19
ноябрь
2018
Әдістемелік семинарлар
Әдістемелік семинарлар
Мектепте
2017-2018 оқу жылында мектептің
педагогикалық ұжымы іс-әрекетінің
жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру мақсатында семинар, коучингтер болып өтті.
Қыркүйек айында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Нұрмағанбетова
«Оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану» тақырыбында семинар өткізді.
Қазан айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Қыбраева «Үштілділік
мемлекеттік бағдарламасын оқу поцесіне енгізудің қажеттлігі» тақырыбында
коучинг өткізді. Қараша
айында І деңгейлік курсты оқыған, тарих пәнінің мұғалімі Махатова Хадиша«Оқыту
мен оқудағы 7 модуль» тақырыбында коучинг өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.Қараша
айында І деңгейлік курсты оқыған, тарих пәнінің мұғалімі Махатова Хадиша
«Диалогтық оқыту арқылы топ ішіндегі бірлескен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында
семинар өткізді. Желтоқсан айындақазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Қыбраева «Критериалды бағалау-табысты
оқыту кепілі» атты ғылыми практикалық сабақ өткізді. Қаңтар айында ІІІ деңгейлік курсты оқыған орыс тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Нұрмағанбетова Ж.Т « Мұғалім құзыреттілігін
арттыру» тақырыбында семинар өтті. Ақпан
айында ІІІ деңгейлік курстан өткен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрмағанбетова
Ж.Т «Критерийлер мен дескриптор құру» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингтен мұғалімдер сабақта критерийлер мен
дескрипторды қалай құруға болатындығы бойынша көп мағлұмат алды. Математика
пәнінің мұғалімі Байданова А «Бағалау-жетістікке жеткендігін көрсететін кері
байланыс» тақырыбында коучинг өтті. Коучингте мұғалімдер қалыптастырушы
бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы мен кері байланыс жүргізудің жолдары
туралы мағлұмат алды. Наурыз айында ІІ
деңгейлік курстан өткен қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі Қыбраева К.С «Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында коучинг
өткізді. Семинарда мұғалімдер бағалау бойынша өз ойларын ортаға салып,
тәжірибе бөлісті. Сәуір айында «Жаңартылған білім беру-жаңашылдыққа
бастама» тақырыбында аудандық бастауыш
сынып мұғалімдері арасында семинар болып өтті