«Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» кездесу
Әкім Тарази атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)
Тақырыбы: «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»
Орындаған: Ж.Балбекова
2022-2023 оқу жылы
Бекітемін
Мектеп дтректоры
-------------- К.М.ИсMayлова
Тақырыбы: «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»
Кештің мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Кештің бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз.
2. Қонақтарды таныстыру.
3. Бейнеролик.
4. Сұрақ – бізден, жауап – сізден.
5. Статистика бойынша мәлімет.
6. Психалогиялық тренинг
7. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
8. Жұмбақ шешу
9. Қорытынды.
1. Кіріспе сөз.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесуімізге қош келдіңіздер! Кездесуімізді бастамас бұрын мектебіміздің директоры ИсMayлова Калила Мамадиярқызына сөз береміз.
Жүргізуші: Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз. Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр. Сондықтан да, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге ұстаздарды, кешегі түлек – бүгінгі маман иелерін және елге елеулі, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын бүгінгі кешімізге шақырып отырмыз. Қонақтарымызбен ой бөлісіп, пікір алыспас бұрын, таныстырып өтсек.
2. Қонақтармен таныстыру.
Жамансариев Әлібек Еламанұлы - ҚР АШМ АӨК МИК Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы
Құтжанов Бақытжан Райымбайұлы - Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы
Жамбыл ауданды төтенше жағдай мекемесі өрт сөндіру бөлімі- Күдербай Нұржан азаматтық қорғау лейтенент
Жамбыл ауданды төтенше жағдай мекемесі өрт сөндіру бөлімі- Пернебай Заманбай азаматтық қорғау аға лейтенант
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсен менше сhouse– деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге берсек «Түлектер сағынышы» орындайтын Әлиев Нұрмұхаммед
3. Бейнеролик. Тақырыбымызға тұздық болсын, арнайы дайындалған сюжетке назар аударайық.
Өздеріңіз көріп отырғандай мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Олай болса көкейімізде жүрген маңызды сұрақтарымыздың жауабын арнайы келген қонақтарымыздан сұрап білейік. Келесі айдарымыз:
4. Сұрақ – бізден, жауап — сізден.
1. Бүгінгі жастар тек қана бір жапырақ қағаз үшін, яғни диплом үшін кез-келген оқуды таңдай салады, арзанырақ болса болды немесе ата-анасының қалауы бойынша, тек қана диплом алып шықсам болды деп оқи салады. Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп?
2. ЖОО-да таңдаған мамандығын бір-екі жыл оқып, артынша басқа мамандықтарға ауысып жатқандар көп пе?
3. Сіздерден сұрайықшы, мамандықтарға өкінетін, «Қап, осы мамандықты бекер таңдадым деген кездеріңіз болды ма?» Әлде өздеріңізге ұнайды ма?
4. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзіңнің мамандығыңа деген, жұмысыңызға деген махаббат болу керек. Бүгінде мамандықтарымен жұмыс істеп жатқан, өзінің мамандықтары туралы, жұмысы туралы, ұнайтын, ұнаMayтыны, қалай түскенін сұрап білу үшін қонақтарымыздан сұрасақ.
5. Бүгінгі таңда агенттер мен менджерлер саласы өте үлкен сұранысқа ие, туризм болсын, жарнама агенттігі болсын, оған түсіп жатқан студенттеріміз де көп. Біздің елімізде шахта бар, металлургиялық заводтар бар. Өкінішке орай, ол жердің көбісінде біздің қазақтар жұмыс істемейді. Біз көбінесе туристік бағытқа барамыз, заңгер боламыз, басқа жұмыстар таңдаймыз. Өзімізге ең керек мамандықтардың орны ойсырап бос қалып жатады. Бұл біздің табиғатымызға жат қылық па?
6. Бала ата- ананың таңдаған мамандығына барған қаншалықты дұрыс?
6. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
1. Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет деп ойлайсыз?
2. Елімізді өркендету үшін бүгінгі таңда қандай маман иелері керек деп ойлайсыздар?
3. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз? Өздеріңіз қай уақыттан бастап дайындалдыңыздар?
4. Бүгінгі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие?
7. Статистика бойынша мәлімет.
8. Жұмбақты шешу (жұмбақтың жауабын тапқан оқушыға сыйлық беріледі)
9. Қорытынды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жинақтап бір –екі ауыз сөзбен қорытындылап жіберсек.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз деген екен. Олай болса «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кешімізге келіп маңызды ой-пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз! Сіздерге көп –көп рақмет! Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілейміз. Елімізде сіздердей азаматтарымыз көп болсын. Келген қадамдарыңызға нұр жаусын. Қош сау болыңыздар!