Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (ресурстық орталық) 2023-2024 оқу жылындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысының есебі. » Сш им Тарази
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Тарази атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (ресурстық орталық) 2023-2024 оқу жылындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысының есебі.
20
июнь
2024

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (ресурстық орталық) 2023-2024 оқу жылындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысының есебі.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (ресурстық орталық)

2023-2024 оқу жылындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер 

ұйымының жұмысының есебі.

Мақсаты:  Көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін     дамытуға  бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту 


Мінтеттері: 

*  Балалар мен   жасөспірімдердің  азаматтық  белсенділігі   мен   саналылығын арттыру; 
 * Танымдық  жұмыстарға  ынталандыру; 
 * Балалар мен жасөспірімдердің   зияткерлік,  шығармашылық және әлеуметтік  дамуы  үшін  қолайлы   жағдай  жасау;
 * Жауапкершілік  пен еңбек сүйгіштікті  қалыптастыруға,  көшбасшылық   және  ұйымдастырушылық   қабілеттерін      

    дамытуға   бағытталған  баланың  жеке   тұлғалық   қасиеттерін дамыту. 

* Өз  елінің  тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде  жас ұрпақтың бойында  рухани-адамгершілік  қасиетті     

    қалыптастыру; 



«Жас Ұлан» ұйымының бағыттары: 

1. Атамекен - патриоттық бағыты; 

2. Зерде  - зерделі   түрде  алдына   мақсат   қоя білу, оған жете білу, жобалар жасап, жүзеге асыруға жетелеу бағыты; 

3. Руханият – жоғары –рухани –адамгершілік құндылықтар, гуманистік, көркем- эстетикалық  қасиеттерге тәрбиелеу бағыты; 

4. Салауат – бойларын жаман қасиеттерден аулақ ұстайтын, салауатты өмір салтын ұстанған, спортпен шұғылданатын, тәнін түзулікке баулитын бағыты; 

5. Экоәлем – қоршаған ортаны аялау, жан-жануарларға қорған болу, экологияны жақсартуға бағытталған жобалар жасауға баулитын бағыт; 

6. Еңбек – еңбексүйгіштік, іскерлік бағыты; 

7. Жеті жарғы – құқықтық бағыты 


Әкім Тарази атындағы тірек  мектебінде (ресурстық орталық) «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы жұмыс жүргізуде. Ұйымға жыл басында аға тәлімгер Ұ.Қ.Ордабаева  жетекшілік етті. Ұйымда жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұйымға жылына үш рет «ЖасҚыран» тобына 1-4 сынып оқушылары, «ЖасҰлан» тобына 5-10 сынып оқушылары қабылданады. 









 Мектебімізде 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мектебім-мейірім мекені» атты  салтанатты  мерекелік жиын өтті. Жиынымызда мектепке алғаш қадам басқан бүлдіршіндерімізді ортаға шақырып 1-сынып орнына тұрғызылды. АӘД пәнінің мұғалімі Олжатаев Алтынхан Айтбекұлы сапқа тұрғызып, Қазақстан Республикасының Туын   көтеріп, мемлекеттік Гимні орындалды.

Жиынымызда алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Исмайлова Қалила Мамадияр қызына    берілсе, мектеп бұйрығымен   директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ноғайбаева Майра Әбденбайқызы  таныстырды. 

Ауданнан келген қонақтарымыз -  аудан әкімі аппараты ұйымдастыру инспекторы Байдалиев Асқар Маратұлы және  Көлқайнар ауылдық округінің бас маманы Мыхаев Әлібек Сейдуалыұлы  ұстаздар мен оқушыларға   өз ақ  тілектерін арнап  сөз сөйледі.

1 –сынып оқушысылары тақпақ , 7 сынып Сатыбалды Алуа «Ұстазым » әнін орындады , 6 сынып оқушылары биі, 5 сынып оқушылары «Құпия кітап»биі,Әлиев Нұрмұхаммед «Анамның тілі» әнін орындады .

Алғашқы қоңырау   соғу құрметіне   11- сынып оқушысы Таймас Аруна  мен 1- сынып оқушысы  Андрян Мұстафа  ие болды.

Салтанатты жиын 2023-2024 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасып, сынып жетекшілер өз сыныптарында «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.

            Мектебімізде қыркүйек айының  7-күні    2-11 сыныптар арасында «Салауатты өмір –көтеріңкі көңіл»  атты спорттық жарыс  болып өтті. 

Мақсатымыз оқушыларға салауатты өмір сүру салтын насихаттау, қоғамды кері кетіретін жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және басты байлық – денсаулық, ал оны сақтау жолы – спорт екенін ұғындыру. Таңғы жаттығу өткізіліп мектеп медбикесі Ш.Кудабаева баяндама оқыды. «Жас Ұлан » ұйымының белсенді мүшелері атсалысты.  

   Жарыста 2-4 сынып арасында «Қозғалмалы ойындар»

  1. Допты себетке лақтыру
  2. Допты екі аяқтың ортасына қысып жүру
  3. Қаппен жүру
  4. Кедергілер арқылы жүру
  5. Арқан тартыс

  Денешынықтыру пәнінің мұғалімі А.Алшынбаева  өткізді.

        5-8 сыныптар   арасында «Кіші футболдан»  жарыс өткізілді. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Т.Көпбаев   9,10 сынып арсында  «Баскетбол » ойынына сыныптар арасында қызықты жарыстар өткізілді. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі С.Бөгенбаев оқушыларды қызықтыра отырып жарысты өткізді. Салауатты өмір салты  спорт денсаулық кепілі .

        Мектебімізде   қыркүйек айында Оралхан Бөкейханның 80 жыл туылған күніне орай 5-10 сынып білімалушылары арасында   үздік мақала  өтілді.    Мұндағы мақсатымыз – ақынның өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.     Ақынның жүрегінен шыққан өлең жолдарын оқып, сөзіне жазылған әндерін орындады. Мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаева мен қазақ тілі пәні мұғалімдерінің  атсалысуымен өткізіліп ұйымдастыруылды.Аудандық үздік мақала   мұшайрасына 14-17 жас аралығындағы   төмендегі оқушы жіберілді.

  1. Құтжан Маржан 10 сынып   14-17 жас

     Әкім Тарази атындағы тірек  мектебінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұланбасы» мен «Мектеп президенті»  сайлауы өтті.

      «Ұланбасы» - «Жас Ұлан» көшбасшысы мен  «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымының  мектеп президенті  оқушыларының қоғамдық қызметін басқарады, оқушылар мен мектеп әкімшілігінің өзара қатынастарын жүзеге асырады, мектеп қызметін жақсарту мақсатында өзінің және оқушылардың атынан ұсыныстар енгізеді, оқушылар мен ұстаздар арасында туындаған мәселелерді шешуге атсалысады, Түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады. Мектептердегі «Ұланбасы» «Мектеп президенті» сайлауы жасырын дауыс беру арқылы жалпыға ортақ, бірдей және тікелей сайлау құқығын негізге ала отырып өткізілді. «Ұланбасы» сайлауына 4 үміткер түсті. Үміткерлер 8 –10 сынып оқушылары: Бегманова Нұржамал, Нұрболатқызы Нұрай ,Құтжан Маржан, Амантай Гүлназ. Сайлауалды ақпараттық насихат жұмысы келесі бағыттарда іске асырылды:
 •көпшілікке арналған сайлауалды шаралар өткізу арқылы (сайлауалды жиналыстар, көпшілік алдында сайлауалды пікірталастар ұйымдастыру);•
 • ақпараттық материалдар басып шығару және тарату арқылы.
 •үміткерлер өзінің болашақ әрекеті туралы сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
         Сайлауға 5 – 11-сынып оқушылары және мектеп ұстаздары дауыс берді. Дауыстарды есептеу нәтижесі сайлау комиссиясымен тексеріліп, сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қоятын хаттамаға тіркеледі. Ең көп дауыс жинаған үміткер 8 сынып білім алушысы   Нұрболатқызы Нұрай  «Ұланбасы» болып сайланып, «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымына  мектеп президенті болып 10 сынып білім алушысы Құтжан Маржан оқушылардың және ұстаздардың алдында салтанатты түрде ант берді.

Мектебімізде   22 қыркүйек күні   «Жас Ұлан » бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшелері  жұма күні оқушылардың тазалығы мен  кітап ,күнделіктері тексеріледі. Әр дүйсенбіде мектебімізде лездеме болады .  5- 10 сынып кезектесіп апта сайын кезекші сынып болады.Сынып жетекшілері де бірге   кезекшілік атқарады. Оқушылардың тазалықтары,сабаққа қатысулары,тазалықтары жайлы сөз болады. Сонымен қатар, мектепішілік іс-шараларға толық атсалысу керектігі айтылды.   Жалпы мектепте ешқандай оқушылар көп уақыт сабақтан себепсіз қалып, ешқандай құқық бұзушылық орын алып жатқан жоқ. 

     Әкім Тарази атындағы тірек мектебінінде (ресурстық орталық)               2023 жылдың 29 - ші қыркүйек күні «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері мен «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшелерінің қатысыуымен « WoridCieanupday » Дүниежүзілік  Тазалық күні атты тазалық акциясы өтіп 5-10 сынып оқушылары мектеп ауласын тазарту жұмыстары жүргізілді. Акцияны ұйымдастырған   ДТІЖО   Е. Баймұрзаев, «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы Нұрболатқызы Нұрай, мектеп президенті Құтжан  Маржан «Экология және еңбек фракциясы » министрі Сатыбалды Дінислам  және мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаева .   

Қыркүйек айының 29- ы  білім алушылардың  ұқыптылық, жауапкершілік, тазалық дағдыларын арттыру мақсатында 1-10 сынып білім алушыларының кітаптарын «ЖасҰлан» ұйымының ұланбасы- Нұрболатқызы Нұрай , кітапханашы- А.Жамансариева және мектеп тәлімгері , ұйымның белсенді мүшесі- Алтай Гүлдана ,Бегманова Нұржамал тексеріп шықты. Тексеру барысында кітабы қапталмаған білім алушыларға   ауызша ескерту берілді, сынып жетекшісіне ескертілді. 

Қыркүйек айында   білім алушылардың  ұқыптылық, жауапкершілік, тазалық дағдыларын арттыру мақсатында 1-10 сынып білім алушыларының кітаптарын « Өркен» өзін-өзі ұйымының президенті мен фракция мүшелері , кітапханашы- А.Жамансариева және мектеп тәлімгері , тексеріп шықты. Тексеру барысында кітабы қапталмаған білім алушыларға  ауызша ескерту берілді, сынып жетекшісіне ескертілді. 

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (ресурстық орталық)  29.09.2023 жылы 1 қазан қарттар күніне орай зейнеткер ұстаз Бақбергенова Ғалия апаймен  кездесу өткізілді. 

Кездесудің мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру,үлкенді сыйлау, инабаттылыққа,жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері  8-10 сынып оқушылары  зейнеткер ұстазға үй шарушылығына көмек көрсетті. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы Нұрболатқызы Нұрай мен «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымы мектеп президенті Құтжан Маржан және  ұйым белсенді мүшелері мен фракция  министрлері зейнеткер ұстазға өз ақ тілектері мен құттықтауларын өлең жолдарымен жеткізді. Зейнеткер ұстаз Бақбергенова Ғалия апай келіп құттықтап жатқан ұстаздар мен оқушыларға өз алғысын айтып батасын берді. Мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы Упекова Сағила ұлағатты  ұстазды мерекесімен құттықтап сый сыяпатын тарту етті. 

Зейнеткер ұстазбен естелікке суретке түсіп, жақсы көңіл күй сыйлап қайтты. Кездесуді ұйымдастырған мектеп тәлімгері  Ордабаева Ұлжан.

      Мектебімізде   9 қазан  күні   мектеп тәрбие фракциясы  «Жас Ұлан » ұйымы  екеуі рейд жүргізді.  Әр жұма күні оқушылардың тазалығы мен  кітап ,күнделіктері тексеріледі. Әр дүйсенбіде мектебімізде лездеме болады .   5- 10 сынып кезектесіп апта сайын кезекші сынып болады.Сынып жетекшілері де бірге  кезекшілік атқарады. Оқушылардың тазалықтары,сабаққа қатысулары,тазалықтары жайлы сөз болады. Сонымен қатар, мектепішілік іс-шараларға толық атсалысу керектігі айтылды.  Жалпы мектепте ешқандай оқушылар көп уақыт сабақтан себепсіз қалып, ешқандай құқық бұзушылық орын алып жатқан жоқ. 

Әкім Тарази атындағы тірек мектебі  (ресурстық орталық)   5 қазан Ұстаздар  күніне орай 03.10.2023 жылы  зейнеткер ұстаздар Бақбергенова Зәуреш, Абденбаева Баян, Шалхарова Жұпар, Қарақойшиева Алтын, Бақбергенова Зәуреш апайларды үйлеріне барып төл мекекелерімен құттықтап барды.  Зейнеткер ұстаздарымызға мектеп директоры К.М.Исмайлова, ДТІЖО:Е.Баймұрзаев,   кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Упекова, мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаева мен әлеуметтік педагог Ж.Молдабеков ақ тілектері мен құттықтауларын  жеткізді. Зейнеткер ұстаздарға  сый сыяпатын тарту етті. Зейнеткер ұстаздарбен естелікке суретке түсіп, жақсы көңіл күй сыйлап қайтты

Ұстаз —  ұлағатты есім. Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде еңбектеріңіз зор. Құрметті ардагер  ұстаздар, сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер !

  Мектебімізде  2023 жылдың   қазан айының 6-ы күні Ұстаздар мерекесіне орай    «Ұстаз-ұлы есім !»    атты концерттік бағдарлама болды.

   Мұндағы мақсатымыз – оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіріп, еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. 

   Кешті   «Жас Ұлан» ұйымының  белсенді мүшелері 8 сынып білім алушыларының   «Қазақша» биімен ашылып.Сөз кезегі Жамбыл ауданы білім бөлімінің әдіскері Сандуғаш Мұратқызы Білім министрі Ғани Бесембаевтың мектеп ұжымына берілген алғыс хатын мектеп директоры Калила Мамадиярқызына  табыстады. Мектеп ұстаздарын «Ұстаздар күні» мерекесіне орай  жастарға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жемісті еңбегі мен білім беру саласының қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін ұстаздарды марапаттады. Көлқайнар ауылдық партия ұйымының төрағасы «Аманат » партиясының құрмет грамотасын технология пәнінің мұғалімі Т.Орынбасарұлына табыстады. Аудандық кәсіподақ ұйымының алғыс хатын ДТІЖО Е.Баймұрзаев пен бастауыш сынып мұғалімі Г.Түстікбаеваға кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Упекова табыс етті. Аудандық білім бөлімінің  құрмет грамотасымен «Балапан» шағын орталық тәрбиешісі Г.Тастанбекова,география пәні мұғалімі Ж.Игілікова мен қазақ тілі пәні мұғалімі  Б.Жұбаевалар  марапатталды. 

    «Жас Ұлан» ұйымының  белсенді мүшелері 6«ә» сынып қыздары «Кел балалар, келіңдер », хор Жас ұстаздардың орындауында «Ұстаздың ұстазы-Ыбырай ата» , «Жас Ұлан» ұйымының   белсенді мүшесі   6 сынып Кеңесбай А монолог «Ұстазым», Алиев Нұрмұхаммед «Ұстазым» әні, «Жас Ұлан» ұйымының  белсенді мүшелері Дүйсенбек Ақсезім  мен Бақытжан Көркем  «Ұстазым» әнін, «Өркен»өзін –өзі басқару фракция мүшелері  9 сынып білім алушылары «Өзбекше би», «Жас Ұлан» ұйымының   белсендісі   7 сынып білім алушысы Сатыбалды Алуа «Ұстазым» әнін, 6 «Ә» сынып білім алушыларының «Жаяу »  биін биледі.

 « Әнұран айту»   челленджі

Мақсаты: 

*білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері :

*білім беру ұйымдарының барлық білім алушыларының ел әнұранының  мәтінін жатқа айту.

*еліміздің мемлекеттік рәміздерін деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ету.

*білім алушылардың бірлігі арқылы өз Отаны үшін қадір қасиет сезімін қалыптастыру.

     Мектебімізде   25 қазан Республика күніне орай  «Менің Отаным – Қазақстан » атты іс-шара өткізілді. « Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «Өркен »  өзін-өзі басқару ұйымы белсенді мүшелерінің атсалысуымен ұйымдастырылып өткізілді.

     Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге,Қазақстанда  тұратынын мақтаныш етуге,туған халқының тілін,мәдениетін,салт –дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын,Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін ,тарихын білуге тәрбиелеу. 

1.Ән ұран

2. Директор сөз сөйледі

3. Би . 7  «А» сынып қыздарының  «Қамажай » биін қабыл алыңыздар .

4.Отан,туған жер туралы жыр шумақтарын қабыл алыңыздар,ортада                                                                         5 «А» және 5 «Ә» сынып оқушылары

5. 7 сынып   білім алушысы Сатыбалды Алуаның   орындауында                «  Қазақстан     »   әні қабыл алыңыздар

6. Жас ұланға қабылдау

7.Келесі кезекте  7 «А» сынып  «Қазақстаным   » әні  Серікхан Асылжан қабыл алдыңыздар

8.Келесі кезекте  «Жас Ұлан » ұйымы мен «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшелері   орындауында Міржақып Дулатовтың «Оян қазақ»  үзінді   қойылым

9.Сахнада  6 «А » сынып оқушыларының  патриоттық   биін тамашалаңыздар.

10. 6 «Ә» сынып  оқушыларының  «Өз елім» әнін қабыл алыңыздар.

11.Мектеп оқушыларынан ұйымдастырылған «Балдәурен»  үйірмесінің орындауында хор    «Қазақстан қырандары » 

12.Мектеп оқушыларынан ұйымдастырылған «Балдәурен»   үйірмесінің орындауында хор    Ескендір Хасанғалиевтің әні « Атамекен » әні 

Мектебімізде 25 Қазан-Республика күніне орай " Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.     Мақсаты: Оқушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.

            Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің тәлімгер Ұ.Ордабаеваның ұйымдастыруымен қараша айында  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің қатысуымен  7 қараша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған күнге орай  «Жан жылуы балаға!» атты А.Әлиевамен үйіне барып  кездесу өткізілді.  «Жас ұлан» ұйымы Ұланбасы Нұрболатқызы Нұрай және ұйым белсенділері А.Кеңесбай  М.Мақатаевтың сезімге, адамгершілікке толы өлеңдерінен үзінді оқыды.    Мектеп «Жас ұландықтар »  естелікке  сыйлықтар табысталды.

     Әкім Тарази атындағы тірек  мектебінде қараша айында Теңгенің қолданысқа енгеніне 30 жыл  «Үздік  жас кәсіпкер» облыстық бейнеролик байқауы мектепшілік «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының  8-10 сынып білім алушылары арасында  ұйымдастырылып өткізілді. Бас жүлдені : Құтжан Маржан 10 сынып білім алушысы « Қазақи нақыштағы киім үлгілерін брендке айналдыра отырып » кәсіп жасау тақырыбында бейнеролигі алса,  І орынды 9 «А» сынып білім алушысы  

Андрян Амина жоба- pinduoduo сайты арқылы кәсіп жүргізу тақырыбында бейнеролигі иеленді.  Барлық қатысушы  білім алушылары алғыс хаттармен марапатталынды. 

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің (РО)  мектеп медбикесі Ш.Кудабаева мен мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаеваның   ұйымдастыруымен   2023 жылдың  17 қараша   күні  «Ерте жүктіліктен сақтану және алдын алу» тақырыбында  ауылдық ФАП фелдшері Р.Балажанова мен акушерка Кураметова С 8-11 сынып   қыздарының арасында  кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты:    ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя білу, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Күн шуағы» жаттығуы, «Қыздарға арналған психологиялық 40 кеңес» жаттығулары жүргізілді. Кездесу нәтижесі бойынша, қыздардың маңызды ақпарат алғандығы анықталды.

     Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің (РО)  мектеп медбикесі Ш.Кудабаева мен мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаеваның   ұйымдастыруымен   2023 жылдың  17 қараша   күні  «Ерте жүктіліктен сақтану және алдын алу» тақырыбында  ауылдық ФАП фелдшері Р.Балажанова мен акушерка Кураметова С 8-11 сынып   қыздарының арасында  кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты:    ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя білу, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Күн шуағы» жаттығуы, «Қыздарға арналған психологиялық 40 кеңес» жаттығулары жүргізілді. Кездесу нәтижесі бойынша, қыздардың маңызды ақпарат алғандығы анықталды.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің (РО)  мектеп медбикесі Ш.Кудабаева мен мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаеваның   ұйымдастыруымен   2023 жылдың  

17 қараша  күні   «Корь» ауруын алдын алу мақсатында түсіндірме өткізілді.  Ауылдық ФАП фелдшері Р.Балажанова мен акушерка Кураметова С5 -10 сынып  білім алушылары  арасында өткізілді.

 Корь,Қызылша (лат.Morbilliағылш.Measles) — бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — дене қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру уақыт өткен сайын асқына түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін 2 немесе 3 күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің әсерінің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндайда дәрігерлік көмекке жүгіну керек. Кездесу нәтижесі бойынша, білім алушылар өте   маңызды ақпарат алғандығы анықталды.

Мектебімізде   21 қараша күні   «Жас Ұлан » бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшелері  оқушылардың тазалығы мен  кітап ,күнделіктері тексеріледі. Әр дүйсенбіде мектебімізде лездеме болады .  5- 10 сынып кезектесіп апта сайын кезекші сынып болады.Сынып жетекшілері де бірге   кезекшілік атқарады. Оқушылардың тазалықтары,сабаққа қатысулары,тазалықтары жайлы сөз болады. Сонымен қатар, мектепішілік іс-шараларға толық атсалысу керектігі айтылды.  Жалпы мектепте ешқандай оқушылар көп уақыт сабақтан себепсіз қалып, ешқандай құқық бұзушылық орын алып жатқан жоқ. 

  Мектебімізде    қазан айында   «Жас Ұлан » бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшелері  мен «Өркен» өзін- өзі басқару ұйымы белсенділері ұйымдастыруымен   «Күз-береке-күз -мереке» атты жәрмеңке 1-10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты : Әлеуметтік  жағдайы төмен   отбасындағы  оқушыларға қыстық  жетіспейтін киім алу.

Жәрмеңкеден  60000 мың тенге жиналды.  Жәрмеңкені ұйымдастырған ДТІЖО Е:Баймұрзаев ,Әлеуметтік педагог Ж. Молдабеков пен мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаева

Әкім Тарази  атындағы тірек мектебінде    «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 11-13  желтоқсан аралығында  «Жас қыран» ұйымының оқушылары арасында яғни 1-4 сынып оқушылары арасында «Сиқырлы қыс» сурет байқауы өткізілді. 

Мақсаты: Бейнелеу өнеріндегі арынды оқушыларды анықтау, оқушылардың  ойлау қабілеттерін дамыту, патриоттық көзқарастарын дамыту. «Жас қыран» ұйымының оқушылары белсене ат салысып, бірінен-бірі өтетін өз қолдарымен салынған сурет туындыларын жарыса « Сиқырлы қыс» тақтасына ілді. Мектепішілік «Сиқырлы қыс» сурет байқауының нәтижесінде: І жүлделі орынды мектебіміздің 4-сынып білім алушысы- иеленсе, 1- сынып оқушысы  -ІІ орынды өз қанжығасына байлап, ІІІ дәрежелі орынды 2-сынып оқушысы - иеленіп, 1-сынып оқушысы – --«Креативті суретші» номинациясымен марапатталды.

    Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде 15.12.2023 жылы Тәуелсіздік күніне орай "Желтоқсан Тәуелсіздік бастауы"атты 1-11сынып арасында тәрбие сағаттары өткізілді. 

Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету.Оқушыларымызға туған өлкенмізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.Елін , жерін сүюге,Отанын қастерлеуге,шыншылдыққа тәрбиелеу.

Мектебімізде 26 -28 ші желтоқсан күні директордың тәрбие   ісі- жөніндегі орынбасары Е.Баймұрзаев   мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаеваның ұйымдастыруымен  1-11 сынып аралығында «Төрле, төрлет, Жаңа Жыл!» атты іс –шара болып өтті. 

 Іс- шараны 1-7 сынып оқушыларының аяз ата биімен ашып, «Балапан», «Ит», «Күлдіргі», «Қара жорға», «Қуыршақ» және «Жентельмен» биін билеп, «Біз шыршаға бардық», «Кел жаңа жыл», «Жаңа жылға тарту» және «Кел төрлет –Жаңа жыл» әндері орындалып көрермендердің көңілін көтерді. 8-11 сынып оқушыларына «Жаңа жылдық бал маскарад» кеші өткізілді. 8 сынып білім алушыларының көңілді ойыны мен 9 сынып білім алушылардың тамаша биін биледі. 9 «ә» сынып «Ән бақыт деген»   биін билесе 11 сынып лотерея ойнатып, 8 сынып қыздары «Қызыл раушан » биін билеп көпшіліктің көңілін көтерді. Мектеп директоры Х.М.Исмайлова ұстаздармен білім алушыларды жаңа келе жатқан 2024 жыл  толағай табысты жақсылыққа толы жыл болсын деп ақ тілегін арнап құттықтады. 

            Мектебімізде   31.01.2024 жылы «Ел рәміздері-ел рухы» атты зияткерлік сайыс «Жас Ұлан» ұйымы белсенді мүшелерімен ұйымдастырылып өткізілді.Сайысқа  «Зияткерлер», «Алаш елі», «Ынтымақ», «Жалын» 4 топ қатысты. Сайыс  3 кеңеңнен тұрды. І – таныстыру, ІІ- сұрақ-жауап,                ІІІ-Рәміздерім мақтанышым.                                                                                Үш кезеңне жақсы көрсеткіш көрсетіп   І –орын «Алаш елі» тобы,                   ІІ- «Ынтымақ» тобы, ІІІ- орын «Жалын» тобы мен «Зияткерлер» топтары   иеленді. 

Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру

   Мектебімізде 14 ақпан күні Ауған соғысының аяқталуына 35 жыл толуына орай айтулы күнді атап өтті. Тарихи оқиға туралы мәлімет беру, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ДТІЖО Е.Баймұрзаев, аға тәлімгер Ұ.Ордабаеваның ұйымдастыруымен "Ауғанның асуында от кешкендер" тақырыбында кездесу өткізді. Жиын ҚР мемлекеттік Гимнімен басталып, қаза болған Ауған соғысы ардагерлерін еске алу 1 минут үнсіздіктен кейін жалғасты.  « Ауған соғысы » туралы бейнефильмдер көрсетілді. Кездесуге Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан  «  Қызыл Жұлдыз » ордені иегері Нұрлан Амангелдіұлы Омаровтың  ата –анасы Омаров Амангелді атамыз қатысты.  Іс-шара барысында "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының 5 сынып үздік білім алушылары өлең жолдарын оқыды. Мектеп білім алушыларынан құрылған  « Балдәурен   »  хор  « Соғыс болмаса екен »,« Жойылсын соғыс » атты  өлеңдерін орындады.Тастөбе ауылдық кітапхана меңгерушісі Бүйембаева Гаухар «Ауған соғыс» тақырыбында баяндама оқыды. АӘД пән мұғалімі Олжатаев Алтынхан 10-11 сынып білім алушылары арасында винтовка атудан жарыс ұйымдастырып өткізді.   Қонаққа келген Омаров Амангелді атамыз ұлы Нұрлан Омаровтың ерліктерімен, естеліктерін ой бөлісіп, ұстаздар мен оқушыларға өз алғысын айтып  батасын берді.  Амангелді атамызға   естелікке сый-сияпаты  берілді. 

      Ақпан айының 16-ы күні Б.Кейкеев атындағы орта мектебінің базасында балалар мен жасөспірімдер арасында интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық біліктіліктерін, отансүйгіштік сезімдерін дамыту, өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру мақсатында аудандық «Үздік ұланбасы» байқауы өтілді. Байқауға Жамбыл ауданы білім бөліміне қарасты 23 мектептің ұланбасылары қатысты. Байқау 1. «Тұсаукесер-визитка» таныстыру (3мин),

 2.«Менің жетістігім – Отанымның жетістігі» қатысушылар ұйымда жүзеге асыруға тиіс санайтындай өз идеялары мен жобаларын таныстырады (3-5 мин),

3.«Өнерлі жастар» (шығармашылық өнер, ән айту, би билеу, аспапта ойнау, мәнерлеп оқу және т.б)(3-5 мин), 

4.«Ұланбасының бір күні» бейнеролик (3-5 мин)- деп аталған  төрт кезең   бойынша өтілді. Барлық кезең бойынша   сынға түскен ұланбасылардың жұмысын, өнерін  Жамбыл ауданы   білім бөлімінің штаттан тыс әдіскері Кеңесова Әдемі Аралқызы, Жамбыл ауданы тәлімгерлерінің үйлестірушісі   Аманжолова Балкүміс Шахизатқызы, №2 орта мектебінің  аға тәлімгері Шығырбаева Ұлмекен Сыбанкұлқызы  бағалады. 

    Байқау нәтижесінде  Бас жүлдені  Айша бибі орта мектебінің  ұланбасы Қаржебай Мағжан, бірінші орынды №3 орта мектебінің ұланбасы Дәулетхан Жансұлу, екінші орындыБ.Бесбаев мектеп гимназиясының ұланбасы Ағасердар Гулназ, Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің ұланбасы Нұрболатқызы Нұрай, үшінші орынды В.Чкалов атындағы орта мектебінің ұланбасы Әуесхан Айым, №6 мектеп-гимназиясының ұланбасы Қамбар Жанерке, Шайқорық орта мектебінің ұланбасы Мірәлі Гүлім алды. 

Бас жүлдеге ие болған Айша бибі орта мектебінің  ұланбасы Қаржебай Мағжан  облыстық   «Үздік Ұланбасы»  байқауына жолдама алды. 

         Мектебімізде 28 ақпан күні 1 Наурыз Алғыс айту күніне орай            «Жас Ұлан» ұйымы белсенді мүшелері мен мектеп білім алушылары      «Алтын жүрек » челленджін өткізді.     

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
 - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
 - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
 - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
 
 

         Мектебімізде  1 Наурыз Алғыс айту күніне  «Жас Ұлан» ұйымы      «Өркен »    өзін –өзі басқару ұйымының   белсенді мүшелері таңертең ұлттық киімде   «Алғыс» әнін айтып, «Алғыс» күніне құттықтау тілектері жазылған алғыс хаттар және тәттілермен қарсы алды. Мектебіміздің кіре беріс фоесіне тілек  жәшігі қойылып оған ұстаздар мен оқушылар өз тілектерін салды.Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту -парызың» тақырыбында  мектеп оқушылар арасында шығармалар жазылды. Алғыс айту тақырыбында сынып сағаттары 1-11 сынып арасында өткізілді.

1 Наурыз Алғыс айту күніне орай  «Алғысым шексіз » атты іс –шара  өткізілді . Іс-шара барысында мектеп директоры Қ.М.Исмайлова сөз сөйледі. «Балдәурен» балалар хоры «Алғыс», «Әкеге алғыс» әнін   8 сынып қыздары «Папури биі»,5-6 сынып білім алушылары тақпақтар айтса,5 «Ә»сынып білім алушысы Алиева Багдана «Мама» әнін  орындады,   8 сынып қыздары Заманауи би  Флешмоб биін билесе , 6 «Ә» сынып қыздары «Қамажай » биін биледі. 

 Мектебімізде 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай                       «Жас Ұлан» ұйымы "Өркен" өзін -өзі басқару ұйымының белсенді мүшелері таңертең ұстаздарымызды әуелеген әнмен, тәттілермен қарсы алды. Аналар мерекесіне орай " Ана -өмірдің шуағы" тақырыбында 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Ана- өмірдің гүлі" атты іс-шараны мектеп директоры Қ.М.Исмайлова мен Көлқайнар ауылдық округінің бас маманы А.Джолтаева сөз сөйлеп ізгі тілектерін білдірді. Қонаққа келген алтын құрсақты аналарымыз Г.Сағынбекова , Г.Тастанбекова , А.Төлебаеваларды мерекемен құттықтап сый сипаттарын табыс етілді.Мерекеге орай Аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымы және мектепшілік марапаттарды ұстаздарымыз бен кіші қызметкерлерімізге мектеп директоры Қ.М.Исмайлова табыстады.Аудандық кәсіподақ құрмет ұйымының грамотасымен Ж. Қалиева ,Г.Тамабаева ,З.Алиева ,Ж .Нұрмағамбетова, Ш.Ізбасарова табыстаса,Аудандық білім бөлімі құрмет грамотасымен , алғыс хаттарымен А.Жамансариева, Р.Байдалиева, Г.Көпадилова , Ж.Дабылбекова, А.Күзтаеваларға табыс етілді.Мектепшілік алғыс хаттарымен Пантаева А,Молжігіт Қ, Керімжанова А,Көделбаева Ж,Мырзалиева А,Меңдібекова С марапатталды. "Балдәурен"балалар хоры "Алғыс", "Анаға салем" әнін , Қ.Молжігіт "Жақсы адамдарым"әні, мектеп түлегі А.Әбдіраман ұстаздарды мейрамымен құттықтау видиосы, 7 сынып қыздары" Қазақ " биі, Н.Әлиев "Анамның тілі"әні, "Өркен"өзін -өзі басқару ұйымының құттықтау видиосы көрсетіліп, 3 сынып білім алушылары "Ана"әнін,9 сынып "Пародия биі", Б.Алиева "Мама" әнін,Қ.Темірлан "Жақсы көрем әже "әні, Жас Ұлан ұйымы "Ретро " би, 6 сынып білім алушылары "Папури" ана туралы әндер айтса,        5 "а" сынып білім алушысы Е.Құтжан мен Ә.Аман " Анаға сый " әнін орындады ,9 сынып қыздары Заманауи би билесе , 6 сынып білім алушысы Қ.Амантай "Әжетайым "әні және музыка пәні мұғалімі Г. Көпадилова " Қайтар маған " әнін орындап жақсы көңіл күй сыйлады.

https://www.instagram.com/p/C4PpmbSM0_8/?utm_source=ig_web_copy_link

Әкім Тарази  атындағы тірек мектебінде наурыз айында    «Жас Ұлан» ұйымы  «Өркен» өзін-өзі басқару ұйым белсенеді мүшелерімен аға тәлімгер Ұ.Ордабаеваның   ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасында «Табиғат  тамашалары » атты   сурет көрмесін сурет пәні мұғалімі Т.Орынбасарұлы  өткізді.

   Мақсаты: Бейнелеу өнеріндегі арынды оқушыларды анықтау, оқушылардың  ойлау қабілеттерін дамыту, патриоттық көзқарастарын дамыту. 

Әкім Тарази  атындағы тірек мектебінде наурыз айында    «Жас Ұлан» ұйымы  «Өркен» өзін-өзі басқару ұйым белсенеді мүшелерімен аға тәлімгер Ұ.Ордабаеваның   ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасында «Эко күнтізбе » айдары бойынша  «Табиғат  тамашалары » атты   сурет байқауы сурет пәні мұғалімі Т.Орынбасарұлы  өткізді. «Ғажайыпқа толы табиғат сырлары » атты эко челленджі 8 сынып білім алушыларымен сынып жетекшісі  Г.Тамабаева мен мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаева ұйымдастырып  өткізді.

Мақсаты: Балаларға қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде екенін түсіндіру. Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, балаларға еліміздің экологиясы, табиғаты жайлы мәліметтер беру.Балаларды елін, жерін сүюге, қадірлеуге және табиғатты  қорғауға, аялауға тәрбиелеу.Сұрақ-жауап арқылы баланың ой-өрісін дамыту, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлеуін қадағалау. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

 Бейнелеу өнеріндегі арынды оқушыларды анықтау, оқушылардың  ойлау қабілеттерін дамыту, патриоттық көзқарастарын дамыту. 

 Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (РО)    20 – Наурыз күні      «Армысың ,Әз Наурыз!»  атты іс-шара барысында  «Жас қыран » мен «Жас Ұлан » ұйымының  белсенді мүшелері қатысты. Даярлық тобы және                1-11 сынып арасында қазақ ұлтының салт дәстүрлерін   дәріптеу       мақсатында  «Салт дәстүрлер» көрінісі көрсетіліп ,сыныптарда   «Қазақ болып тумағанда не етер ем »  тақырыбында  тәрбие сағаттары   өткізілді. 

Мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Мерекелік көңіл - күй қалыптастыру. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт - дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бірін - бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Наурызда сыныптардың өткізетін салт дәстүр атауы.

  1 «А» - Шілдехана                                           1 «Ә» - Ат қою

   2 «А» -     Бесік той                                         2 «Ә» - Құрқынан шығару

  3 «А» -   Иткөйлек                                           3 «Ә» - Сүндет той

  4 «А» -   Тілашар                                              4 «Ә» - Енші

  5 «А» - Айдар,кекіл,тұлым                               5 «Ә» - Бата 

 6 «А» -  Жарапазан                                            6 «Ә» - Ерулік

 7 «А» - Жеті ата                                                 7 «Ә»- Құлақ тесу

  8 «А» - Байғазы                                                 

  9 «А» - Құда түсу                                              9 «Ә» - Құз ұзату

10  «А» -  Бастаңғы                                             11 «А» - Әз-  Наурыз 


Әр сынып өз кабинеттерінде көріністерін көрсетіліп Әз-Наурызға арналған   ақ дастархандарын жайып наурыз көже ішіп жақсы көңіл күймен қайтты. Мектеп алаңында спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді.Арқан тарту,асық ойнау,ләңгі тебуден жарыстар өтті. « Балбырайын »  күй бір мезгілде мектебіміздің білім алушылары орындауында орындалды. 

   Әкім   Тарази  атындағы  тірек   мектебінде (РО) Наурыз   мерекесіне  орай 19 Наурыз  Жаңару    күніне  «Көгеріштендіру» акциясына өтті. « Жас Ұлан », «Өркен» өзін –өзі басқару ұйымының  белсенді   мүшелері  9-11 сынып білім алушылары мен  ұстаздар  атсалысып , мектеп  ауласына   10 туя ,15 арша, 7 тұт    ағашы  және  20 түп раушан гүлдерінің көшеттері  отырғызылды   . 

Мақсаты: Туған жердің   тазалығын сақтау,көгалдандыру жұмысы мен шұғылдандыру және табиғатты сүюге,аялауға қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосу.

Іс-шара   мектеп  ДТІЖО  Е.Баймұрзаев   пен  мектеп тәлімгері  Ұ.Ордабаева      ұйымдастыруымен  өткізілді.   

       Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (РО)  14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі. «Жас Ұлан» ұйымы белсенді мүшелері таңертең мектепке келген ұстаздар мен оқушыларды ұлттық  киіммен  қарсы алып   көрісті.   « Көрісу »  тақырыбында  салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында көрініс көрсетілді. Ұйымдастырған : ДТІЖО Е.Баймұрзаев пен мектеп тәлімгері  Ұ. Ордабаева   

        Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (РО)  16 наурыз -  «Салт дәстүрлер » күні өткізілді. Салт-дәстүрлер – халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, рухани байлығы. Әрбір халықтың өзіндік ерекшеліктері олардың салт-дәстүрлері  көрінеді.  «Жас Ұлан» ұйымы белсенді мүшелері салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында « Жарапазан » көрініс көрсетілді. Жарапазанның негізгі мақсаты —осы қасиетті айда халықты жақсылыққа шақыру. Ол туралы Ахмет Байтұрсынұлы: «Жарапазан — Рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. 

Әкім  Тарази  атындағы   тірек  мектебінде (р.о) Ұлттық ойынымызды ұлықтау  мақсатында  Наурыз   мерекесіне  орай  20 наурыз      күні                    « Ұлттық спорт »    ойыны   өтті. тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту  сияқты ұлттық спорт түрлері « Жас Ұлан » ұйымының  белсенді  мүшелері   5-6,7-8,9-11 сынып білім алушылары арасында өткізілді.

Мақсаты: Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналған.

 Әкім  Тарази   атындағы  тірек  мектебінде (р.о) 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай  флеш моб  өткізілді. « Жас Ұлан » ұйымының  белсенді   мүшелері  6-7  сынып білім алушылары арасында флеш моб  өткізілді. Ұйымдастырған мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаева. 

Мақсаты: Дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Бос уақыттарын жаттығу түрлеріне арнауға үйрету. Ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. 

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (р.о) "Таза Қазақстан" акциясы аясында « Жас Ұлан » ұйымының белсенді мүшелері 5-6-7 сынып білім алушыларымен 2024 жылдың 12 сәуір күні сенбілік өткізілді.
 Мақсаты: Ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.Ұйымдастырған

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (р.о)2024 жылдың 15 сәуір күні "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында "Киелі мекен" апталығына орай тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын тазарту мақсатында ауылдық клубтың алдын « Жас Ұлан » ұйымының белсенді мүшелері 7 сынып білім алушылары мен тазарту жұмыстары жүргізілді.
 Мақсаты: Ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.Ұйымдастырған 

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (Р.О) 2024 жылдың  23 сәуір күні "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Мектеп аумағында тал егу,

талдарды әктеу шараларын « Жас Ұлан » ұйымының белсенді мүшелері мен мектептің  кіші қызметкерлері  жүргізілді.
 Мақсаты: Ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.Ұйымдастырған 

       Әкім  Тарази   атындағы  тірек  мектебінде (РО) сәуір айында «Көгеріштендіру,тал егу » акциясына өтті. « Жас Ұлан », «Өркен» өзін –өзі басқару ұйымының  белсенді  мүшелері   9-11 сынып білім алушылары мен   ұстаздар  атсалысып , мектеп  ауласына   10 туя ,15 арша, 7 тұт    ағашы  және  20 түп раушан гүлдерінің көшеттері  отырғызылды   . 

Мақсаты: Туған жердің   тазалығын сақтау,көгалдандыру жұмысы мен шұғылдандыру және табиғатты сүюге,аялауға қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосу.

Іс-шара   мектеп  ДТІЖО  Е.Баймұрзаев   пен  мектеп тәлімгері  Ұ.Ордабаева      ұйымдастыруымен  өткізілді.   

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (Р.О) 2024 жылдың  30 сәуір күні       1 мамыр – ынтымақ, бірлік күніне орай  «Жас Ұл­ан» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау. Жиынға ме­ктеп мектеп директорын­ың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары   Баймұрзаев Ержан Сембекұлы   «Жас Ұлан»  ұйым­ының белсенді мүшеле­рі, «Өркен»өзін –өзі басқару ұйымы, «Адал Ұрпақ» ері­кті мектеп клубының мүшелері қатысты. Жиынға мектебіміздің озат, үлгілі шәкір­ті ретінде 2-сыныпт­ар арасынан «Жас қыр­ан» ұйымына  10 оқушы, 5-6 сыныптар арасынан «Жас ұлан» ұйымына  20 оқушы қабылданды. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұла­нбасы Нұрболатқызы Нұрай  рапорт тапсырып, оқуш­ыларды ант беру рәсі­міне дайындады. Оқушылар ант қабылда­п, оларға   мектеп ди­ректорының тәрбие ісі жөніндегі орынбаса­рлары Баймұрзаев Ержан Сембекұлы   құттықтау сөз сөйледі.  «Жас Ұлан»  ұймының белсенділе­рі, «Өркен»өзін –өзі басқару ұйымы ,«Адал Ұрпақ» ері­кті мектеп клубының мүшелері галстук пен төсбелгі тақты. 

Мақсаты:  оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат           ұрп­ақтары екендігін тер­ең ұғындыру. Патриот­тық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. Ұйымдастырып өткізген мектеп  тәлімгері   Ұ.Ордабаева

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (Р.О) 2024 жылдың  6 мамыр  күні 

« Жас Ұлан » ұйымы,   «Өркен » өзін-өзі басқару ұйымы ,«Қыз Жібек» клубының  белсенді мүшелері  7- мамыр «Отан қорғаушылар» күніне орай ,9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай мектеп ер ұстаздары мен білім алушы жігіттерді әсем ән мен қарсы алып тәттілер берілді. Үлкен үзілісте жігіттерге арнап заманауи би білеп көңіл көтерді.  «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» тақырыбында 1-11 сынып арасында тәрбие сағаттары өткізілді. 

Мақсаты: Оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

 Ұйымдастырған ДТІЖО:Е.Баймұрзаев пен мектеп тәлімгері Ұ. Ордабаева мен мектеп президенті М.Құтжан 

Мектебімізде 25 мамыр күні « Мектебім,саған мың алғыс» тақырыбында салтанатты жиын өтті.  Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды. Мектебімізді 2023-2024 оқу жылында  11 сыныпты 17   жас түлек  аяқтады. Мектеп бітіруші  жас түлектер Оразбек Ерасыл көк туымызды көкке көтерсе, мектеп бұйрығымен таныстыру үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ноғайбаев Майра Әбденбайқызы сөз алды. Жас түлектерге  мектеп директоры Исмайлова Калила Мамадиярқызы, Жамбыл ауданы  әкімінің  бас инспекторы  Жарасбаев Самат,Жамбыл ауданы  білім бөлімінің әдіскері  Айгүл Бақытжанқызы, Көлқайнар ауылдық округінің әкімі Қонаров Асылбек Серікұлы   өздерінің  ақ тілегін   білдіріп оқушыларға сәт сапар,   алдағы  үлкен өмір жолдарына сәттілік тіледі. 4 «А» сыныптың білім алушылары Төленді Жалғас « Ұстазға арнау» ән,1 сынып білім алушылары тақпақтар, 4 «А» сынып қыздары «Стюардесса» биін биледі. Ортаға 20 жылдық түлектері қонаққа келіп ұстаздары мен  жас түлектерге өздерінің жүрек жарды ақ тілектерін арнап сәттілік тіледі . Амангелді Аяулым   мектебіміздің салтына айналған алтын кілтті 10 сынып оқушысы Құтжан Маржанға, Серік Адия білім кітабын 10 сынып оқушы Амантай Гүлназға табыс етті. Түлектердің алғашқы ұстаздары мен сынып жетекшісі Тоқтыбаева Ләззат,Мәулешова Гаухар және Байданова Айсұлу әпкейлері сөз сөйлеп түлектерге ақ тілектер арнады. Мектеп бітіруші жас түлектер Құдайберген Әділет пен Амангелді Аяулым  «Мектебім » әнін орындады, Ата –аналар атынан   Құлмағанбетова Фатима сөз сөйлеп жас түлектерге сәт сапар тіледі.  Мектеп бітіруші  жас түлектер хор «Қош бол мектебім» әнін орындады, Жас түлектердің «Қоштасу вальсі» би биледі, ұстаздарға өзінің алғысын білдіріп ақ тілегін арнады. Мектеп бітіруші түлектерге жас түлек Таймас Аруна мен 1 сынып білім алушысы Қуаныш Қайнар  соңғы қоңырау соқты.