21
September
2023
Жас Ұлан ұйымына Ұланбасы сайлауы
Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде 21.09.2023 жылы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұланбасы» мен «Мектеп президенті» сайлауы өтті. «Ұланбас оты» - «Жас Ұлан» көшбасшысы мен «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президенті оқушыларының қоғамдық қызметін басқарады, оқушылар мен мектеп әкімшілігінің өзара қатынастарын жүзеге асырады, мектеп қызметін жақсарту мақсатында өзінің және оқушылардың атынан ұсыныстар енгізеді, оқушылар мен ұстаздар арасында туындаған мәселелерді шешуге атсалысады, Түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады. Мектептердегі «Ұланбасы» «Мектеп президенті» сайлауы жасырын дауыс беру арқылы жалпыға ортақ, бірдей және тікелей сайлау құқығын негізге ала отырып өткізілді. «Ұланбасы» сайлауына 4 үміткер түсті. Үміткерлер 8 –10 сынып оқушылары: Бегманова Нұржамал,Нұрболатқызы Нұрай ,Құтжан Маржан, Амантай Гүлназ. Сайлауалды ақпараттық насихат жұмысы келесі бағыттарда іске асырылды:
•көпшілікке арналған сайлауалды шаралар өткізу арқылы (сайлауалды жиналыстар, көпшілік алдында сайлауалды пікірталастар ұйымдастыру);•
• ақпараттық материалдар басып шығару және тарату арқылы.
•үміткерлер өзінің болашақ әрекеті туралы сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
Сайлауға 5 – 11-сынып оқушылары және мектеп ұстаздары дауыс берді. Дауыстарды есептеу нәтижесі сайлау комиссиясымен тексеріліп, сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қоятын хаттамаға тіркеледі. Ең көп дауыс жинаған үміткер8 сынып білімалушысы Нұрболатқызы Нұрай «Ұланбасы» болып сайланып, «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымына мектеп президенті болып 10 сынып білімалушысы Құтжан Маржан оқушылардың және ұстаздардың алдында салтанатты түрде ант берді.