БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ » Сш им Тарази
Zhambyl region
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Тарази атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
25
September
2023

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
📌Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" және мектебіміздің ресми сайтына жарияланды.
📌Конкурс төмендегідей бос орынға жүргізіледі:
Педагог-кәсіби бағдар беруші – тұрақты.
📌Еңбек жалақысы еңбек өтіліне және біліктілік санатына байланысты
📌Құжаттарды қабылдау 25 қыркүйектен басталады.
📌Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл ауданы, Тастөбе ауылы, С.Таркаева №6 .
📌 Анықтама байланыс телефоны: 8 -726-33-2-34-14
📌Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,
кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/
академиялық дәрежелер мен атақтар беру