Педагог- кәсіби бағдар берушінің 2023-2024 оқу жылының талдауы » Сш им Тарази
Zhambyl region
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Тарази атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Педагог- кәсіби бағдар берушінің 2023-2024 оқу жылының талдауы
20
June
2024

Педагог- кәсіби бағдар берушінің 2023-2024 оқу жылының талдауы

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің (ресурстық орталық) 

Педагог- кәсіби бағдар берушінің 2023-2024 

оқу жылының талдауы



Мақсаты: 

білім алушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптіксалаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына көмек беру;


Міндеттері: 

- білім алушыларға мамандықтар әлемітуралы біртұтас мағлұмат беру;

-білім алушыларыдың өз қызығушылығын;

-бейінін;

- қабілетін анықтауы үшін арнайы сауалнамалар жүргізу;

- кәсіптер бойынша адам қасиеттерінің ерекшілігімен таныстыру;

-білім алушының өзінің танымдық және жеке бас ерекшеліктері мен таңдаған кәсіптік саласына қажет кәсіби сипаттамаларды ұштастыра отырып, кәсіби жолын анықтауына жағдай туғызу.



Кәсіби бағдар беруге байланысты атқарылатын жұмысының жылдық жоспары   құрылып, бекітілді.

Қыркүйек айында  мектеп фоесіндегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары, кәсіптік бағдар беру кабинетіндегі материалдарды жаңарту және оны өзекті ақпаратпен жүйелі қамтамасыз ету бойынша әдістемелік материалдармен толықтырып үнемі  ақпараттандырды.

2023-2024 оқу жылына 1-11 сынып білімалушыларының тізімі құрылып, жинақталды.

2022-2023 өткен оқу жылы бойынша мектеп түлектерінің, 9,10,11 сынып білімалушыларының кәсіби бағдар нәтижесін талдау мақсатында сараптама жасалды.

          9-11 білім алушыларға арналған кәсіп таңдаудағы сұрақтарға кеңес беру жұмыстары  бойынша «Сенім жәшігі» орналастырылды.

         9-11-өңірлік еңбек нарығы туралы, білім алушыларды ақпараттандырылды. Өндіріс түрлерімен таныстырылды.Таңдалған мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту мүмкіндіктерімен таныстырылды.

          Таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша  кеңес берілді.https://www.bagdar.kz/kz/Proforientatio

Қазан айында 11- сынып білім алушыларына арналған  «Мамандық туралы не білесің?» сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды.

Қазан айында 9- сынып білім алушыларымен «Болашақтағы менің кәсібім»   тақырыбында эссе  алынды.

Қазан айында 10-11 жастағы білім алушыларды https://qabilet.elbasyacademy.kz/ сайтына тіркеп, тест жұмыстарын орындады.

         Қазан    айында 4-сынып білім алушылары    «Кім боламын?» тақырыбында сурет салды. 

          Қазан айында 9, 10 , 11- сынып білім алушыларымен жүргізілген тұлғаның қызығушылығын, қабілетін айқындау мақсатында, Д.Голланд әдісі «Тұлғаның типтерін анықтау» тесті алынды. Әр бағанда 29 сұрақ бар.1баған 1-29 дейін, 2 баған 30-58 дейін, 3 баған 59 - 87–дейін, 4 баған 88 – 116 дейін,  5 баған 117- 145 дейін, 6 баған 146 -  174 дейін,  7 баған   « +»  - бұл бағанда өзің үшін  ұнамды жауаптарды белгілейді.

8 баған  « - »  -бұл бағанда ұнамсыз жауаптар белгіленеді.Білім алушының  басты   қызығушылықтарын  анықтау  үшін   сұрақтар тізімі ұсынылады. Әр сұраққа зейін қойып , дәл жауап беруге тырысады.Егер сұралып отырған  нәрсенің білім алушыға ұнайтынына бірнешерет көз жеткен болса,  онда сол сұрақтың  тұсына /++/  екі қосу белгісін қояды. Егер жәйғана ұнаса  онда « + » бір қосу белгісін қояды.  Егер жауап бере алмаса,  өз-өзіңе сенбесе  - 0  /ноль/ қояды, ұнамаса - /-/ алу , егер мүлдем ұнамаса   екі /- -/ белгісің қояды.  Бірде бір сұрақты тастаMay, барлығына түгел жауап береді.Парақты толтыру уақыты шектелмейді. Бланкіге  жауаптарың жазып болған соң, әр баған бойынша ұнамды /оң/ жауаптарын санап шығады.Алынған деректерді талқылай отырып, осы әдістеменің көмегімен  алынған деректер  қызығушылықтардың аясын анықтап қана қойMay, сондай ақ болашақ мамандықты таңдау ынтасын қалыптастыруда маңызды орын  алатын қызығушылықтардың  байқалу   айқындығының деңгейін  де анықтауға көмегін тигізді.

Қараша айынында 7-8 сынып білім алушыларынан Сьюзен Деллингер әдісі. «Психогеометриялық тест » жеке тұлғаны фигуралар арқылы тест алынды. 

          Қараша айында 9-11 сынып білім алушыларына арналған  https://baribar.kz/51966/11-synyp-oqushylaryna-mamandyqtar-men-olargha-qazhetti-tanhdau-panderi/онлайн тесттерге тіркеліп, қатысып қорытындысы шығарылды.

          Қараша айында  9,10,11- сынып білім алушыларына «Мамандық қалай таңдаймын?»  мамандықты оңай көмектесетін ең үздік сұрақтар қойылып, ютуб желісінен мамандыққа байланысты бейнеролик көрсетілді.

          Қараша айында  5- сынып білім алушыларынан  «Мен өскенде кім боламын?» тақырыбында эссе алынды. А.Нұрислам – ұшқыш, Ә.Жанел,Ә.Айман - актер, Қ.Еркенез,Қ.Жания- мұғалім, І.Айзере,А.Аяла- әнші, С.Мерей,С.Мөлдір-дәрігер,Б.Сабыржан- спортшы болғысы келеді ауылдың жағдайын көтеруге үлесімді қосар едім деп өз ойын жазған.

Желтоқсан  айында 9-11 сынып білім алушыларына арналған  «Менің болашақ мамандығым» http://kasiptest.kz/тақырыбында  онлайн тесттерге  тіркеліп қатысты. Оқушылардың  мамандыққа деген қызуғушылықтары артты. Сауалнама, тест жұмыстары алынған сайын  оқушыларға мамандық таңдау үлкен жауапкершіліктен тұратынын баса айтамыз. Болашақта еш қателесуге болMayтынын жете түсіндірді. Оқушыларда жауапкершілік деген қасиеттін жете сезінеді.

Желтоқсан айында 11-сыныпқа «Сатылған  өмір» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Мақсаты:  Бейне роликті көрсету арқылы білім алушыларға мамандық туралы ақпарат беру. Адалдыққа тәрбиелеу. Өмірде бәрі сатылMayтынын әңгімелесу арқылы оқушыларға жеткіздік. «Білім инемен құдық қазғандай» деп дана халқымыз бекер айтпаған, оның мағынасында қаншама сөздер жатқанын оқушылардың бойына сіңірдік.

Желтоқсан айында 6-сыныпқа «Жүз жол- бірі сенікі»  тақырыбында баяндама оқылды. Мамандық –жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш  алып еңбектің рахатын көру керек.  «Ұялмаған әнші болады, ерінбеген етікші болады», -деген халқымыздың  сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да өз ісінің шебері бол. Мамандық таңдаған сәтте сол кәсіпті сүйіп таңдау керек екендігін оқушыларға баса айтылды. Қорыта келе, ұлы педагог Ушенский: «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осыған бар жігеріңізді сарп етсеңіз, сізден асқан бақытты жан болMayды»,- деген сөзімен баяндаманы аяқтадым

Желтоқсан айында 9-11  сынып білім алушыларымен кәсіби мінез-құлық типін анықтау мақсатында «Голомшок» әдісі бойынша тест жұмыстары алынды.

Желтоқсан  айында I жарты жылдық есеп берілді.

Қаңтар айында 9-сынып оқушыларынан «Сенің кәсіби ой-ниетің» тақырыбында сауалнама алынып нәтижесі шықты. Schoolchildren қойылған сұрақтар 9-сыныпты бітірген соң не істейсің? Ата- анаң 9-сыныпты бітірген соң не істе деп кеңес беруде? Таңдаған мамандығының мазмұны, оқу және жұмыс шарттары туралы білесің бе?, Негізгі жоспарыңды жүзеге асыра алмағанда қолданатын қосалқы жоспарын бар ма? деген сұрақтарға жауап беріп өтті. Оқушылар сауалнама, онлайн тесттерге жауап беру арқылы білімдерін шыңдап жатыр.

Қаңтар айында 9-11сынып оқушыларынан proforientolog.kz

тақырыбында онлайн тест алынып нәтижесі шықты. Schoolchildren қойылған сұрақтар «Өзіңіздің болашақ мамандығыңызды таңдадыңыз ба?», «Қандай мамандық таңдадыңыз, жазып көрсетіңіз», «9-сыныптан кейінгі сіздің жоспарыңыз?», «Өзіңіз болашақ мамандығыңызға дайынсыз ба?» деген сұрақтарға жауап берді. Тестке оқушылар түгел қатысты 

          Қаңтар айында 7-8 сынып білім алушыларынан   Түрікпенұлы Жолмаханның әдісі бойынша « Ынта- ықыласын анықтау картасы» тақырыбында сауалнама алынды. Мақсаты: орта буын оқушыларының ынта –ықыласын ескере отырып, қызығушылығын анықтап, таңдау нақтылау және болашақта қандай мамандық таңдауға болатынын анықтау. Оқушылар қойылған сұрақтара еш қиындықсыз жауап берді.

          Қаңтар айында «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты кездеу өтті. Кездесуге арнайы мамандар шақырылды.

Жамансариев Әлібек Еламанұлы - ҚР АШМ АӨК МИК Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы.

Құтжанов Бақытжан Райымбайұлы - Жамбыл  ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы.

Жамбыл ауданды төтенше жағдай мекемесі өрт сөндіру бөлімі- Күдербай Нұржан азаматтық қорғау лейтенент.

Жамбыл ауданды төтенше жағдай мекемесі өрт сөндіру бөлімі- Пернебай Заманбай азаматтық қорғау аға лейтенант.

Кездесу сұрақ- жауап, жұмбақтар арқылы басталды. Тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, оқушылармен сұхбат құрды. Мамандық мойынша статистикаға тоқталып біраз мәлімет берілді.Кездесу қызықты, оқушыларға жақсы көңіл кhouseсыйлады.  

Қаңтар айында   9-сынып білім алушыларына  Жамбыл ауданы аға электригі Бөгенбаев Ж.,аудандық терапевт дәрігер-Аширбаева, ардагер ұстаз –Омарова Айткүл әпкеймен кездесу өткізілді. Түлектерге кеңесін берді.Ютуб каналында бейнеролик көрсетілді. Бұл роликте кейіпкер өзіңнің  қай саланың маманы екенін және болашақ мамандыққа 5-сыныптан бастап таңдау жасау керек екенін, егер жүрек қалаMayтын  мамандық болса онда ол мамандықты оқымауға кеңес берді. Егер жүрек қалап түскен мамандық болса , өмірде жеңіске жеткеніңіз деп ақылын айтты. Schoolchildren бұл бейнероликтегі кейіпкердің әңгімесі өте қатты ұнады. Болашақ мамандықтарына сүйіспеншілікпен қарайтыңдарын айтты. 

Қаңтар айында педагог- кәсіби бағдар беруші Қ.Молжігіттің ұйымдастыруымен 4-7 сынып арасында  «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында сурет байқауы өтті.  5-7- сынып білім алушыларынан «Қандай мамандықты таңдаймын» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Бұл әрине үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі. Себебі осы бағыт бағдар адам ғұмырының алдағы болашағына өз әсерін тигізеді. Дұрыс жол тапсаң дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мүм­кін­діктеріне қол жеткізесің.Менің болашақ мамандығым өз  қолымда екенін, қандай маман иесі болғым келеді, қай мамандықты таңдасам болады? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз.  Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Мамандық таңдау — адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Әр бір   білім алушылары өзінің бағыт-бағдарына карай, өзі таңдайтын мамандықтары туралы сурет арқылы  көрсетті.

Ақпан айында мектеп кітапханашысы А.Жамансариева мен педагог –кәсіби бағдар беруші Қ.Молжігіттің ұйымдастыруымен 9-11 сынып білім алушыларына мамандықтар әлемін баяндайтын, ғалым, маман иелері туралы әдебиеттермен, оқулықтармен таныстырып, жеткен жітістіктері туралы әңгіме жүргізді. Өзіміздің өңірден шыққан білімді азамат пен азаматшалардың да атын атап өтті.

Ақпан айында 11 сынып білім алушыларымен әлеуметтік бейнеролик көрсету, әңгімелесу мақсатында мамандық таңдау мектебі каналын көрсету арқылы  «Болашақта сұранысқа ие  супер мамандықтар» тақырыбында  баяндама оқып, бейнероликтер көрсетілді. https://www.youtube.com/watch?v=IqW4w46S6nA.  Оқушылар мамандық туралы біраз мәліметтер алды.

Ақпан айында мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай  педагог- кәсіби бағдар беруші Ж.Балбекованың ұйымдастыруымен 17.02.2024 ж. күні  «Ауған соғысының ақиқаты туралы» атты мерекелік кездесу  өткізді.  Жиынға ауданнан  Есалиев Қалмырза Мәдиұлы, ауған соғысының ардагері, көркем еңбек пәнінің мұғалімі келді.

Жиын ҚР мемлекеттік Гимнімен басталып, қаза болған Ауған ардагерлерін еске алумен 1 минут үнсіздіктен кейін жалғасты. «Ауған соғысы» туралы бейнефильмдер көрсетілді. Кездесуге Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан «Қызыл Жұлдыз»   ордені иегері Нұрлан Амангелдіұлы туралыда айтылып, еске алды.   Іс-шара барысында ауған ардагерлеріне арнап 5- сынып оқушылары өлең шумақтарын оқыды. Мектеп оқушыларынан құрылған 5-6 сынып оқушылары «Қазақстаным Отаным » атты   хор өлеңдерін орындады. Қонаққа келген Есалиев Қалмырза Мәдиұлы атамыз  ұстаздар мен оқушыларға өз алғысын айтып  батасын берді.  Ж.Балбекова Қалмырза  атамызға естелікке сый-сияпатын берді. 

Ақпан айында 9-11 сыныпқыздарына мамандық таңдау мектебі каналын көрсету мақсатында  «Қыздарға арналған мамандықтар»https://www.youtube.com/watch?v=IqW4w46S6nA тақырыбында қыздарға бейнеролик көрсетіліп, баяндама оқылды. Қыздарға арналған мамандықтарды төмендегідей;   Аудармашы, туризм менеджері, стилист-косметолог, визажист, сұлулық салонының қызметкері, дизайнер, PR 

Наурыз  айының 3-күні 11-сынып білім алушыларымен «Мен және менің болашақ мамандығым»,  «Өз ісіңе адал бол»  тақырыбында https://www.youtube.com/watch?v=o3Wh09mr0mo ,https://www.youtube.com/watch

v=hBsooVntR94   сайтында әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, әңгіме жүргізілді. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзіңнің мамандығына , жұмысыңызға деген махаббат болу керек. Мектеп бітіруші түлектерге  дана халқымыздың «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалды ұран етіп ұстауды кеңес берілді. Болашақ мамандық таңдауда еш қателеспей сүйген мамандықтарына түсулеріне сәттілік теледім.

          Наурыз айының 14- күні физика пәнінің мұғалімі Ж.Көделбаеваның ұйымдастыруымен «Техниканың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында 

9- сынып оқушыларына лекция оқыды. Қазіргі таңда қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес. Ғылым-бұл қоғам, табиғат және ойлау қабілеті туралы жаңа білімді алу үшін бағытталған зерттеу әрекетінің сферасын айтады. Ерекше адамзат тобының арнайы және физикалық сабақ түрінің әрекеті, сонымен қатар дұрыс еңбек ізінен және еңбектің қоғамдық бөлімдерінен ғылым туады. Ірі көлік өндірісінің шығуы, ғылымда өндірістің өзіне беделді факторларының жағдайын құрайды.Ғылым философиясы ғылыми білімнің сипаттамасын, табиғатын, жағдайын ашуды міндет етіп қояды. Ғылым философиясының пәні болып ғылыми білімді қалыптастырушы ерекше қызмет ретіндегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтары мен бағдарлары табылатынын айтып өтті.

          Наурыз айында мектеп психологы А.Пантаеваның ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларымен «Психогеометриялық тест»жеке тұлғаны фигуралар арқылы зерттеп,суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: үшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен – «Мен» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Егерде таңдау қиын болса, сізге бірінші болып қараған, көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен белгілеңіз. Сонымен, сіздің бірінші деп белгілеген фигураңыз - Сіздің негізгі фигураңыз. Ал қалғандары сіздің мінезіңізге қосымша әр беретін бөлшектер. Ал соңғы фигура сіздің қарым - қатынас жасауда қиыншылық көретін адамның формасы болып табылатынын айтып өтті. Оқушылардың мінез құлқын фигура арқылы анықтады. Schoolchildren бұл әдіс өте ұнады.

Сәуір айында 11-сынып оқушыларымен «Сенім менің серігім» атты тренинг өткізілді. Тренингте оқушыларға мамандық таңдауға, кәсіптік бағдар беруге және кәсіптік мамандықтардың маңыздылығы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларымыз тренингте «Танысу» жаттығуы, «Сіз кімсіз?» жаттығуы, «Әріпті мамандық» ойыны және сергіту жаттығулары өткізілді. Оқушылардың барлығы белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды және қандай мамандық иесі болатыны жайлыда айтып өтті. Тренингте оқушыларға психологиялық жайлы орта қалыптастырдық. Тренинг соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, бір-бірлеріне ақ  тілектерін жазды. 

        Сәуір айының 11- күні кәсіби бағдар беру педагогі  Ж.Балбекованың  ұйымдастыруымен «Не? Қайда? Қашан?»атты мамандық туралы викторинажелісі бойынша 7- сыныптар арасында сыныптан тыс ісшара өтілді.Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тексеру, ойынға қабілетін қалыптастыру, сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта білуіне көмектесу.Ойынға қатысушы топтар өздері дайындаған сұрақтары және жеңіл сұрақтардан құралған блиц сұрақтарын қарсы топтарға береді.
 Сұрақтар конверттердің ішінде жазылған сол бойынша сұрақтарға жауап берді. Қойылған сұрақтардың барлығына дұрыс жауап берген  І Топ жеңіске жетті. Ойын оқушыларға өте қатты ұнады.

Сәуірдің 20-күні 9-11 сыныпбілім алушыларымен«Мен және менің болашақ мамандығым»,  «Мамандығым жауапкершілікті қажет етеді»  тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Schoolchildren  мамандық таңдау ережесі түсіндірілді. Барынша көптеген мамандықты зерттеу керек және сіз тіршілік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет. Барынша өзіңе ұнамды және ыңғайлы  мамандықты таңдауың керек. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып ойыңды жүзеге асыруда және мамандықты  жетік меңгеруде табандылық танытуың керек екенін оқушыларға жете түсіріп өтті.

Мамыр айының басында 11-сынып ата-аналарымен кездесу ұйымдастырлып, сауалнамалар алынып, болашақта таңдап отырған мамандығы жайлы қысқаша мәлімет берілді.

          Информатика пәнінің мұғалімі З.Алиеваhttps://egov.kz/cms/ru  порталымен жұмыс жасау жолдары жайлы 11- сынып білім алушыларына таныстырды.

       «Жүз жол, бірі –сенікі» тақырыбында 11 сынып білім алушыларымен психологиялық тренинг өтілді. Тренингті  мектеп психологі А.Пантаева    мен кәсіби бағдар беруші педагог Қ.Молжігіт  жүргізді.

Анықтамалар мен   хаттамаларыдың фото есептірінің бәрі түгел жинақталып папкаға салынып, мониторинг сараптамасы талданып, қорытындылау жұмыстары жүргізіліп,  жылдық есеп жазылды.  


Кемшіліктер:


  1. 4-6 сынып білім алушылары  «qabilet» сайтына уақытылы тіркелмеуі.
  2. 8-сынып білім алушыларына мамандық бойынша бейнероликтер аз көрсетілуі.
  3. 7-8 сынып білім алушыларының ата-аналарынан сауалнама алынбауы.


Ұсыныс: 

  1. 9-11 сынып білім алушыларының ата-аналарымен кездесулер және сауалнамалар, түсіндірме жұмыстары жиі ұйымдастырылса.
  2.  9-11сынып оқушыларын ЖОО ашық есік күніне жылына 3 рет апарса.




Анықтама жазған:                                               Қ.Молжігіт