Ата-аналар назарына! Хабарландыру! » Сш им Тарази
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Тарази атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Ата-аналар назарына! Хабарландыру!
01
август
2023

Ата-аналар назарына! Хабарландыру!

Ата-аналар назарына!

«Әкім Тарази атындағы тірек мектебі» КММ  2023-2024 оқу жылының қыркүйек айынан 1 нен бастап жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтарағы №64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2020 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Үкіметінің № 949 қаулысын басшылыққа ала отырып төмендегідей жекелеген санаттарға білім алушылармен тәрбиеленушілердің отбасыларынан өтініштер қабылданады.

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаккандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
 
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда

тұратын балаларга:

4) Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін

отбасылардан шыққан балаларға:
 
5) Білім беру ұйымынын алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай жане материалдык көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.

Попечительский совет білім беру ұйымынын алқалы басқару органы болып табылады.

Ескерту: қосымша сұрақтар туындаған жағдайда мектептін әлеуметтік
педагогына келіп кеңес алуға болады. 87478329946