14
октябрь
2022
Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің (р.о) күзгі сессия кезіндегі дамыту блогында өткізілген іс-шаралар
Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (р. о) 03 қазан мен 14 қазан аралығында 8-10 сынып оқушыларымен дамыту блогы жүргізілді. Дамыту блогына Еңбек орта мектебі, №2 орта мектебі және Әкім Тарази атындағы тірек мектебінен (р. о) 115 оқушы қатысты. Алғашқы күні күзгі сессия оқушыларымен ӘкімТаразиатындағытірек мектебінің(р.о) психологы Р. Рахимова танысу тренингін өткізді. Тренингте оқушылармен түрлі жаттығулар жүргізілді. Оқушылар белсене қатысты. Сонымен қатар күзгі сессия оқуышларына арналған «Достық- татулық кілті» тақырыбында ашылу салтанатына орай шағын концерттік бағдарлама өткізілді. Ұйымдастырған Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің (р. о) ұйымдастырушы педагог А. Сәндібай өткізді. 04 қазан күнгі дамыту блогында мектеп психологы Р. Рахимова «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында тренинг жүргізді. Дамыту блогына 115 оқушы қатысты. Сонымен қатар Еңбек орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Л. Исмайлова «Алтын қақпа» интеллектуалды ойынын жүргізді. Оқушыларды топқа бөле отырып, түрлі сұрақтар қойылды. Соңында женімпаздар алғыс хаттар мен марапатталды. 05 қазан күні дамыту блогында №2 орта мектебінің психологы С. Алимкулова «Мен жеке тұлғамын» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың өзіндік ойын қалыптастыру, көңіл-күйлерін көтеру. Сонымен қатар №2 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қ. Толенбекова Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай іс-шара өткізді. А. Байтұрсынұлының өмірбаянымен таныстырып өтті. 06 қазан күні дамыту блогында мектеп психологы тренинг жүргізді және ағылшын пәні мұғалімі Д.Болысбекова оқушылармен интеллектуалды ойын жүргізді. Ойын соңында оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. 07 қазан күні күзгі сессия оқушылары арасында «Биле, биле» би байқауы өткізілді. Байқауға 8-10сынып оқушылары қатысты. Байқау 3- кезеңнен тұрды. Байқау соңында III орынмен 2сынып, II орынмен 2сынып, I орынмен 1сынып марапатталды.10 қазан күні Еңбек орта мектебі оқушыларының ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Іс-шарада оқушылар өздерінің өнерлерін ортаға салды. Ән айтып, би билеп түрлі ойындар жүргізілді. 11 қазан күні Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің оқушыларының ұйымдастыруымен «Достық - қымбат өмірде» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға оқушылар өздерінің өнерлерін ортаға салды.Ән айтып, би билеп,ойындар ойнатылды. 12 қазан күні №2 мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Іс-шараға барлығы 115 оқушы қатысты. Іс-шара кезінде түрлі ойындар ойнатылып, оқушыларға сыйлықтар таратылды. 13 қазан күні Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің (р. о) психологы Р. Рахимова оқушылармен тренинг өткізді. Мақсаты: оқушыларды ойын анық айтуға үйрету, оқуға деген құштарлығын ояту. Тренингке 115 оқушы қатысты. 14 қазан күні Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің (р. о) ұйымдастыруымен «Күз ханшайымы мен күз ханзадасы 2022» байқауы өткізілді. Байқауға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Байқау 3 кезеңнен құралған. Байқауда III орынмен 2сынып, II орынмен 2сынып, I орынмен 1сынып марапатталды. Байқауда «Күз ханшайымы мен күз ханзадасы» анықталып арнайы лента тағылып, барлық сынып алғыс хаттармен марапатталды.