Әкім Тарази атындағы тірек мектебі ( р.о) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының 2023-2024 оқу жылындағы жылдық қорытындысы. » Сш им Тарази
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Тарази атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әкім Тарази атындағы тірек мектебі ( р.о) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының 2023-2024 оқу жылындағы жылдық қорытындысы.
20
июнь
2024

Әкім Тарази атындағы тірек мектебі ( р.о) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының 2023-2024 оқу жылындағы жылдық қорытындысы.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебі ( р.о) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының 2023-2024 оқу жылындағы  жылдық қорытындысы.


Мектебімізде 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мектебім-мейірім мекені» атты салтанатты мерекелік жиын өтті.1-11 сыныптар арасында бірыңғай сынып сағаттары өтті.

«Мемлекеттік  тіл-тәуелсіздік тірегі»  тақырыбында   тілдер мерекесіне  орай 

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің қызметкерлері 2023 жылы                    5 қыркүйек күні қазақ халқының біртуар перзенті, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпы қазақстандық ашық диктантқа қатысты.
 Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев - заманның заңғар тұлғасы.
 Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (РО) "Жер" республикалық оқу жаттығу жұмыстары өтілді.
 Оқушыларды эвакуациялап жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Мектебімізде қыркүйек айында  5-7 сыныптар арасында  

« Менің Отаным -Қазақстан » тақырыбында мәнерлеп оқудан мектепшілік байқау  өткізілді.  Байқауды қазақ тілі пәні мұғалімдері Қыбраева К,Жұбаева Б,Көпеева А  өткізді. 

1 орынды  Қалдыбек Айлин

2 орынды Оразбек Аяжан

3 орын  Құтжан Еркеназ  иеленді .Қалған білім алушыларға алғыс хаттар  берілді.

Халықаралық  отбасы күніне       «Отбасы- бақыт мекені» атты отбасылық жарыс өткізілді. Жарысқа 3 отбасы қатысты Құтжановтар отбасы, Төлегеновтар отбасы,Омаровтар отбасы қатысып қызықты спорттық жарыс өтті. Жүлделі орынды Құтжановтар отбасы иеленіп,қалған екі отбасына алғыс хаттар мен естелік сый сияпаттар берілді.

Қазақстанның Еңбек ері,Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтың иегері,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы - драматург Әшімов Әкім Үртайұлы 9 қыркүйек күні 90 жасқа толады.
 Әкім Таразидың 90 жасқа толуына орай Жамбыл ауданы,Тастөбе ауылындағы Әкім Тарази атындағы тірек мектеп ғимаратында «Әкім Тарази мұражайы» ашылды.

"Қазақстан халқы тілдер күні" мерекесіне орай "Тіл - халық қазынасы" тақырыбында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жұбаева Баян мен Копеева Ардақтың ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтілді.
 Мақсаты: Білім алушыларға өз ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, көркемдігін сезіндіру. Туған халқының тілін қастерлеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Мектебімізде қыркүйек айының  7-күні   2-11 сыныптар арасында «Дені сау ұрпақ –еліміздің болашағы»  атты оқушылар арасында  спорттық жарыс  болып өтті. 

Мақсатымыз оқушыларға салауатты өмір сүру салтын насихаттау, қоғамды кері кетіретін жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және басты байлық – денсаулық, ал оны сақтау жолы – спорт екенін ұғындыру. Таңғы жаттығу өткізіліп мектеп медбикесі Ш.Кудабаева баяндама оқыды. «Жас Ұлан » ұйымының белсенді мүшелері атсалысты.  

   Жарыста 2-4 сынып арасында «Қозғалмалы ойындар»

  1. Допты себетке лақтыру
  2. Допты екі аяқтың ортасына қысып жүру
  3. Қаппен жүру
  4. Кедергілер арқылы жүру
  5. Арқан тартыс

  Денешынықтыру пәнінің мұғалімі А.Алшынбаева  өткізді.

        5-8 сыныптар   арасында «Кіші футболдан»  жарыс өткізілді. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Т.Көпбаев   9,10 сынып арсында  «Баскетбол » ойынына сыныптар арасында қызықты жарыстар өткізілді. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі С.Бөгенбаев оқушыларды қызықтыра отырып жарысты өткізді. Салауатты өмір салты  спорт денсаулық кепілі . Мектебімізде қыркүйек айында  «Менің әкем –арқа сүйер тірегім,менің анам –кеудемдегі жүрегім», «Менің әкем жақсы адам» атты бейнероликтер шеруін 8 сынып оқушылары өткізді.

Мектебімізде қыркүйек«Ата-аналар Академиясын» құру туралы жиналыс өткізілді. Әкелер ,аналар мектебі құрысды .Әкелер мектебі жетекшісі : Бөгенбаев Сабит ,аналар мен женгелер мектебі жетекшісі Упекова Сағила  болып тағайындалды. 

Мектебімізде қыркүйек   « Еңбегі адал жас өрен» жобасын жүзеге  асыру бағытында « Адал азамат –әділетті Қазақстан »

 атты адалдық сынып сағаттарын 9-10 сыныптар арасында жетекшілер ұйымдастырып өткізді.

2023 жылдың   қыркүйек айында  психолог А.Пантаева  8-11 сынып оқушыларына «Тұрмыстық-зорлық зомбылық оның ішінде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығының» алдын алу мақсатында  патриоттық тәрбиедегі және өгей әкелермен бірге тұратын балалармен сұхбат жүргізілді. «Кәмелетке толмаған жаөспірім қыздардың гигиенасы мен физиолиясының ерекшеліктері бойынша қыз балаларға кеңес беру» тақырыбында баяндама оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмаған қыздар арасында орын алатын құқықбұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, суицидтік жағдайлардың алдын алу, жаөспірім қыздардың гигиенасы мен физиолиясының ерекшеліктері туралы баяндама оқылып, қыздар тарапынан сұрақтар қойылып,  кеңес барысында қойылған сұрақтарға толық алынды

Мектебімізде  2023 жылдың  қыркүйек айында балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың  алдын алу мақсатында  «Бала құқығы-адам құқығы» атты  түнгі рейдтерді ұйымдастырылып өтті. Құқық бұзған білім алушылар жоқ. Рейдке ДТІЖО Е.Баймұрзаев ,психлолог А.Пантаева, және 8-10 сынып жетекшілері бірге шықты.

2023 жылдың   қыркүйек айында «Бала еңбегін қанауға жол жоқ!»тақырыбында заң қызметкерлерімен кездесу  өткізілді. Кездесуге  ауылдық учаскілік полициясы Балажанов Мадияр келді. Кездесуге 8-10 сынып білім алушылары мен сынып  жетекшілері бірге қатысты. 

2023 жылдың   қыркүйек  айында   10-11 сынып оқушыларымен  сынып жетекшілері « Экстремизмге жол жоқ ! » ,«Экстремизм мен терроризм және оның зардаптары » тақырыбында өткен тәрбие сағаттары өтті.Тәрбие сағаты барысында оқушылар діни мәселелер  және экстремизм туралы біршама мәлімет алып,өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап алды . Тәрбие сағатынын оқушылар жақсы әсер алып ,біраз мәлімет түсінді

     2023 жылдың  қазан   айында    Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық-заман  талабы» атты конференция 8-11 сынып білім алушылары арасында өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен міндеттерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. 

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (ресурстық орталық)  қазан айында   «Еңбегі адал жас өрен» жобасы іске асыру мақсатында 9 сыныптар  арасында   

« Адалдық –атадан қалған мұра »   атты еңбек ардагерлерімен  Омаров Амангелді атамен кездесу өткізді. 

Кездесудің мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру,үлкенді сыйлау, инабаттылыққа,жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Кездесуді ұйымдастырған  кәсіби бағдар мұғалімі Қ.Молжігіт

     Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (ресурстық орталық)  қазан айында    « Жеткіншектің жеті жарғысы » жобасын іске асыру мақсатында    1-11сыныптар  арасында    «Өнегелі өмір» тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді.

    Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (ресурстық орталық)  қазан айында   « Жеткіншектің жеті жарғысы » жобасын іске асыру мақсатында    8-11сыныптар  арасында    « Бес нәрсеге асық бол » тақырыбында   көшбасшылық сайыс өткізілді.Көшбасшылық сайысты  дебат жетекшісі Абденов Алихан ұйымдастырып өткізді.

Мектебімізде  2023 жылдың   қазан айының 6-ы күні Ұстаздар мерекесіне орай    «Ұстаз-ұлы есім !»    атты концерттік бағдарлама болды.

   Мұндағы мақсатымыз – оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіріп, еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. 

   Кешті   «Жас Ұлан» ұйымының  белсенді мүшелері 8 сынып білім алушыларының   «Қазақша» биімен ашылып.Сөз кезегі Жамбыл ауданы білім бөлімінің әдіскері Сандуғаш Мұратқызы Білім министрі Ғани Бесембаевтың мектеп ұжымына берілген алғыс хатын мектеп директоры Калила Мамадиярқызына  табыстады. Мектеп ұстаздарын «Ұстаздар күні» мерекесіне орай  жастарға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жемісті еңбегі мен білім беру саласының қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін ұстаздарды марапаттады. Көлқайнар ауылдық партия ұйымының төрағасы «Аманат » партиясының құрмет грамотасын технология пәнінің мұғалімі Т.Орынбасарұлына табыстады. Аудандық кәсіподақ ұйымының алғыс хатын ДТІЖО Е.Баймұрзаев пен бастауыш сынып мұғалімі Г.Түстікбаеваға кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Упекова табыс етті. Аудандық білім бөлімінің  құрмет грамотасымен «Балапан» шағын орталық тәрбиешісі Г.Тастанбекова,география пәні мұғалімі Ж.Игілікова мен қазақ тілі пәні мұғалімі  Б.Жұбаевалар  марапатталды. 

    «Жас Ұлан» ұйымының  белсенді мүшелері 6«ә» сынып қыздары «Кел балалар, келіңдер », хор Жас ұстаздардың орындауында «Ұстаздың ұстазы-Ыбырай ата» , «Жас Ұлан» ұйымының   белсенді мүшесі   6 сынып Кеңесбай А монолог «Ұстазым», Алиев Нұрмұхаммед «Ұстазым» әні, «Жас Ұлан» ұйымының  белсенді мүшелері Дүйсенбек Ақсезім  мен Бақытжан Көркем  «Ұстазым» әнін, «Өркен»өзін –өзі басқару фракция мүшелері  9 сынып білім алушылары «Өзбекше би», «Жас Ұлан» ұйымының   белсендісі   7 сынып білім алушысы Сатыбалды Алуа «Ұстазым» әнін, 6 «Ә» сынып білім алушыларының «Жаяу »  биін биледі.



Әкім Тарази атындағы тірек мектебінінде (ресурстық орталық)               2023 жылдың қазан айында  «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері мен «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшелерінің қатысыуымен «Гүлдене бер Қазақстаным » акциясы аясында мектепшілік сенбілік  өтіп 5-10 сынып оқушылары мектеп ауласын тазарту жұмыстары жүргізілді. Акцияны ұйымдастырған  ДТІЖО   Е. Баймұрзаев, «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы Нұрболатқызы Нұрай, мектеп президенті Құтжан  Маржан «Экология және еңбек фракциясы » министрі Сатыбалды Дінислам   және мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаева .    

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінінде (ресурстық орталық)       2023 жылдың қазан айында  " Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі А.Жамансариева мен педогог ұйымдастырушысы Қ.Молжігіт пен ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллинге 130 жыл толуына орай әдеби сазды кеш өтілді. Мақсаты:Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен,Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінінде (ресурстық орталық)               2023 жылдың қазан айында « Ата-ана мен бала арасындағы қатынас-табыс кілті»   тақырыбында ата-аналармен психологиялық жұмыстар ұйымдастырылып өткізілді. Ата-аналармен мектеп психологі А.Пантаева өткізді.    

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінінде (ресурстық орталық)               2023 жылдың қазан айында « Оттан сақ бол ! » тақырыбында 1-8 сынып   арасында сынып сағаттары   өткізілді. Сынып сағаттарын сынып жетекшілер мен АӘД мұғалімі Олжатаев Алтынхан ағай өткізді. 

Мақсаты: Балаларға   өрт   қауіпсіздігі   ережесін   жетік

білудің   маңызын   ұғындыру.   Сонымен   қатар   судында

қауіпін  түсіну.  Өрт   қауіпсіздігі  ережсін  қатаң  сақтау   ар-

қасында  турлі  жазатайым   апаттын   алдын  алуға   бола-

ны   туралы   түсінік  беру.  Ұқыптылыққа,зеректікке   және

адамгершілікке   тәрбиелеу.

Әкім Тарази атындағы тірек (ресурстық орталық) мектебінде
 «Әнұран айту» челленджі ұйымдастырылды.
 Мақсаты:
 *білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету.
 Міндеттері :
 *білім беру ұйымдарының барлық білім алушыларының ел әнұранының мәтінін жатқа айту.
 *еліміздің мемлекеттік рәміздерін деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ету.
 *білім алушылардың бірлігі арқылы өз Отаны үшін қадір қасиет сезімін қалыптастыру.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (РО) темекі мен нашақорлықтық алдын алу, Аитв/житс- алдын алу тақырыбында аудандық поликлиника қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ұстаз алдын көрмеген жан жоқ. Өскелең ұрпаққа білім беруді өзіне кәсіп қана емес, өмірлік мәні қылған ардақты да қадірлі мұғалімдер ауылымызда баршылық.Жақсы ұстаз өз жолын қуатын шәкірт тәрбиелеп, ұстаз бен шәкірт арасында үзілмес сабақтастық орнатқанда ғана ұстаздың есімі ұрпақтан ұрпаққа таралары сөзсіз. Осы орайда 25 қазан - Республика күніне орай Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің ардагер ұстаздарына арнайы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың алғыс хаты мектеп басшысы Қалила Мамадиярқызы, кәсіподақ ұйымының төрайымы Сагила Оқапқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержан Сембекұлымен бірге табыс етілді.

Жекпе-жек" ұлттық спорт түрінен аудандық ашық турнирі өтті.
 
📍Жамбыл ауданы Аса ауылындағы денешынықтыру сауықтыру спорт кешенінде Жамбыл ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы және ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығымен бірлесе Жекпе-жек ұлттық спорт түрінен жастар мен жасөспірімдер арасында Жамбыл аудандық ашық турнирінде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында мектебіміздің оқушысы Оразбек Ерасыл Ерболұлы бірінші орын, белбеу иегері атанды.
 Сегіз бұрышты алаңға Алматы облсы, Шымкент қаласы, Жамбыл облысының жасөспірімдері мен жастары қатысты.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (РО) 7-9 сыныптар арасында жас ақындар айтысы өтілді.

2023 жылдың 17 қараша күні «Ерте жүктіліктен сақтану және алдын алу» тақырыбында ауылдық ФАП фелдшері Р Балажанова мен акушерка Кураметова С 8-11 сынып қыздарының арасында кездесу өткізілді.

 2023 жылдың 17 қараша күні «Корь» ауруын алдын алу мақсатында түсіндірме өткізілді. Ауылдық ФАП фелдшері Р.Балажанова мен акушерка Кураметова С 5 -10 сынып білім алушылары арасында өткізілді.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (р.о) Ата аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспары бойынша орта буын оқушыларының ата-аналарына 5 ә, 6 а, ә сыныбының сынып жетекшілері Ж.Қалиева, Ж.Нұрмағанбетова, Ж.Игілікова “Баланың бас ұстазы - ата-ана", "Ақыл айтпа, жол көрсет" тақырыбында оқу сабағын өткізді. Өткізілген сабақтың мақсаты - позитивті ата-ана болудың құзыреттерін игеру арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту, ата-аналардың балаларды оқытудың жаңа жағдайларына толыққанды бейімдеу қабілетін дамыту мақсатындағы жұмыстармен таныстыру.
 
 Міндеттері:
 1. Ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзіреттерін игерту
 2.Ата-аналарды позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағилаттарымен, әдістерімен таныстыру
 3.Ата-аналардың жаңа оқу жағдайларына бейімделу кезеңінде баласына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге деген ұмтылысын дамыту
 4.Оқушы үшін психологиялық қолайлы жағдай жасау үшін ата-аналардың дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету
 5.Баланың негізгі мектепке оқуға бейімлелуін физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері туралы ата-аналардың түсініктерін тереңдету
 Сабақ кезінде мектеп психологы А.Пантаева ата-аналармен тренинг өткізді.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (РО) қараша айына Бракеражды комиссия мүшелерімен мектеп асханасына, тамақтану сапасына мониторинг жүргізіп акт жасалынды.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (РО) "Күмәнді шетелдік діни оқу орындарының қаупі мен отандық діни оқу орындарының артықшылығы" тақырыбында Жамбыл облыстық діни істер басқармасының Діни проблемалар зерттеу орталығының Жамбыл ауданы бойынша инспекторы және Жастар ресурстық орталығының теологы Шадиев Алмат Берікбайұлымен кездесу өтілді.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебі  (РО) қараша  айында 6 -11 сынып білім алушыларымен акция өткізілді.   Кәмелетке толмағандардың арасында құқық  бұзушылықтың алдын алу  мақсатында   « Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ » тақырыбында акция   ұйымдастырылып өткізіледі .

Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы  мағлұмат  беру,адамның ең жаман  қасиеті екенін айту .Адамның ең басты құндылығы  оның бостандығы ,олай болса оқушыларға  азаматтық  құндылықтармен  бас бостандықтарын  қорғауы   туралы үйрету.Жаман әдеттерден   бойларын аулақ ұстап,ондай әрекеттерге   бармауға  тәрбиелеу,адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

«Кәмелетке толмаған жасөспірім қыздардың  гигиенасы  мен физиологиясымен ерекшеліктері  » бойынша қыз балаларға  қараша айында мектеп психологы  А.Пантаева   6-11 сынып қыздары арасында кеңес өткізді. 

« Қыз баланың ерте есею: маман кеңесі айдарымен  6-11 сынып оқушылары арасында » мектеп медбикесі   баяндама оқыды.Мектеп психологы қыздары әңгіме жүргізді. 

Әкім Тарази атындағы тірек мектебі  (РО) қараша  айында   Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай «Жалынды ақын Махамбет»

 атты   5-10 сыныптар арасында сынып сағаттары өтілді.

Мақсаты: Елім деп еңіреген қазақтың қайсар ақыны, тәуелсіздік жолындағы батыл күрескері  М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығынан кеңірек мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, шығармаларын тарихи құндылық ретінде қабылдауға жетелеу

   Әкім Тарази атындағы тірек мектебі  (РО) қараша   айында  Қарттар мен ұрпақтар  ынтымақтастығы  күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық!» атты жалғызбасты қарияларға көмек көрсету қайырымдылық іс –шараны «Жас Ұлан »ұйымы мүшелері  5-6 сынып білім алушыларымен жалғызбасты қария Омарова Айткүл апайдың үйіне барып көмек көрсетіліп алғысын алды.

Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен.

 Мақсаты – жалғыз басты қарт және мүгедектерге көмек көрсету болып табылады. 

Әкім Тарази атындағы тірек мектебі  (РО) қараша  айында   «Домбыра Party» атты ата –ана сағатын 3-4 сыныптар арасында ұйымдастырылып өткізілді. «Домбыра party » 

Мақсаты - домбыра үнін жоғалпай, күмбірлеген күй мен саз дауысты әуендерді домбыраның құлағында ойнап, дүйім жұртқа қазақ халқының киелі аспабын ұлықтап, жастардың қасиетті аспапқа деген құлшынысын ояту болып саналады.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебі  (РО) қараша   айында  Білім беру ұйымдарына білім алушыларға  рухани-адамгершілік  құндылықтарын дарытып,бір-біріне және  қоғамға   деген мейірімділік құндылығына үйрету мақсатында «Балаға мейірім сыйла!» атты акция  «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымы белсенді мүшелері 8-10 сынып білім алушылары  мен мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаева мен сынып жетекшілер  ұйымдастырып өткізді. 

Мақсаты: Білім алушыларға мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы, «қайырымды адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру. Мейірімділіктің адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру, жақсылықты түсіну, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

   Әкім Тарази атындағы тірек мектебі  (РО) қараша   айында Дарынды балаларды анықтау ,қолдау көрсету,өй-өрісін кеңейту мақсатында  « Ұшқыр ой   алаңы» атты дебат турнирі 8-10 сыныптар арасында  «Жас Ұлан » ұйымы мен «Өркен» ӨӨӨБҰ белсенді мүшелері арасында дебат жетекшісі Абденов Алиханның ұйымдастыруымен өткізілді.  

   Әкім Тарази атындағы тірек мектебі  (РО) қараша   айында « Еңбек жемісі» атты ата-аналардың жұмысына саяхат 7 сынып білім алушылары арасында  өтілді.

Мақсаты: Ата-ананың жұмыс орнына саяхат жасау арқылы болашақта мамандық таңдауына бағдар жасау; Ата-аналарын құрметтеп, еңбектерін бағалап, жауапкершілік пен тәртіп нормаларын білуге дағдыландыру.

   Әкім Тарази атындағы тірек мектебі  (РО) қараша   айында Жасөспірімдердің кибербуллинг пен буллинг және киберқылмыстың алдын алу мақсатында  ДҚТІЖО Е.Баймұрзаевтың ұйымдастыруымен                       « Кибербуллингтің зардаптары», «Балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігінің алдын алу» сынып сағаттары  1-10 сыныптар арасында  сынып сағаттары өткізілді. 

Әкім Тарази атындағы тірек мектебі  (РО) қараша  айында Еріктілер жасақтары арқылы ерекше қамқорлықты қажет ететін балалармен « Біз біргеміз!» тақырыбында акциясы мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаеваның ұйымдастыруымен   «Өркен» өзін-өзі басқару  ұйымы белсенді мүшелері ерекше қамқорлық қажет ететін Алиева Лаураны үйіне барып ертегілер мен өлең жолдарын оқып сұхбаттасып ой бөлісті.. Алиева Лаураның анасы алғысын айтты. Лаураға жақсы денсаулық тілеп ұйым мүшелері өздерінің атынан сый сыйапатын беріп  көтеріңкі көңіл күй сыйлап  қайтты

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде 9 айға 9 іс-шара бойынша желтоқсан айының 13 күні "ШЫҒАРМА ЖАЗУ" "БОЛАШАҚҚА ХАТ" іс-шарасы өтілді.
 Мақсаты: білім алушыларға өзінің жеткен жетістіктері, алға қойған жоспарлары мен болашағы туралы шығарма жазу

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде 9 айға 9 іс-шара бойынша желтоқсан айының 13 күні "ШЫҒАРМА ЖАЗУ" "БОЛАШАҚҚА ХАТ" іс-шарасы өтілді.
 Мақсаты: білім алушыларға өзінің жеткен жетістіктері, алға қойған жоспарлары мен болашағы туралы шығарма жазу

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде 15.12.2023 жылы Тәуелсіздік күніне орай "Желтоқсан Тәуелсіздік бастауы"атты 1-11сынып арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты:Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету.Оқушыларымызға туған өлкенмізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.Елін , жерін сүюге,Отанын қастерлеуге,шыншылдыққа тәрбиелеу.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде 15.12.2023 жылы Тәуелсіздік күніне орай "Желтоқсан Тәуелсіздік бастауы"атты 1-11сынып арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты:Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету.Оқушыларымызға туған өлкенмізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.Елін , жерін сүюге,Отанын қастерлеуге,шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
 Бұл - халқымыздың ғасырлар бойығы үкілі үміті үстем болып, еліміздің еркін дамуына айқара жол ашылған қастерлі мереке.
 Болашақта алар асуы мен шығар шыңы одан да биік боларына үмітіміз зор, сеніміміз кәміл.
 Елдік мақсат-мұрат жолында атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті, қызметтеріңіз табысты болсын.
 Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат-қуат, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілейміз.
 Жылдан жылға басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Бейбітшілік мен Ұлттық бірлігіміз нығая берсін!

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде кәсіби бағдар беруші Қ.Молжігіттің ұйымдастырумен "Серпін" бағдарламасын 11 сынып оқушыларымен таныстыру мақсатында, жастар ресурстық орталығы,Көлқайнар ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы Сәбденбекова Аяла Зауірбекқызымен кездесу өткізілді.

Төле бидің 340 жылдығына орай «Туралықты тұғыр еткен Төле би »,   «Төле би –тура би ,сөз сардары» тақырыбында  1-11 сыныптар арасында адалдық сағаты өткізілді.

Желтоқсан айында 1-11 сынып білім алушыларымен мектеп кітапханашысы «Бір отбасы –бір кітап », «Жақұты барға  жасын түспейді » тақырыбында әдеби кеш өтті.

Желтоқсан айында 8-9 сынып білім алушыларымен  қазақ тілі пәні мұғалімі мен мектеп кітапханашысы С.Торайғыровтың 130 жылдығына орай  «Реалист ақын» атты поэзиялық кеш өткізді.

«Шежіре менің тірегім тарихы » атты бейнеролик байқауы 10 сынып білім алушыларымен сынып жетекшісі Г.Баймолдаева өткізді.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебі  (РО)  желтоқсан   айында ҚР Тәуелсіздік күніне  орай «Тарихым-мақтанышым» тақырыбында  эссе , «Тәуелсіздік таңы мәңгілік», «Ұлттық рух-мәңгілік ел болуына өзегі»  тақырыбында 1-11 сынып арасында  сынып сағаттары өтілді.

Мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.  Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту

Мектебімізде 26 -28 ші желтоқсан күні директордың тәрбие   ісі- жөніндегі орынбасары Е.Баймұрзаев   мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаеваның ұйымдастыруымен  1-11 сынып аралығында «Төрле, төрлет, Жаңа Жыл!» атты іс –шара болып өтті. 

 Іс- шараны 1-7 сынып оқушыларының аяз ата биімен ашып, «Балапан», «Ит», «Күлдіргі», «Қара жорға», «Қуыршақ» және «Жентельмен» биін билеп, «Біз шыршаға бардық», «Кел жаңа жыл», «Жаңа жылға тарту» және «Кел төрлет –Жаңа жыл» әндері орындалып көрермендердің көңілін көтерді. 8-11 сынып оқушыларына «Жаңа жылдық бал маскарад» кеші өткізілді. 8 сынып білім алушыларының көңілді ойыны мен 9 сынып білім алушылардың тамаша биін биледі. 9 «ә» сынып «Ән бақыт деген»  биін билесе 11 сынып лотерея ойнатып, 8 сынып қыздары «Қызыл раушан » биін билеп көпшіліктің көңілін көтерді. Мектеп директоры Х.М.Исмайлова ұстаздармен білім алушыларды жаңа келе жатқан 2024 жыл  толағай табысты жақсылыққа толы жыл болсын деп ақ тілегін арнап құттықтады. 

Мектебімізде  2024 жылдың қаңтар  «Дос және достық »  атты тәрбие сағаттары 1-4 сыныптар арасында өткізілді. 1 сынып жетекшісі   Г.Түстікбаева  «Дос және достық » тақырыбында тәрбие сағаттын өткізсе, 4 сынып   мұғалімі А.Айдаралиева "Мейірімділік - асыл қасиет" атты тәрбие сағаттарын өткізді.  

Мақсаты: 1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;
 2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,һз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
 3.Оқушыларды досытққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;

балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.         

Мектебімізде 2024 жылдың ақпан айында   “Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына – 135 жыл” тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына бірыңғай сынып сағаттары мен өлкетану сағаттары  өтілді.

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицистің өмір жолын бүгінгі ұрпаққа насихаттау, тағылымын тарату өте маңызды.

1911–1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.

1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ.Сәтбаевпен, М.Әуезовпен танысады.Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады.(1920) .Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.

Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922–1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926–1929) қызметтерін атқарады.

1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді.

Өйткені, Жүсіпбек Аймауытұлының әр туындысы патриоттық сезім, күрескерлік рухқа толы. «Ол поэзия, проза, драматургия, публицистика, сын жанрларында жаза отырып, қазақтың қамы мен қасіретін астарлап жеткізе білген қаламгер», - дейді зерттеушілер.   

Жазушы бір ғана қыздың өмірбаянын жазып отырып, жалпы қоғамдағы қордаланған мәселелер, келеңсіздіктер, Ресей патшалығының қазақ жеріне басып кіруі, сол кездегі қазақ қызының тұрмыс-тіршілігі, бар болмысын бір ғана «Ақбілек» романына сыйғызу ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі ұшан теңіз екендігін оқушыларға түсіндірілді.

Мектебімізде 2024 жылдың ақпан «Абай оқулары » атты байқауы 9-10 сынып білім алушылары арасында   өтілді. Байқауды қазақ тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімдері К.Қыбраева,Б.Жұбаева мен А.Көпеева  өткізді.

Байқау шарты.

 Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу. Орындау уақыты 3-4 минуттан аспауы тиіс;

 М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау (3-4 минут).

Халық және Абай әндерін орындау (1 ән). Уақыты
 3-5 минуттан
 аспауы тиіс. Байқау жеңімпазы : Г. Амантай 10 сынып , К.Оразбекқызы 9 сынып және барша атсалысқан білім алушыларға алғыс хаттармен марапатталынды.

 Байқау мақсаты

— мектеп оқушыларының ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау;

— жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру;

—  дарынды оқушыларға қолдау жасау. 

Мектебімізде   2024 жылдың наурыз айында   «Жас Ұлан» ұйымы мен  «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымы белсенді мүшелері  мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаева ,мектеп президенті М.Құтжан мен дебат   фракциясының белсендісі Темірханқызы С   ұйымдастыруымен      5-8 сынып білім алушыларымен   «Адал ұрпақ  елдің болашағы » атты  пікірлесу сағаттары  өткізілді. Пікірлесу сағатына «Зияткер», «Үкімет», «Руханият» топтары қатысып өз ойларын ортаға салып талқылады. 

Мақсаты: Оқушылардың жан дүниесіне адамгершілік құндылықтарды, ізгі ниетті, танымдық ой қалыптастыру.Оқушыларға әлемде мейірімділік бар екендігі туралы түсініктерін дамыту .Оқушыларға адамның жүрегі мейірімділікке толы болу керектігін ұғындыру. Оқушыларды мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу

Мектебімізде 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай        «Жас Ұлан» ұйымы "Өркен" өзін -өзі басқару ұйымының белсенді мүшелері таңертең ұстаздарымызды әуелеген әнмен, тәттілермен қарсы алды. Аналар мерекесіне орай " Ана -өмірдің шуағы" тақырыбында 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Ана- өмірдің гүлі" атты іс-шараны мектеп директоры Қ.М.Исмайлова мен Көлқайнар ауылдық округінің бас маманы А.Джолтаева сөз сөйлеп ізгі тілектерін білдірді. Қонаққа келген алтын құрсақты аналарымыз Г.Сағынбекова , Г.Тастанбекова , А.Төлебаеваларды мерекемен құттықтап сый сипаттарын табыс етілді.Мерекеге орай Аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымы және мектепшілік марапаттарды ұстаздарымыз бен кіші қызметкерлерімізге мектеп директоры Қ.М.Исмайлова табыстады.Аудандық кәсіподақ құрмет ұйымының грамотасымен Ж. Қалиева ,Г.Тамабаева ,З.Алиева ,Ж .Нұрмағамбетова, Ш.Ізбасарова табыстаса,Аудандық білім бөлімі құрмет грамотасымен , алғыс хаттарымен А.Жамансариева, Р.Байдалиева, Г.Көпадилова , Ж.Дабылбекова, А.Күзтаеваларға табыс етілді.Мектепшілік алғыс хаттарымен Пантаева А,Молжігіт Қ, Керімжанова А,Көделбаева Ж,Мырзалиева А,Меңдібекова С марапатталды. "Балдәурен"балалар хоры "Алғыс", "Анаға салем" әнін , Қ.Молжігіт "Жақсы адамдарым"әні, мектеп түлегі А.Әбдіраман ұстаздарды мейрамымен құттықтау видиосы, 7 сынып қыздары" Қазақ " биі, Н.Әлиев "Анамның тілі"әні, "Өркен"өзін -өзі басқару ұйымының құттықтау видиосы көрсетіліп, 3 сынып білім алушылары "Ана"әнін,9 сынып "Пародия биі", Б.Алиева "Мама" әнін,Қ.Темірлан "Жақсы көрем әже "әні, Жас Ұлан ұйымы "Ретро " би, 6 сынып білім алушылары "Папури" ана туралы әндер айтса,        5 "а" сынып білім алушысы Е.Құтжан мен Ә.Аман " Анаға сый " әнін орындады ,9 сынып қыздары Заманауи би билесе , 6 сынып білім алушысы Қ.Амантай "Әжетайым "әні және музыка пәні мұғалімі Г. Көпадилова " Қайтар маған " әнін орындап жақсы көңіл күй сыйлады

      Әкім Тарази  атындағы тірек мектебінде наурыз айында     «Жас Ұлан» ұйымы   «Өркен» өзін-өзі басқару ұйым белсенеді мүшелерімен аға тәлімгер Ұ.Ордабаеваның  ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасында «Эко күнтізбе » айдары бойынша  «Табиғат  тамашалары » атты   сурет байқауы сурет пәні мұғалімі Т.Орынбасарұлы  өткізді. «Ғажайыпқа толы табиғат сырлары » атты эко челленджі 8 сынып білім алушыларымен сынып жетекшісі  Г.Тамабаева мен мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаева ұйымдастырып  өткізді.

Мақсаты: Балаларға қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде екенін түсіндіру. Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, балаларға еліміздің экологиясы, табиғаты жайлы мәліметтер беру.Балаларды елін, жерін сүюге, қадірлеуге және табиғатты  қорғауға, аялауға тәрбиелеу.Сұрақ-жауап арқылы баланың ой-өрісін дамыту, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлеуін қадағалау. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

 Бейнелеу өнеріндегі арынды оқушыларды анықтау, оқушылардың  ойлау қабілеттерін дамыту, патриоттық көзқарастарын дамыту.

     Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (РО)    20 – Наурыз күні      «Армысың ,Әз Наурыз!»  атты іс-шара барысында  «Жас қыран » мен «Жас Ұлан » ұйымының  белсенді мүшелері қатысты. Даярлық тобы және                1-11 сынып арасында қазақ ұлтының салт дәстүрлерін  дәріптеу       мақсатында  «Салт дәстүрлер» көрінісі көрсетіліп ,сыныптарда   «Қазақ болып тумағанда не етер ем »  тақырыбында  тәрбие сағаттары   өткізілді. 

Мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Мерекелік көңіл - күй қалыптастыру. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт - дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бірін - бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Наурызда сыныптардың өткізетін салт дәстүр атауы.

  1 «А» - Шілдехана                                           1 «Ә» - Ат қою

   2 «А» -     Бесік той                                         2 «Ә» - Құрқынан шығару

  3 «А» -   Иткөйлек                                           3 «Ә» - Сүндет той

  4 «А» -   Тілашар                                              4 «Ә» - Енші

  5 «А» - Айдар,кекіл,тұлым                               5 «Ә» - Бата 

 6 «А» -  Жарапазан                                            6 «Ә» - Ерулік

 7 «А» - Жеті ата                                       7 «Ә»- Құлақ тесу

  8 «А» - Байғазы                                                

  9 «А» - Құда түсу                                              9 «Ә» - Құз ұзату

10  «А» -  Бастаңғы                                             11 «А» - Әз-  Наурыз 


Әр сынып өз кабинеттерінде көріністерін көрсетіліп Әз-Наурызға арналған   ақ дастархандарын жайып наурыз көже ішіп жақсы көңіл күймен қайтты. Мектеп алаңында спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді.Арқан тарту,асық ойнау,ләңгі тебуден жарыстар өтті. « Балбырайын »  күй бір мезгілде мектебіміздің білім алушылары орындауында орындалды. 

 Әкім   Тарази  атындағы  тірек   мектебінде (РО) Наурыз   мерекесіне  орай 19 Наурыз  Жаңару    күніне  «Көгеріштендіру» акциясына өтті. « Жас Ұлан », «Өркен» өзін –өзі басқару ұйымының  белсенді   мүшелері  9-11 сынып білім алушылары мен  ұстаздар  атсалысып , мектеп  ауласына   10 туя ,15 арша, 7 тұт    ағашы  және  20 түп раушан гүлдерінің көшеттері  отырғызылды   . 

Мақсаты: Туған жердің   тазалығын сақтау,көгалдандыру жұмысы мен шұғылдандыру және табиғатты сүюге,аялауға қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосу.

 Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (РО)  14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі. «Жас Ұлан» ұйымы белсенді мүшелері таңертең мектепке келген ұстаздар мен оқушыларды ұлттық  киіммен  қарсы алып   көрісті.   « Көрісу »  тақырыбында  салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында көрініс көрсетілді. Ұйымдастырған : ДТІЖО Е.Баймұрзаев пен мектеп тәлімгері  Ұ. Ордабаева  

       Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (РО)  16 наурыз -  «Салт дәстүрлер » күні өткізілді. Салт-дәстүрлер – халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, рухани байлығы. Әрбір халықтың өзіндік ерекшеліктері олардың салт-дәстүрлері  көрінеді.  «Жас Ұлан» ұйымы белсенді мүшелері салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында « Жарапазан » көрініс көрсетілді. Жарапазанның негізгі мақсаты —осы қасиетті айда халықты жақсылыққа шақыру. Ол туралы Ахмет Байтұрсынұлы: «Жарапазан — Рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. 

       Әкім   Тарази  атындағы  тірек   мектебінде (р.о) Ұлттық ойынымызды ұлықтау  мақсатында   Наурыз  мерекесіне  орай   20 наурыз     күні                    « Ұлттық спорт »    ойыны  өтті. тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту   сияқты ұлттық спорт түрлері « Жас Ұлан » ұйымының  белсенді   мүшелері  5-6,7-8,9-11 сынып білім алушылары арасында өткізілді.

Мақсаты: Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналған.

Мектебімізде 2024 жылдың   сәуір айында  « Ілияс оқулары  » атты байқауы  5-7 сынып білім алушылары арасында   өтілді. Байқауды қазақ тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімдері К.Қыбраева,Б.Жұбаева мен А.Көпеева   өткізді.

Байқау шарты.  Ілияс шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу. Орындау уақыты 3-4 минуттан аспауы тиіс; Кеңесбаева А 6 ә сынып білім алушысы ,Сатыбалды М 6 а және қатысқан білім алушыларға алғыс хаттар мен  марапаттады.

 Байқау мақсаты : мектеп оқушыларының ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау;

— жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру;

—  дарынды оқушыларға қолдау жасау. 

Мектебімізде   2024 жылдың сәуір  айында  1-8 сынып оқушылары арасында  салауатты өмір салтын ұстану,дұрыс тамақтану тиімді ұйымдастыру  «Дұрыс тамақтана білесің бе?»   атты сынып сағаттары  ұйымдастырылып өткізілді.  «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымы белсенді мүшесі  мектеп президенті М.Құтжан, мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаева  5-8 сынып білім алушыларына баяндама оқып  түсіндірме жұмыстары өткізілді.  Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

       Әкім  Тарази   атындағы  тірек  мектебінде (р.о) 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай  флеш моб  өткізілді. « Жас Ұлан » ұйымының  белсенді   мүшелері  6-7  сынып білім алушылары арасында флеш моб  өткізілді. Ұйымдастырған мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаева. 

Мақсаты: Дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Бос уақыттарын жаттығу түрлеріне арнауға үйрету. Ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

  Әкім  Тарази   атындағы  тірек  мектебінде (р.о) «Қыз Жібек» клубы төрайымы Г.Тамабаева 8-11 сынып қыздары арасында «Мамандық таңдау маңызды іс»  тақырыбында әңгіме сұхбат жүргізді. Әр кім өз таңдайтын мамандықтан қателеспеуін айтылды. Болашақта өз таңдаған мамандық иесі болып қалыптасу үлкен жауапкершілік екенін айтып түсіндірілді.                          

     Әкім  Тарази   атындағы  тірек  мектебінде (р.о)  АӘД пәні мұғалімі А.Олжатаев  8-11 сынып ұлдар арасында «Мамандық таңдау маңызды іс»  тақырыбында әңгіме сұхбат жүргізді. Әр кім өз таңдайтын мамандықтан қателеспеуін айтылды. Болашақта өз таңдаған мамандық иесі болып қалыптасу үлкен жауапкершілік екенін айтып түсіндірілді. Ер балалар өз елін ,жерін қорғай білу және отан алдындағы борышын атқарудан қашпай туған елге адал еңбек ету керектігі түсіндірілді.                          

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауыл көшелерінде рейд жүргізілді. Рейд жүргізілу кезінде   кәмелетке толмаған оқушылар арасында құқық бұзушылықтың  және беймезгіл уақытта жүрген оқушылар анықталмады.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (Р.О) 2024 жылдың  30 сәуір күні       1 мамыр – ынтымақ, бірлік күніне орай «Ынтымағы жарасқан туған 

өлкем-Қазақстан» атты тәрбие  сағаттары 1-11 сынып арасында  өткізілді.

Мақсаты : Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (Р.О) 2024 жылдың  6 мамыр  күні 

« Жас Ұлан » ұйымы,   «Өркен » өзін-өзі басқару ұйымы ,«Қыз Жібек» клубының  белсенді мүшелері  7- мамыр «Отан қорғаушылар» күніне орай ,9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай мектеп ер ұстаздары мен білім алушы жігіттерді әсем ән мен қарсы алып тәттілер берілді. Үлкен үзілісте жігіттерге арнап заманауи би білеп көңіл көтерді.  «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» тақырыбында 1-11 сынып арасында тәрбие сағаттары өткізілді. 

Мақсаты: Оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Мектебімізде 25 мамыр күні « Мектебім,саған мың алғыс» тақырыбында салтанатты жиын өтті.  Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды. Мектебімізді 2023-2024 оқу жылында   11 сыныпты 17  жас түлек  аяқтады. Мектеп бітіруші  жас түлектер Оразбек Ерасыл көк туымызды көкке көтерсе, мектеп бұйрығымен таныстыру үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ноғайбаев Майра Әбденбайқызы сөз алды. Жас түлектерге  мектеп директоры Исмайлова Калила Мамадиярқызы, Жамбыл ауданы  әкімінің  бас инспекторы  Жарасбаев Самат,Жамбыл ауданы  білім бөлімінің әдіскері  Айгүл Бақытжанқызы, Көлқайнар ауылдық округінің әкімі Қонаров Асылбек Серікұлы   өздерінің  ақ тілегін   білдіріп оқушыларға сәт сапар,   алдағы  үлкен өмір жолдарына сәттілік тіледі. 4 «А» сыныптың білім алушылары Төленді Жалғас « Ұстазға арнау» ән,1 сынып білім алушылары тақпақтар, 4 «А» сынып қыздары «Стюардесса» биін биледі. Ортаға 20 жылдық түлектері қонаққа келіп ұстаздары мен  жас түлектерге өздерінің жүрек жарды ақ тілектерін арнап сәттілік тіледі . Амангелді Аяулым   мектебіміздің салтына айналған алтын кілтті 10 сынып оқушысы Құтжан Маржанға, Серік Адия білім кітабын 10 сынып оқушы Амантай Гүлназға табыс етті. Түлектердің алғашқы ұстаздары мен сынып жетекшісі Тоқтыбаева Ләззат,Мәулешова Гаухар және Байданова Айсұлу әпкейлері сөз сөйлеп түлектерге ақ тілектер арнады. Мектеп бітіруші жас түлектер Құдайберген Әділет пен Амангелді Аяулым  «Мектебім » әнін орындады, Ата –аналар атынан  Құлмағанбетова Фатима сөз сөйлеп жас түлектерге сәт сапар тіледі.  Мектеп бітіруші  жас түлектер хор «Қош бол мектебім» әнін орындады, Жас түлектердің «Қоштасу вальсі» би биледі, ұстаздарға өзінің алғысын білдіріп ақ тілегін арнады. Мектеп бітіруші түлектерге жас түлек Таймас Аруна мен 1 сынып білім алушысы Қуаныш Қайнар  соңғы қоңырау соқты.