2023-2024 Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асырудың оқу жылына арналған жылдық тәрбие жоспары » Сш им Тарази
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Тарази атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2023-2024 Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асырудың оқу жылына арналған жылдық тәрбие жоспары
01
сентябрь
2023

2023-2024 Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асырудың оқу жылына арналған жылдық тәрбие жоспары

2023-2024 оқу жылындағы мектептің тәрбие жұмысының тақырыбы мақсаты мен міндеттері

Мектептің тәрбие жұмысының тақырыбы: Оқу - тәрбие үрдісіне жаңа технологияны   енгізе отырып білім сапасын арттыру, өскелең ұрпақты нарықтық экономикалық қоғамда өмір сүруге бейімдеу, патриот тұлғаны тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысының мақсаты:  Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысының міндеттері: 

  • Ата-ананың өсиетін тыңдауға,отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге,перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
  • Ұлттық мұраны қастерлеуге,қазақ тілін,мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық,келісім,ынтымақ және ел бірлігін сақтауға,отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
  • Жақсылыққа,игілікке бой түзеуге,абыройлы болуға,ар-ұждан,намыс,жауапкершілік,мейірімділік,қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
  • Денсаулықты қадірлеуге,салауатты өмір салтын ұстануға,ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
  • Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және  табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

Күтілетін нәтиже:  1.Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді. 

                     2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.

                 3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.

                 4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады. 

                 5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.


Туғаннан 6 жасқа дейінгі бала тәрбиесі:

 Туғаннан 6 жасқа дейінгі баланың ерекшелігі Ата-ананың сүйіспеншілігіне ерекше құштар, айналасындағыларды ұстап көру арқылы тануға бейім. Дербес, тәуелсіз әрекет етуге ұмтылады, байқап көруге қызығушылық танытады. Көргенін қайталайды. Баланың дамуына ата-ананың тікелей ықпал ететін кезеңі. Жетекші әрекет – ойын Ойын арқылы үйрету, тәрбиелеу. 

 Ұсынымдар:

 • Бесік-жырлары, арнау-тілек өлеңдер, өтірік өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар айтысы және басқа да балалардың тілдік қарымқатынас жасауына қолайлы халық ауыз әдебиетінің үлгілері мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің құралы ретінде жүйелі қолдану;

 • Балабақшада түскі (ұйқы) демалыс алдында оның жақсы ұйықтап, тынығуы үшін 0-3 жас аралығындағы бөбектерге бесік жырын (басқа да балаларға арналған жағымды әуенді әндер) тыңдату, ал 3 жастан асқан балаларға мейірімділік пен жақсылықты дәріптейтін ертегілер айту дәстүрін енгізу;


6-10 жастағы бала тәрбиесі:

 6-10 жастағы балалар жаңаны үйренуге ашық, білуге құмар, білім алуға ерекше ынталы. Берілген тапсырманы дұрыс орындауға тырысады, кез келген әрекетті шын ниетімен орындауға ұмтылады, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық танытуға белсенді, өзінен кіші балаларға мейірімділік көрсетуге бейім. Жетекші әрекеті – оқу. Ұсынымдар:

 • Тәрбиелік іс-шаралардың маз мұны, форматы, көркемдік стилі, ұсынылу тәртібі қазіргі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына, қабылдауына сәйкес болуы; 

• Қысқа және ұзақ мерзімде іске асырылатын тақырыптық жобаларды жос парлау арқылы тәр бие жұмысы ның жүйелілігін, біріз ділігін, тұтас тығын қам тамасыз ету; 

• Халық ауыз әдебиеті үлгілері, көркем шығармалар тәрбиелік шаралар мен жобалардың мазмұнын қамтамасыз ететін дереккөзі ретінде қолдану; 

• Қазақ халқының мақал-мәтелдері, тыйым сөздері бас тауыш сынып білім алушы - ларының мінез-құлық әдебі мен өзінөзі ұстау мәдениетін қалыптастырудың құралдарының бірі ретінде қолдану; 

• Ұлттық ойындар («Асық party» өткізу, Хан талапай, Арқан тартыс, Алтыбақан, Айгөлек, Белдесу, Саққұлақ, Тымпи, Тоғызқұмалақ т.б.) физикалық, зияткерлік тұрғыдан дамуына ықпал ететін құралдардың бірі ретінде қолдану арқылы оның қолданыс аясын кеңейту; 

• Әлеуметтік тәжірибелер арқылы адамдарға, жан-жануарларға көмек және табиғатты қорғау аясында жасалған қайырымдылық іс-шараларына тарту, оларды әлеуметтік желілерде насихаттау ұсынылады.

Жасөспірім тәрбиесі (11-15 жас):

Жасөспірімдік кезең бала дамуындағы ерекше кезең. Бұл кезеңде бала өзін ересек, өз бетінше шешім қабылдай алатын дербес тұлға ретінде көрсетуге ерекше ұмтылады. Олар еліктегіш, құрдастарының, достарының пікірлері маңызды деп санайды, тәуекелге барып, батыл қадамдар жасайды, мінез-құлқы жылдам өзгермелі. Жетекші әрекеті – қарым-қатынас.


Ұсынымдар: 

• Тәрбие шаралары мен жобаларының мазмұнын, форматын, көркемдік стилін, ұсынылу тәртібін анықтауда жасөспірімдік кезеңдегі балалардың психологиялық ерекшелігін, қызығушылығын назарға алып, цифрлық технологиялардың жетістіктерін ескеру; 

• Жас ерекшеліктеріне сай келетін классикалық көркем шығармалар мен көркем әдебиеттерді ұсыну; оқылған шығарма кейіпкерлерінің бойындағы адами қасиеттері мен жаман әдеттерін талқылауға бағытталған кейстік жағдаяттарды шешуді ұсыну; 

• Еліміздегі тарихи орын дарға, ескерткіштерге экс кур сия жасау, ел мен жер тарихы туралы деректермен танысу, театрға, музейлерге, мұрағаттарға, ұлттық парктер мен қорықтарға бару, виртуалды саяхаттар жасау немесе/және цифрлық технологиялардың жетістіктерін қолданып таныстыру; 

• Батырлар, ақын-жыраулар және ұлт зиялыларының, тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің өмірлік жолдарын, қалдырған мұраларын таныстыру; 

• Тарихи, деректі фильмдерді талдау;

 • Білім алушылардың мәдени және ұлттық мұраны насихаттау бойынша бастамаларына қолдау көрсету; 

• Табиғатты қорғау, адамның әрекеттерінен туындайтын апаттардың алдын алу бойынша жобалар әзірлеу; • Жобаларды жүзеге асыруға отбасын әлеуметтік әріптестікке тарту; 

• «Гаджетсіз демалыс» күн дерін ұйымдастыру, кітап оқу, спортпен шұғылдану, табиғат аясында сер уендеу т.б. шаралар ұйымдастыру ұсынылады.

  Жастар тәрбиесі (15-18 жас):

 Жастық кезең адам өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Жедел шешімдер қабылдап, тәуекелдерге барудан қорықпайды, албырт болады. Болашағы туралы ойланып, тәуелсіз шешім қабылдауға бейім. Ұсынымдар: • Жастар тәрбиесі ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық берілуі тиіс; 

• Ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тарту; 

• Ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығы, тарихи төл шежіресін дәріптеуге айырықша мән бере отырып, халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу, ұлттың кодын сақтауда жастардың бойындағы рухты ояту, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыру бағытталған шаралар ұйымдастыру; 

• Отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасын құруға жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған іс-шараларға тарту;

 • Адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға қолдау көрсету ұсынылады.
















 Мектептегі тәрбие іс-қызметінің циклограммасы


Дүйсенбі – «Ұйымдастыру» күні

  • Әкімшілік жиыны
  • Оқушылардың  жеке басы гигиеналық жағдайын, мектеп формасының сақталуын тексеру

Сейсенбі –  «Басқару және бақылау» күні 

  • Жоспарларды тексеру
  • Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарына қатысу
  • Сынып жетекшілермен  жеке жұмыс жүргізу 
  • Әдістемелік бірлестіктердің отырысы

Сәрсенбі – «Дидарласу» күні

  • Үйірме, таңдаулы курс жұмыстары

Бейсенбі – «Өз білімін көтеру» күні

  • Әдістемелік күн, семинарларға қатысу,
  • Қосымша әдебиетпен танысып, жұмыс жасау

 Жұма – «Ашық есік» күні 

  • Ата-аналармен   кездесу
  •  Жиналыстар, ашық  сынып сағаттары,  социум жұмыстарын өткізу









  Ұйымдастырушылық-координациялау

Жұмыстың мазмұны

Кімдер үшін

Жауапты

1

Сынып жетекшілермен жеке жұмыс; әңгімелесу, мәліметтер жинау, әдістемелік көмек көрсету, жас сынып жетекшілерге тәлімгер бекіту


мұғалімдер

ДТІЖО  Е.С.Баймұрзаев 

тәрбие бірлестік жетекшілері: 

.

2

Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігіне басшылық жасау, мәжілістерін өткізу, сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарын бекіту

мұғалімдер, сынып жетекшілері

ДТІЖО

Баймұрзаев Е.С

3

Ата-аналар жиналысын өткізу, ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлау,  жұмыс жоспарын бекіту

ата-аналар, мұғалімдер

  Баймұрзаев Е.С 

Сынып жетекшілер

4

Жас ұлан, Жас қыран мүшелерімен жұмыс ұйымдастыру

2-11 сынып оқушылары

 Баймұрзаев Е.С 

 Ордабаева Ұ

5

Ұйымдастыру деңгейі мен тәрбиелік мүмкіншіліктерін зерттеу мақсатында сынып сағаттары мен үйірме сабақтарына қатысу, кеңес беру

мұғалімдер

үйірме жетекшілері

 Баймұрзаев Е.С 

6

Әлеуметтік педагогпен, психологпен бірлескен жұмыстар

әлеуметтік педагог

психолог

 Молдабеов Ж

 Пантаева А

7

Құқықтық кеңес мәжілісіне қатысу, мектепшілік есептегі балалардың жұмысы, рейдтер ұйымдастыру

мұғалімдер

психолог

Баймұрзаев Е.С

Мектеп психологы

8

Тәрбиелік мақсатын зерттеу үшін пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу

оқушылар, мұғалімдер

Баймұрзаев Е.С 

9

Мектептегі оқушылардың, мұғалімдердің кезекшілігін ұйымдастыру

ата-аналар

мұғалімдер

ДТІЖО  Баймұрзаев Е.С 

10

Сынып кабинеттерінің тазалығын қадағалау, наркобекеттер мен санитарлық тазалық күндерін, сенбіліктер ұйымдастыру

сынып оқушылары

ДТІЖО  Баймұрзаев Е.С

медбике  Кудабаева Ш

11

Мектептің кітапхана жұмысына басшылық жасау, мектептен тыс іс-шараларға қатысу

оқушылар

кітапханашы

Жамансариева А


12

Оқушылардың тамақтануы, демалыс күндері дұрыс өткізу іс-шараларын ұйымдастыру

әлеуметтік педагог

оқушылар, мұғалімдер

ДТІЖО  Баймұрзаев Е.С 

Молдабеков Ж

 Ордабаева Ұ



Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жауаптылар 

ҚЫРКҮЙЕК – «БІЛІМ» АЙЫ

Құндылықтар: Ұлттық мүдде (Отан), Ар-ұят, Талап

1

Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға ат салысу мақсатында «Мектебім-мейірім мекенім!» тақырыбында салтанатты жиын

1-11 сыныптарда бірыңғай сынып сағаттарын өткізу.

Салтанатты жиын


Сынып сағаттары

Қыркүйек, 

2023 жыл 


Мектеп әкімшілігі

Баймұрзаев Е.С

Сынып жетекшілер

2

«Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тірегі» тақырыбында тілдер мерекесіне орай  іс-шаралар өткізу

мерекелік

 іс-шара

қыркүйек

Бірлестік жетекшісі

Амирова А

3

 Патриоттық тәрбие берумен қатар қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мен қазақ тілін жақсы білген балаларды қолдау мақсатында «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында  мәнерлеп оқудан байқау өткізу , 5-7 сыныптар 

байқау

қыркүйек, 


Қыбраева К

Жұбаева Б

Көпеева А

4

Халықаралық отбасы күніне

«Отбасы-бақыт мекені»  

Отбасылық жарыс

қыркүйек 


ӨӨӨБҰ   Қ.Молжігіт 

 Сынып жетекшілер

5

Барлық балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру,спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы» тақырыбында оқушылар арасында баскетбол, волейбол, асық ату, бес асық  ойындарын өткізу

спорттық ойындар

қыркүйек

Көпбаев Т.

Бөгенбаев С

Алшынбаева А

Сынып жетекшілері

6

 «Менің әкем - арқа сүйер тірегім, менің анам - кеудемдегі жүрегім»,  «Менің әкем – жақсы адам» атты  бейнероликтер шеруін ұйымдастыру

8 сыныптар

бейнеролик




қыркүйек, 


Тамабаева Г


7

  «Ата-аналар     Академиясын»  құру 

ата-аналар академиясы 

қыркүйек, 


Баймұрзаев Е.С 

Әкелер,аналар мектебі

8

 «Еңбегі адал жас өрен»  жобасын жүзеге асыру бағытында  «Адал азамат - әділетті Қазақстан» атты адалдық сынып  сағаттарын өткізу,

        9-10сыныптар 

танымдық

 сағат

қыркүйек


9-10 сынып жетекшілері

9


Тұрмыстық – зорлық зомбылықтың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығының алдын алу мақсатында патриоттық тәрбиедегі және өгей әкелермен бірге тұратын балалармен   сұхбат жүргізу

сұхбат

 жүргізу

қыркүйек

 ДҚТІЖО  Баймұрзаев Е.С 

Психолог  Пантаева А


10


Балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу мақсатында  «Бала құқығы - адам құқығы» атты түнгі рейдтерді ұйымдастыру

рейд

айына 

1 рет

 ДТІЖО Баймұрзаев Е.С         ДҚТІЖО Баймұрзаев Е.С.

Психолог Пантаева А

Сынып жетекшілер


11


Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Бала еңбегін қанауға жол жоқ!» тақырыбында  заң қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру,10-11 сыныптар

кездесу

қыркүйек

ДҚТІЖО  Баймұрзаев Е.С 

Сынып жетекшілер

12

Діни     экстремизм мен     терроризмнің  алдын алу  мақсатында     

«Экстремизмге жол жоқ!», «Экстремизм мен терроризм және оның зардаптары»  тақырыптарында тәрбие сағаттарын  өткізу.

сынып сағаттары

қыркүйек

10-11 Сынып жетекшілері



13

Оқушылардың  бойында азаматтық жауапкершілік дағдылары мен көшбасшылық, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында оқушылардың өзін-өзі басқару күнін ұйымдастыру,7- 11 сыныптар

сайлау 

өткізу

қыркүйек

Мектеп әкімшілігі

ӨӨБҰ Молжігіт Қ

       ҚАЗАН – «АЛАШ АЗАМАТТАРЫН ҰЛЫҚТАУ» АЙЫ

 Құндылықтар: Ұлттық мүдде (Отан), Ар-ұят, Талап

14

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың  алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты пресс – конференция өткізу,

8-11 сыныптар


пресс-конференция



Қазан,


Баймұрзаев Е.С 

Сынып жетекшілер

ӨӨБҰ

15

Қарттар  мен     ұрпақтар  ынтымақтастығы  күніне     орай  "Ардагерлерді  ардақтайық!", тақырыбында жалғызбасты қарияларға көмек көрсету. 5-6 сыныптар


акция



қазан



Тәлімгер Ордабаева Ұ

ӨӨБҰ Молжігіт Қ


16

"Еңбегі адал жас өрен" жобасын іске асыру мақсатында 9-сыныптар арасында  "Адалдық-атадан қалған мұра" атты  еңбек ардагерлерімен кездесу өткізу

кездесу

қазан


Кәсіби бағдар  Балбекова Ж

17

"Жеткіншектің Жеті Жарғысы" жобасын іске асыру мақсатында 1-11 сыныптар арасында "Өнегелі өмір", тақырыптарында сынып сағаттарын өткізу

сынып сағаттары

қазан


Сынып жетекшілері


18

"Жеткіншектің Жеті Жарғысы" жобасын іске асыру мақсатында "Бес нәрсеге асық бол" тақырыбында көшбасшылық сайыс өткізу. 8-10 сыныптар 

көшбасшылық сайыс

қазан

 Абденов Ә

ӨӨБҰ Молжігіт Қ

19

«Алтын күз келді»

1-11 сыныптар

Күзгі жәрменке

қазан


Ордабаева Ұ

Сынып жетекшілері

ӨӨБҰ

Әлеуметтік педагог

20

 Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазға алғыс» атты мерекелік іс-шаралар,сынып сағаттарын өткізу,1-11 сыныптар

тәрбие сағаттары,

мерекелік

 іс-шара

қазан


ДТІЖО Баймұрзаев Е.С

Ордабаева Ұ

Махатова Х

Алиева З

Сынып жетекшілер

ӨӨБҰ Молжігіт Қ

21

25 қазан - Республика  күні  мерекесіне     орай   "Қазақстан-туған жерім, туған елім"  бірыңғай  сынып сағаттары, "Менің   арманымдағы  Қазақстан" сурет байқауларын ұйымдастыру.

5-7 сыныптар


сынып сағаттары,

мерекелік

 іс-шара

қазан

ӨӨБҰ Молжігіт Қ

Ордабаева Ұ

Игілікова Ж

Нұрмағанбетова Ж

Орынбасарұлы Т


22


«Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» акциясы аясында  сенбілік      ұйымдастыру

1-11 сыныптар

сенбіліктер

қазан


Сынып жетекшілері

ӨӨБҰ Молжігіт Қ

23

9-11 сынып оқушылары арасында Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай  поэзиялық кеш ұйымдастыру. 


поэзия кеші


қазан

Жамансариева А

ӨӨБҰ Молжігіт


24

Мектептегі психологиялық - әлеуметтік қызметті және психологиялық     ағарту жұмыстарын жетілдіру мақсатында

«Ата-ана мен бала арасындағы қатынас - табыс кілті»тақырыбында ата-аналармен жұмыстар ұйымдастыру.


психологиялық жұмыстар


қазан

Пантаева А

Сынып жетекшілері

25

Азаматтық қорғаныс қауіпсіздігін қамтамасыз ету,     төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында «Оттан сақ бол!" тақырыптарында сынып сағаттарын өткізу.  1-8 сыныптар

сынып сағаттары

қазан

Сынып жетекшілері

Олжатаев А

ҚАРАША – «ПОЭЗИЯ» АЙЫ

Құндылықтар: Ұлттық мүдде (Отан), Ар-ұят, Талап

26

5-7 сынып оқушылары арасында Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай «Дауылпаз ақын – ел мақтанышы» атты зерттеушілік жұмыс, «Жалынды ақын Махамбет» атты сынып сағаттарын өткізу

сынып сағаттары



Қараша


Сынып жетекшілері

26

 «Домбыра Party» атты ата-ана сағатын 

  3-4 сыныптар  өткізу.

тәрбие  сағаттары


қараша


Сынып жетекшілері

28

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға рухани-адамгершілік құндылықтарын дарытып, бір-біріне және қоғамға деген мейірімділік құндылығына үйрету мақсатында «Балаға мейірім сыйла!» атты  акция өткізу

акция

қараша


ӨӨБҰ Молжігіт Қ

Сынып жетекшілері

29

Дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету, ой-өрісін кеңейту мақсатында «Ұшқыр ой алаңы» атты дебат турнирін ұйымдастыру

Қараша,

2023 жыл

дебат

Абденов Ә

30

«Еңбек жемісі» атты  ата-аналардың жұмысына саяхат  ұйымдастыру

қараша,

2023 жыл

саяхат

7 сыныптар

Сынып жетекшілері

31

Жасөспірімдердің  кибербуллинг пен буллинг және киберқылмыстың алдын алу мақсатында «Кибербуллингтің зардаптары», «Балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігінің алдын алу» тақырыптарында  сынып сағаттарын өткізу. 1-10 сыныптар

қараша,

2023 жыл 





сынып сағаттары

ДҚТІЖО  Баймұрзаев Е


Сынып жетекшілері


32

Еріктілер жасақтары  арқылы ерекше қамқорлықты қажет ететін балалармен «Біз біргеміз!» тақырыбында акциялар ұйымдастыру

тоқсанына

 1 рет

қараша

Ордабаева Ұ

Молжігіт Қ

ӨӨБҰ

ЖЕЛТОҚСАН – «ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ»

Құндылықтар: Ұлттық мүдде (Отан), Ар-ұят, Талап

33

 Төле бидің 340 жылдығына орай «Туралықты тұғыр еткен Төле би», «Төле би - тура би,сөз сардары» тақырыптарында адалдық сағаттарын ұйымдастыру

желтоқсан




адалдық  сағаты 

1-11 сынып жетекшілері


34

Оқушыларды кітап оқуға тарту мақсатында       1-11 сыныптар арасында "Бір отбасы-бір кітап", "Жақұты барға жасын түспейді" тақырыбында әдеби кеш өткізу

желтоқсан


әдеби кеш

Жамансариева  А

ӨӨБҰ Молжігіт Қ

Сынып жетекшілер

35

8-9 сынып оқушылары  арасында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай «Реалист ақын» атты поэзия кешін ұйымдастыру

      желтоқсан

поэзия кеші

Кітапханашы 

Қазақ тілі пәні мұғалімдері

36

10 сынып оқушылары арасында "Шежіре: менің тегімнің тарихы" тақырыбында бейнероликтер  байқауын ұйымдастыру

желтоқсан



бейнероликтер байқауы

Баймолдаева Г


37

ҚР Тәуелсіздік   күніне  орай     «Тарихым-мақтанышым» тақырыбында эссе,"Тәуелсіздік  таңы     мәңгілік", «Ұлттық рух – мәңгілік ел  болудың өзегі» тақырыптарында сынып сағаттарын  ұйымдастыру 

желтоқсан






сынып сағаттары

эссе


Сынып жетекшілері

ӨӨБҰ

38

Қош келдің,жаңа 2024жыл!

      желтоқсан


іс-шаралар

Баймұрзаев Е

Ордабаева Ұ

Сынып жетекшілері

ҚАҢТАР – «ҰЛТТЫҚ КОД» АЙЫ

Құндылықтар: Ұлттық мүдде (Отан), Ар-ұят, Талап

39

«Тарихқа құрмет» жобасы аясында Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай 

8 сынып оқушылар арасында «Жыр Құлагері» атты дөңгелек үстел ұйымдастыру

қаңтар




дөңгелек үстел

Абденов Ә

Тамабаева Г

40

 Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  «Гаджет және бала», «Ғаламтор мен әлеуметтік желілер: зияны немесе пайдасы» тәрбие сағаттарын өткізу

қаңтар


тәрбие сағаттары

Сынып жетекшілері


41

 Әдеп нормаларын ұстану, достарына, сыныптастарына,  отбасы  мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту  мақсатында «Дос және достық» атты тәрбие сағаттары, «Мейірімділік - асыл қасиет» атты қайырымдылық тәрбие сағаттарын ұйымдастыру. 1-4 сыныптар

қаңтар







тәрбие   сағаттары

Сынып жетекшілер

АҚПАН – «ОҚУҒА ҚҰШТАРЛЫҚ» АЙЫ

Құндылықтар: Ұлттық мүдде (Отан), Ар-ұят, Талап

42

7-8 сынып оқушылар арасында Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай «Алаштың бір туар азаматы», «Алаш зиялылары және ұлт тілі» атты өлкетану сағатын өткізу

ақпан





өлкетану 

сағаты

Сынып жетекшілер

ӨӨБҰ

43

«Мәшһүр Жүсіп оқулары» атты байқауын өткізу

ақпан



байқау

Кітапханашы

 Жамансариева А

44

 «Абай оқулары» атты байқауын өткізу.

9-10 сыныптар

ақпан



байқау

Қыбраева К

Жұбаева Б

Көпеева А

45

«Ақпан айы     - жалпы  білім беру ұйымдарында  психологиялық кеңес беру айлығы»  тақырыбында  психологиялық  кеңес      беру  айлығы  және     «Құқықтық тәрбие - құқық  бұзушылықтың алдын алу» іс-шаралар  өткізу 5-11 сыныптар

ақпан


дөңгелек

 үстел,психологиялық кеңестер беру

Пантаева А

Сынып жетекшілер


46

Мектептегі психологиялық - әлеуметтік қызметті және психологиялық     ағарту жұмыстарын жетілдіру мақсатында

«Мен мамандығымды сүйемін!»тақырыбында кездесу  ұйымдастыру,9-11 сыныптар

ақпа

кездесу

Кәсіби бағдар  Балбекова Ж

  НАУРЫЗ – «ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕУ» АЙЫ

Құндылықтар: Ұлттық мүдде (Отан), Ар-ұят, Талап

47

1 наурыз Алғыс айту күніне орай 

«Алғысым шексіз» 

«Ана-өмірдің гүлі»


наурыз



іс-шаралар


мерекелік кеш

Баймұрзаев Е

Ордабаева Ұ

Сынып жетекшілері

48

«Эко-күнтізбе» айдары бойынша 5-8 сынып оқушыларына арналған «Экология балалар көзімен» атты  жас суретшілер байқауы, «Ғажайыпқа толы табиғат сырлары» атты экочелленджін өткізу

наурыз





 сурет байқауы,


экочеллендж

Ордабаев Ұ

Тамабаева Г

Орынбасарұлы Т

49

22 наурыз мерекесіне орай  «Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»  атты ұлттық ойындар,

 5-10 сыныптар

наурыз


іс-шаралар

Баймұрзаев Е

Ордабаева Ұ

Сынып жетекшілер

50

Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен дәріптеп, заман көшіне сай, өскелең ұрпақты сол арқылы тәрбиелеу мақсатында «Қазақ болып тумағанда не етер ем...» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізу

наурыз

тәрбие сағаттары

Сынып  жетекшілері

51

5-8 сынып оқушылары арасында адал еңбекті құрметтеу, халқына адал қызмет етуге баулу  мақсатында «Адал ұрпақ- елдің болашағы»,  «Адал ұрпақ- мәңгілік елдің кепілі» атты пікірлесу сағатын өткізу

наурыз






пікірлесу  сағаты

Кәсіби бағдар Балбекова Ж

ӨӨБҰ  Молжігіт Қ

СӘУІР– «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ» АЙЫ

Құндылықтар: Ұлттық мүдде (Отан), Ар-ұят, Талап

52

Оқушылардың бойында кітап оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында «Оқуға құштар баланы тәрбиелеудегі мектеп кітапханасының заманауи рөлі» тақырыбында     дөңгелек үстел өткізу

сәуір


дөңгелек

 үстел

Жамансариева А

53

«Ілияс оқулары»     байқауын өткізу

5-7сыныптар 

сәуір


байқау

Қыбраева К

Жұбаева Б

Көпеева А

54

1-8 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтануды тиімді ұйымдастыру мақсатында  «Дұрыс тамақтана білесің бе?» атты сынып сағаттарын  өткізу

сәуір





сынып сағаттары 

Сынып жетекшілері

ӨӨБҰ Молжігіт Қ


55

Салауатты өмір салтын насихатату мақсатында «Дені саудың –тәні сау» тақырыбында флешмоб ұйымдастыру, 

5-7 сыныптар

сәуір

флешмоб

Ордабаева Ұ

Сынып жетекшілер  

56

7-9 сынып оқушылар арасында Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің 930  жылдығына орай «Даналық хикметтері» атты оқырмандар конференциясын ұйымдастыру

сәуір







оқырмандар  конференция-

сы

Жамансариева А


57

9-11 сынып оқушылары арасында шешім қабылдай білу, жауапкершілікті сезіну, өзінің, өзінің отбасының, сыныптың, мектептегі қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну мақсатында  «Мен таңдаған мамандық» атты дәріс,«Мен көшбасшымын» атты сайыс өткізу

сәуір






сайыс  

Кәсіби бағдар Балбекова Ж

58

Адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында  «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты арнайы мамандардың қатысуымен кездесу өткізу,8-11 сыныптар 

сәуір





кездесу 

Медбике Кудабаева Ш

ӨӨБҰ Молжігіт Қ


         МАМЫР – «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ» АЙЫ

Құндылықтар: Ұлттық мүдде (Отан), Ар-ұят, Талап

59

«Жеткіншектің жеті жарғысы»  жобасын жүзеге асыру бағытында әскери-патриоттық бағдарда «Кітапқа жазылмаған тарих» атты дөңгелек үстел өткізу, 9-10  сыныптар 

мамыр


дөңгелек 

үстел

Сынып жетекшілер

60

Халықаралық отбасы күніне орай ата-аналарға арналған "Менің балам – көшбасшы" тақырыбында дөңгелек үстел     ұйымдастыру. 7-8 сыныптар

мамыр


дөңгелек

 үстел     

Сынып жетекшілері

61

Халықаралық  отбасы     күніне  орай «Отбасы FEST» атты фестивалін  өткізу

мамыр



фестиваль

Сынып жетекшілері

ӨӨБҰ Молжігіт Қ


62

Қазақстан Республикасының Рәміздерін насихаттау мақсатында

 «Ел рәміздері –ел рухы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастыру, 

 7-8 сыныптар өткізу

        мамыр


дөңгелек үстел

Сынып жетекшілері

63

9-11 сынып оқушылар арасында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мен жастарға сенемін» атты акция,  «Заманның заңғар тұлғасы» атты әдеби кеш, «Мағжан туралы не білеміз...» атты танымдық сағаттар ұйымдастыру

мамыр





танымдық  сағаттар 

Сынып жетекшілері

ӨӨБҰ Молжігіт Қ

64

7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне 

«Жас ұландар-мақтанышы елімнің!»


«Жеңістің жалауы желбірейді мәңгілік»

Сынып сағаттары

мамыр





әскери қызметкерлер

мен кездесу



сынып сағаты 

Олжатаев А





Сынып жетекшілері

65

«Сыңғырла, күміс қоңырау!»

       мамыр

салтанатты жиын

Баймұрзаев Е

Ордабаева Ұ












Орындаған: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  : Баймұрзаев Е