Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
📌Конкурс төмендегідей бос орынға жүргізіледі:
Химия пәнінің мұғалімі – уақытша.
📌Еңбек жалақысы еңбек өтіліне және біліктілік санатына байланысты
📌Құжаттарды қабылдау а.ж. 16-25 қаңтар аралығы жүргізіледі.
📌Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл ауданы, Тастөбе ауылы, С.Таркаева №6 .
📌 Анықтама байланыс телефоны: 8 -726-33-2-34-14
📌Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
9) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
10) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немес уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы -720х480.