"Ауғанның асуында от кешкендер" » Сш им Тарази
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Тарази атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Ауғанның асуында от кешкендер"
14
февраль
2024

"Ауғанның асуында от кешкендер"

Мектебімізде 14 ақпан күні Ауған соғысының аяқталуына 35 жыл толуына орай айтулы күнді атап өтті. Тарихи оқиға туралы мәлімет беру, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ДТІЖО Е.Баймұрзаев, аға тәлімгер Ұ.Ордабаеваның ұйымдастыруымен "Ауғанның асуында от кешкендер" тақырыбында кездесу өткізді. Жиын ҚР мемлекеттік Гимнімен басталып, қаза болған Ауған соғысы ардагерлерін еске алу 1 минут үнсіздіктен кейін жалғасты. « Ауған соғысы » туралы бейнефильмдер көрсетілді. Кездесуге Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан « Қызыл Жұлдыз » ордені иегері Нұрлан Амангелдіұлы Омаровтың ата –анасы Омаров Амангелді атамыз қатысты. Іс-шара барысында "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының 5 сынып үздік білім алушылары өлең жолдарын оқыды. Мектеп білім алушыларынан құрылған « Балдәурен » хор « Соғыс болмаса екен »,« Жойылсын соғыс » атты өлеңдерін орындады.Тастөбе ауылдық кітапхана меңгерушісі Бүйембаева Гаухар «Ауған соғыс» тақырыбында баяндама оқыды. АӘД пән мұғалімі Олжатаев Алтынхан 10-11 сынып білім алушылары арасында винтовка атудан жарыс ұйымдастырып өткізді. Қонаққа келген Омаров Амангелді атамыз ұлы Нұрлан Омаровтың ерліктерімен, естеліктерін ой бөлісіп, ұстаздар мен оқушыларға өз алғысын айтып батасын берді. Амангелді атамызға естелікке сый-сияпаты берілді