«Лучший педагог-2024» мектепішілік байқауының ЕРЕЖЕСІ
«Лучший педагог-2024» мектепішілік байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты: Педагогтердің қоғамда оң имиджінің қалыптасуына, ұстаз мәртебесінің артуына, білім беру саласына тәуелсіз сараптама жасап, үздіктерін анықтап, оларды көтермелеу бағытында қоғамдық сектордың маңыздылығы зор.
Білім саласында өз жұмысына адал , сапалы әрі жауаптылықпен орындайтын білікті мамандарды ынталандырып , өзге әріптестеріне үлгі ету мақсатында «Лучший педагог-2024» мектепішілік байқауы өткізілуде.
Байқауға қажетті құжаттарды қабылдау мерзімі:
29.02.2024 жыл сағат 18.00-ге дейін.
Құжаттары дұрыс рəсімделмеген жəне белгіленген уақыттан кешіккен қатысушылардың өтініштері қаралмайды.
26.02.24 жыл-28.02.24 жыл сұраныс қабылдау
29.02.24 жыл- 06.03.24 жыл қазылар алқасына эссе, электронды портфолио мен бейнесабақтар ұсыну (онлайн)
09.03.24 жыл сағат 15-00 -де байқаудың ІІ кезеңінде бақ сынау
Байқау шарттары : (Барлық құжаттардың үлгісі қосымша тіркелді.)
1. Байқауға қатысу үшін Өтініш жазасыз. Өтініш қолмен жазылады
2. «Педагогтің бір күндік өмірі» тақырыбында бейнеролик түсіру .
Көлемі 3-10 минут шеңберінде болуы шарт. Еркін стильде.
3. 15 минуттік бейнесабақ. .Бағалау критерийлері:
ә) бейнесабақтың мақсаты нақты және қолжетімді;
а) белсенді әдістерді тиімді қолдану;
б) ресурстарды пайдалану;
в) формативті бағалау;
г) педагогтің сөйлеу мәнері;
д) шешендігі;
е) сыни тұрғыдан ойлау қабілеті
4. «Қоғамдағы педагог мəртебесі» тақырыбында эссе жазасыз.
Көлемі 2-3 беттен аспауы шарт. Microsoft Word нұсқада, Шрифт 14.
Бейнеролик үшін: 15 балл беріледі. Эссе үшін: 10 балл беріледі.
5. Жетістіктерін растайтын портфолионың электронды слабовидящих.
Іріктеу кезеңінің баллдық жүйесі: Бейнероликтің сценариі, мазмұны,
тақырыпты ашуы, монтажы, креативтілігі жəне т.б. – 15 балл,
Эссенің мазмұны, тақырыпты ашуы, өзектілігі жəне т.б. – 10балл, кəсіби жетістіктері – 5 балл, ғылыми-əдістемелік бағыттағы жұмыс – 5 балл, қоғамдық-мəдени бағыттағы жұмыс – 5 балл, еңбек өтілі (тəжірибе) – 10 балл, оқушылар жетістіктері – 10 балл. «Лучший жас педагог» номинациясы үшін шекті балл – 25; «Лучший тәрбиеші» номинациясы үшін шекті балл – 20;
«Лучший педагог-2024» номинациясы үшін – 35 балл