Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің (РО) мектеп медбикесі Ш.Кудабаева мен мектеп тәлімгері Ұ.Ордабаеваның ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 қараша күні «Ерте жүктіліктен сақтану және алдын алу» тақырыбында ауылдық ФАП фелдшері Р.Балажанова мен акушерка Кураметова С 8-11 сынып қыздарының арасында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя білу, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Күн шуағы» жаттығуы, «Қыздарға арналған психологиялық 40 кеңес» жаттығулары жүргізілді. Кездесу нәтижесі бойынша, қыздардың маңызды ақпарат алғандығы анықталды.