмыш техникаларды егістікте жұмыс барысында қолданылуын, олардың қызметі туралы көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, агроном, диқан, жалпы ауыл шаруашылығының белгілі бір саласына бейімделу ауылдағы еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды одан әрі арттыру үшін кең мүмкіндіктер ашатынын түсініп қайтты.
https://www.instagram.com/reel/DJY8fGZMLoc/?igsh=ZHV2emRlZGtlNDlt
Мамыр айының басында 11-сынып ата-аналарымен кездесу ұйымдастырлып, сауалнамалар алынып, болашақта таңдап отырған мамандығы жайлы қысқаша мәлімет берілді.
Анықтамалар мен хаттамаларыдың фото есептірінің бәрі түгел жинақталып папкаға салынып, мониторинг сараптамасы талданып, қорытындылау жұмыстары жүргізіліп, жылдық есеп жазылды.
Ұсыныс:
1. 9-11 сынып білім алушыларының ата-аналарымен кездесулер және сауалнамалар, түсіндірме жұмыстары жиі ұйымдастырылса.
2. 9-11сынып оқушыларын ЖОО ашық есік күніне жылына 3 рет апарса.
Кәсіби бағдар беруші педагог: Қ.Молжігіт