Көрісу мейрамы,
Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (РО) 14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі. «Жас Ұлан» ұйымы белсенді мүшелері таңертең мектепке келген ұстаздар мен оқушыларды ұлттық киіммен қарсы алып көрісті. « Көрісу » тақырыбында салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында көрініс көрсетілді. Ұйымдастырған : ДТІЖО Е.Баймұрзаев пен мектеп тәләмгері Ұ. Ордабаева