Баяндама 2023-2024 оқу жылы » Сш им Тарази
Zhambyl region
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Тарази атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Баяндама 2023-2024 оқу жылы
03
June
2024

Баяндама 2023-2024 оқу жылы

Білім сапасы – мұғалім ізденісінде


       2023-2024 оқу жылында мектеп оқу-тәрбие үдерісінде білім бағдарламасын жеке тұлғаның толық игеруіне қажетті білім ортасын құру, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып,

мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалық білім деңгейін, әрбір оқушының меңгеруін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру,     Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында   көрсетілген  білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, оқытудың мазмұны мен пішінін өзгертуде педагог мамандардың кәсіби өзіндік білімдерін көтеру мақсатында әдістемелік қызметтің, пән бірлестіктерінің жұмыс белсенділігін арттыру, кәсіби педагогикалық шеберлікпен шығармашылықты дамытуға бағытталған педагогтардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жалғастыру негізгі міндет етіп алынды. 

        Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және мемлекеттік білім беру бағдарламасының ережелеріне сәйкес әзірленген стандартқа сай жұмыстық оқу жоспарымен жұмыс жүргізді.  Мектеп «Жаратылыстану - математика» бағыты бойынша  жұмыс жасады. Мектептің жұмыстық оқу жоспары Zhambyl region әкімдігінің  білім   басқармасында тексеріліп, мектеп директорымен  бекітілген. Мектептің өндірістік және даму жоспары 31 тамыз 2023  жылы өтілген №1 педагогикалық кеңесте бекітілді. 

Мектеп ғимараты 640 орындық. 2023– 2024  оқу жылы мектептің жалпы білім беру жүйесінде күндізгі оқыту түрінде 8 бастауыш, 9 негізгі, 2 жоғары сыныптар білім алды. Мектеп екі ауысымда жұмыс жасады. schedule of lessons негізінен санитарлық-гигиеналық талаптарға  және жұмыстық  оқу жоспарына сәйкес жүргізілді.

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде (ресурстық орталық)  оқу жылының басында 1-11 сыныптарда 291 оқушымен басталы, оқу жылының аяғында, қазіргі таңда 279 оқушымен аяқтағалы отырмыз. Сынып комплекті- 19. Даярлық сыныпта 20 бала, «Балапан» шағын орталығында 50 бала тәрбиеленіп жатыр. 

              Білім мазмұнын жаңарту аясында  мектепте білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі. Функционалдық сауаттылық әр пәннің негізінде қалыптасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар болып табылады. 

       Білім алушылардың  білім   жетістіктеріне  мониторинг жүргізу  аясында олардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Осы бағытта мектебімізде 2023-2024  оқу жылында   ББЖМ  өткізу  тәртібі   ҚР  БҒМ  2021   жылғы  5  мамырдағы   №204 бұйрығымен  бекітілген  Білім   алушылардың  білім  жетістіктеріне  мониторинг жүргізу  қағидалары басшылыққа алынып, дайындық жұмыстары жүргізіліп, 16 сәуір күні 4,9-сынып білім алушылары, яғни 4-сынып оқушыларынан ББЖМ 26 оқушы қатысса, 9-сыныптан 26 оқушы тестке қатысты. 9-сыныптың 2 оқушысы (Серік Ануар, Дәулетбай Мұхамедияр) денсаулығына байланысты қатыспады. 

Оқу – тәрбие жұмысының жылдық қорытындысы бойынша үздік оқушылардың саны - 63 , екпінділер -108 ,  қанағаттарлық – 80 оқушы.

   Жалпы мектеп бойынша сапа көрсеткіші 2023-2024  оқу жылында  – 68,1 % көрсеттіп отыр.

Білім сапасы – бұл құзыреттіліктің, кәсіптік сананың сатылы және іс жүзінде тиімді қалыптасуын анықтайтын білім беру үдерісі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес мектебімізде үздіксіз білім беруді іске асыруда алынған мақсат, міндеттер мен негізгі басымдықтарға сәйкес атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 

2023-2024 оқу жылында мектебімізде 1-11 сыныптар құрамы – 19,  оқушылар саны – 279  оқушыны   құрады.  

 2023-2024  оқу жылында оқушылардың сыныптар бойынша құрамына тоқталатын болсақ:

- 1 сыныптар құрамы - 2, оқушылар саны – 29 оқушы;

- 2 сыныптар құрамы -2, оқушылар саны – 30 оқушы;

- 3 сыныптар құрамы - 2, оқушылар саны – 24 оқушы;

- 4 сыныптар құрамы -2, оқушылар саны – 26 оқушы;

- 5 сыныптар құрамы - 2, оқушылар саны – 26 оқушы;

- 6 сыныптар құрамы - 2, оқушылар саны – 32 оқушы;

- 7 сыныптар құрамы -2, оқушылар саны – 29 оқушы;

- 8 сыныптар құрамы -1, оқушылар саны – 20 оқушы;

- 9 сыныптар құрамы - 2, оқушылар саны – 28  оқушы;

- 10 сыныптар құрамы - 1, оқушылар саны – 20 оқушы;

- 11 сыныптар құрамы - 1, оқушылар саны – 17 оқушы құрады.  

Бастауыш сынып

Негізгі орта

Жалпы орта

1 сынып – 2

5 сынып – 2

10 сынып - 1

2 сынып – 2

6 сынып – 2

11 сынып – 1

3 сынып – 2

7 сынып – 1


4 сынып – 2

8 сынып – 2



9 сынып – 2


Барлығы:  8 сынып

Барлығы:  9 сынып

Барлығы:  2 сынып

            

            






            2023-2024 оқу жылында 11- сыныпты 17 бала бітіргелі отыр. Оның 14 –і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, 3- еуі өз өтініші бойынша тестке барMayды. Шығармашылық тағдаған 9 оқушы, бес пәнді таңдап отырғаны- 5 оқушы. Тест нәтижесі – 72,3.  

2023-2024  оқу жылына алынған  әдістемелік жұмыстың тақырыбы: «Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы, оқыту мен оқу үдерісін дамыту» . Мақсаты: Teachersдің оқыту мен оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру, үздіксіз кәсіби дамуына әдістемелік көмек көрсету. Білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім,тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру.

Мектепте 2023-2024 оқу жылында 41 мұғалім жұмыс жасады, оның ішінде   жоғары білімдісі – 39,  кәсіби орта білімді -2. Педагог-шебер -1, Педагог-зерттеуші – 3 мұғалім, Педагог-сарапшы – 14 мұғалім, 1 санатты -1, Педагог-модератор – 13  мұғалім, педагог санатында -9 мұғалім. Teachersдің сапалық құрамы -  45 %

1.Teachersдің білімін жетілдіру жұмыстарына сараптама.

2023-2024 оқу жылында  13  мұғалім өз   білімін арттыру  курстарынан өтті.  

Мектепте мұғалімдер 4 бірлестікке бөлінген. 

  1. Қоғамдық –гуманитарлық бірлестігі(қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих пәндері) жетекшісі Амирова Айнұр Алибековна;
  2. Жаратылыстану-математика бірлестігі(математика, физика, химия, информатика, биология пәндері) жетекшісі Игілікова Жанар Бекбосыновна;
  3. Бастауыш сынып бірлестігі(бастауыш сынып м.алімдер) жетекшісі Әшірбаева Жанерке Арыстанбекқызы;
  4. Өнер бірлестігі(дене шынықтыру, музыка, көркем еңбек) жетекшісі Алшынбаева Айша Ебенбайқызы. 

Мектептегі әрбір бірлестік өздеріне берілген уақытпен айлықтар:  оқушылармен және ұстаздармен іс-шаралар өткізді(ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, коучинг, шебер сыныптар).

    Мектепте 22 оқу кабинеті бар. Оның 20 кабинеті  паспортталған, яғни кабинет меңгерушілеріне 20%  үстемақы төленеді. 

     Мадификацияланған кабинеттер саны -4. Олар: физика, химия, биология, робототехника. Ұлдар шеберханасы бар. Жабдықталған. Қыздар шеберханасы бар. Жабдықталмаған. 

    Сонымен қатар, тірек мектебі статусын 2015 жылы берілген. Магниттік мектептер: Еңбек, №2 орта мектептері. Бізге келіп оқитын сыныптар: 8,9,10,11. Сессия 3 мезгілде өтті. Күзгі сессия қазан, қысқы сессия ақпан, көктемгі сессия сәуір айларында болды. 

        2023-2024 оқу жылында 8-11 сыныптар аралығында Еңбек және №2 орта мектептерден 124 оқушы қамтылды. Біздің мектептің оқушыларын қосқанда 212 оқушы білім алып, 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.  Күнделікті автобус бөлініп тасымалданды. Оқушылар әр сессияға келгенде кіру тестін, сабақ аяқталарда шығу тестін тапсырып білімдері бақыланып отырады. Сессияға келген оқушыларға жоғары білімді, жоғары санатты мұғалімдер дәріс берді. Жоғарғы оқу орындарынан – 2 мұғалім, педагог-шебер-2, педагог- зерттеуші-3,педагог-сарапшы-10, педагог-модератор-2 мұғалімдер сабақ берді. Оқу- тәрбие үрдісі – 2 блокта ұйымдастырылды. Біріншісі – оқыту блогі, екіншісі – дамыту блогі. 

        Мектебіміз «Табысты мектеп » жобасымен жұмыс жасауда. 

Жоба - бұл белгілі біруақыт аралығында   инновациялық қызметтің нақты қойылған  мақсаттарына қол жеткізілетін әрекеттер жиынтығы . Яғни, бұл жоба мектептегі проблемаларды шешуге бағытталуы  керек.

Оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ету үшін, сыныптан тыс жұмыстар аясында бірлескен жобалар ұйымдастырылуда. Бірлескен жобалар білім  алушылардың  сыни ойлауын, танымдық, шығармашылық дағдыларын және қоғамдағы өзара әрекеттесу үшін маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытады.  

Мектебіміз «Табысты мектеп» жобасымен жұмыс жасайды. 

Жобаның мақсаты:

Білім беруде отандық дәстүр мен әлемдік қоғамдастықтың дамуына жеке үлес қосуға қабілетті, жоғары, рухани құндылықтары бар интеллектуалды,  әртараптандырылған тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін қолайлы орта құру,білімді, шығармашыл,бәсекеге қабілетті, санасы биік және рухани бай азаматтың қалыптасуына ықпал ететін  инновациялық білім беру ортасын ұйымдастыру арқылы  зияткер ұрпақ тәрбиелеу. Оқу мен оқытуды қолдау арқылы, мектеп әлеуетін қадамды жұмыстармен табысты ету, сол арқылы үздіксіз даму баспалдағымен  педагогтардың кәсіби дамуына  қолдау көрсете отырып, білім сапасын арттыру;

2.Өз елі мен әлемдік қоғамдастық пайдасы үшін өзін-өзі жетілдіруге, өмір бойы білім алуға бағытталған, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, қарқынды дамып келе жатқан жеке тұлғаны тәрбиелеу.

3. Ата-ана  ̶ оқушы  ̶ мектеп арасындағы  үштік одақты нығайта отырып, ашықтық, сенімділік, қайырымдылық, ынтымақтастық және әлеуметтік бейімделген  атмосферақалыптастыру.

4.МДЖ-н  іске асырудағы мықты және әлсіз жақтарды талдай отырып , жүзеге асыру. 

Жобаның жаңалығы:Мектептің тиімді даму тұсын анықтап, мектепті басқару жұмысының  тактикасын  қарастыру.

Күтілетін нәтиже: Білікті, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.

Шығармашыл, рухани бай, жан-жақты дамыған шәкірт тәрбиеленеді.

Мектептегі  тренерлік қызмет белсенді іске қосылады. 

Тәлімгерлер мен тренерлердің бірдей уақытта өзара ынтымақтастығыарта отырып,«Сенім» кәсіби қоғамдастығының бастамасымен даму командасы құрылады. 

Өз алдына SMART мақсат қоя алатын,  құндылықтарды,  дағдыларды бойына сіңірген, білім берудің заманауи трендтерін меңгерген,   функционалды сауатты тұлға қалыптастырып шығаратын үздік  ПЕДАГОГТАР ОРТАСЫ  қалыптастады. 


SMART  қадамдар:













Жоба кезеңдері:

      


Орта білім беруді жүйелі жаңарту себептері

Әлемдік білім беру тәжірибесінде:

*парадигма өзгерісі: «өмірлік білім алудың» орнына «өмір бойы білім алу»; 

*білім берудегі құндылықтардың маңыздылығы: «білім берудегі құндылықтар»;

Мектеп түлектеріне қойылатын жаңа талаптар:

*рухани-адамгершілік негізді арттыру, 

*функционалды сауаттылық пен бәсекеге қабілеттілікті көрсету, 

*оқу және өмір жағдаяттарын шығармашылықпен шешу . 


Зерттеу  құрылымы:

- нақты жағдаймен танысу; 

- оның  моделін құру; 

-  проблемалық жағдайын жасау; 

- қажетті теориялық материалды анықтау

- нәтижелерді талқылау және тексеру; 

- түзету; 

- қабылданған шешімді іске асыру; 

- жұмыс нәтижелерін бағалау







Жұмыс бағыттары






Табысты мектеп қандай болмақ? Табысты мектептің негізгі көрсеткіштері қандай? деген сұрақтар ұжым алдында үнемі тұрды.

ЖаҺандық дәуір – жылдам өзгерістерге толы озық технологиялар заманы. Сондықтан, бүгінгі ұстаздар қауымының алдында сол құбылмалы құбылыстардың ағымына ілесе алатын жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.

Мектептің тиімді даму тұсын мониторинг өткізу арқылы анықтап, мектепті басқару жұмысының  тактикасын қайта қарастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстарға назар аудардық, даму үдерісі толыққанды жүруіне мектептегі  тренерлік қызметті белсенді іске қостық. Оқу мен оқытуды қолдау Lesson Study сабақтарынан көрініс тауып жатты. Мәселе шешімі мектептің «Сенім» кәсіби қоғамдастығының бастамасымен даму командасы құрылып, оған деңгейлік курстан өткен барлық мұғалімдер, сондай-ақ тәлімгерлер мен тренерлердің бірдей уақытта өзара ынтымақтаса отырып, ортақ мүддеге жұмылуының арқасында да нәтижелі еңбектен көріне бастады.

Тұлғаны қоғамға дайындау мектеп қабырғасынан басталады. Ал қоғамдағы құбылыстар үздіксіз өзгеруде, олай болса адамдар да сол өзгеріске дайын болуы тиіс. Қазіргі мектепке енгізіліп отырған өзгерістердің өзі бізден осыны талап етіп отыр. Осылайша біз мектептің дәстүрлі жұмыс түрлерін жаңа мазмұндағы жұмыстармен толықтыруда үйлесімділік табу жолындағы жүйелілікті сақтай отырып, «Табысты мектеп» жобасын құруда «Мектеп әкімшілігіЖүйелілікжәнеТереңдетілген педагогика» ең маңызды үш факторын өз тәжірибемізге арқау еттік.

Мұнда ұжымдық үздіксіз рефлексия циклының маңызды құндылықтары «оқушы үні», «ата-аналар пікірі», «мұғалімдер ұстанымы» әрдайым ескерілетін болады.

Біріншіден, мұнда біз мектепті басқарудың барлық қызметтерін зерделей отырып, бөлінген көшбасшылық идеясын  басқарумен үндестіру арқылы мектептің даму жоспарын жүзеге асыруды басты мақсат ретінде қараймыз.

Екіншіден, деңгейлік бағдарламалар идеяларының жаңаша сипаттағы көшбасшылық қырларына барынша маңыздылық беруді алға қоямыз . 

Үшіншіден, мектептің интеллектуалды әлеуетін дамыту арқылы оқу үдерісіндегі жүйелілікті сақтаймыз. 

Қазақтың талантты ақыны Мағжан Жұмабаев «Адам жаңа­шыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңа­дан жаңаға құмар келеді. Адам әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды», дейді. Бұл құнды ой арқылы жаһандану заманын­да адамзат ескі сүрлеумен жүре бер­мей ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылуы қажеттігін айтқан. Себебі, бұл – заман талабы. Осы жаңашылдық негізгі жұмысқа, білім беру ісіне сыни көзқараспен басқа бір қырынан қарауға ынталандырады. Қазіргі уақыт ұстаз төзімі мен білікгі таразыға тартылып тұрған сын уақыт.Жұмыс жолында кездескен қандай кедергі де  біздің ұстаздар ұжымының жігерін жасыта алMayды, керісінше жоғары талап пен жауапкершілік жүгі ілгері дамудың келесі баспалдағына жетелейді. 























                                         


















                                                                                                                                                                   



































                                                                                                                                                                                   

                                              

                                                                                           






















                                                                                                                                                                                        







Парадигма 



1.  «Алтын қалам» жобасы

Сауатты адам жазғанда қол дағдысымен жазады.
                                                                                                 Ахмет Байтұрсынұлы


 
Мақсаты:Оқушылардың ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіре отырып, каллиграфиясы мен орфографиясын дамыту. Ауызекі және жазба тілде қарым - қатынас жасау дағдыларын дамыту, орфографиялық және  көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. 

Міндеті:- Графикалық қателерді көру және жөндеу жолдарын табу;

-Әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақтау;

-Сөздер арасындағы қашықтықты сақтау;

-Әріп элементтерінің жазылу алгоритмін, әріптер мен әріптердің байланыстырып жазу;

-Жазу жылдамдық нормаларын орындау, баспа мәтінінен көшіріп жазу және жай сөздерді жатқа жазу.


Жобаның өзектілігі

1. Оқушылардың каллиграфиялық  мен   орфографиялық қателер жібермей жазуын қамтамасыз ету.

2.Оқушылардың таза көркем жазуын қалыптастыру.

3. Оқушыларды жазу кезінде дұрыс отыруға, дәптерді көлбеу қойып жазуға, қаламды дұрыс ұстауға дағдыландыру. 

4. Оқушыларды әрбір әріптің элементтерін дұрыс жазуға үйрету.

5.Оқушылардың қолының икемділігі мен көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдіру. 

Күтілетін нәтиже:

-әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
 - әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
 - грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
 - шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.
 - сауатты жазу дағдылары қалыптасады; 

Осы жобаны іске асырып, жүргізу үшін:

1. Міндетті түрде жоспар құрылады.

2.Көркем жазу үрдісін жүзеге асырудың жолдары таныстырылады.

3.Оқушылар жазу ережесін сақтау үшін, талаптар қойылады.

4.Жазуға үйретудің негізгі әдістері   таныстырылады.

5.Балалардың жазу дағдыларын қалыптастыру үшін  түрлі жаттығулар жасалынады.


2. «Біз біргеміз» жобасы

Жобаның мақсаты: 

  • Ата-аналардың мектеп және ұстаздармен тығыз байланысын реттеу.
  •  Мектептегі іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру.
  •  Ата-ананы мектеп өмірімен қызықтыру.
  •  Ата-анамен баланың қарым-қатынастарын нығайтуға  ықпал ету.
  • Балалардыңшығармашылығындамыту, белсенділігін, іскерлігінарттыру.

Жобаның міндеті:

-Әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым-қатынасын қалыптастыру.

-Олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына жағдай туғызу, әлеуметтік тұрғыза дұрыс мінез-құлық қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже:

- Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасалынады.

  • Дені сау балалармен мүмкіндігі шектеулі балалар бірге оқығанда олардың даму мүмкіндіктері жақсаратындығы туралы түсінік алады.
  • Мектептің өміріне белсене қатысады.
  • Activity мен ойын-сауықтарға оқушылармен бірігіп қатысады.
  • Өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.

Бұл жоба негізінен инклюзивті оқушыларға арналған жоба.

2023-2024 оқу жылында мектепте білім алатын 3 инклюзив оқушы бар.

Инклюзивті білім беру — барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қараMay, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың ұстаздармен, мектеппен тығыз байланысын арттыру, балалармен бірге мейірімділікке,ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету, бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал ету. 

3. «Дебат қозғалысы» жобасы

Дебат – бұл пікірталас ойыны. Шешендік ойын мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын. 

Пікірсайыс клубының мақсаты:

Ішкі еркіндігі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын  белсенді тұлға қалыптастыру;

Сын тұрғысынан ойлай білу қабілетін пікірсайыс арқылы дамыту;

Оқушылардың  көпшілік алдында еркін сөз саптау мәдениетін қалыптастыру, сыни тұрғыда, сонымен қатар логикалық ойлауын дамыту;

Оқушылардың  бос уақытын тиімді әрі пайдалы болатындай ұйымдастыру;

Жалпыұлттық  мәдени-білім  беру   жобасын  іске  асыру , білім   алушылардың командада  жұмыс  істеу   дағдысын  қалыптастыру;

Білім  алушылардың  құқықтық мәдениетін,  азаматтық   белсенділігін,  жауапкершілігін,  шығармашылық   және      сыни  ойлау    қабілетін қалыптастыру; 

Пікірсайысклубыныңміндеттері:

қарама -қарсы ой стратегиясы болғандықтан сөз әдебіне үйрету;

  • әлеуметтіктілдіңдағдыларынқалыптастыру;
  • еркінсаясикөзқарастардыңбәсекелестігінтуғызу;
  • пікірсайысәдісіарқылышешендіккеалыпкелу;
  • белсендісөйлеуді ойлайсөйлеуменұштастыру;
  • танымдық қабілетіндамыту;
  • өздігіненбілімалуғақажеттіліктудыру;
  • ақыл- ой еңбегінежалпымәдениетінарттыру;
  • білімге құштарлығын, руханисенімінкүшейту;

Оқушылардың дебаттық қозғалысы балаларды әлеуметтендірудің маңызды институттарының бірі болып табылады. Бұл білім алушыларды дебатқа қатысуға жаппай тартуға бағытталған педагогикалық технологиялардың бірі.

Дебат - бұл нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пікір алмасу, өзекті тақырыптар бойынша пайымдаулар, ой-пікірлер;

- бұл жарқын, ойын-сауық зияткерлік ойын, танымал қызмет түрі, белсенді жастардың – қоғамның болашақ көшбасшыларының келешегі;

- бұл білім алушылардың бойында сыни ойлауды, төзімділікті, шешендік (өнерді) шеберлікті, әртүрлі көзқарастарға құрметпен қарауды, серіктестік қарым-қатынасты, командада жұмыс істей білуді, мәселелердің мәніне зейін қоюды және идеяларды қорғау қабілетін қалыптастырудың қуатты зияткерлік құралы.

Жобаны іске асыру:

Дебаттық қозғалысқа білім алушылардың барынша мүмкін болар көп санын анықтау және тарту;

Білім алушылардың отандық тарихқа, өлкетануға, мәдениетке қызығушылығын дамыту, ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі дағдыларын қалыптастыру;

Оқушыларды қазіргі заманғы қоғам мен мемлекет өміріне табысты әлеуметтік бейімдеу және ықпалдастыру жүйесін құру.

4.  «Жас дарын» жобасы

Мектептердегі негізгі проблема соңғы жылдардағы мектеп оқушыларының пән олимпиадаларында және ғылыми жобаларда  төмен нәтиже көрсетуі.

Мақсаты: Бастауыш және негізгі пән мұғалімдерінің дарынды оқушылармен жұмысын жандардыру арқылы табысқа жетуге жол ашу.

Білім алушылардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. 

Міндеттері:

Жекелеген пәндерді оқытуды кеңейту және тереңдету.

Білім беру сапасын бағалаудың айқын жүйесін әзірлеу.

Білім алушылардың зерттеу дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижесі:

Teachersдің оқу шығармашылық ізденістер3 мен  зерттеу жұмыстарына жағдай жасайды.

Қол жеткізілген нәтижелер мен даму деңгейі үрдісіне сараптама жасалып, шығармашылық жұмысқа қолдау көрсетіледі.

Тірек мектебінің білім сапасы мен жұмыс істеу мүмкіндіктері артады.

Дарынды балалардың қабілеттерін, ерекшеліктерін дамыту үшін:

1.Оқушылардың ғылыми қоғамын құрып, ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру үшін жағдай жасау.

2.Дарынды оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

3.Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

4.Ғылыми ізденудің әдістерін үйрету .

5.Ғылым, өнер саласындағы жетістіктерін танымал ету.

Дарынды оқушылар төмендегідей категорияға бөлінеді:

1-категория-ой өрісі қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.

Екінші категория-жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.

3-категория-дарындылық күш-қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Нағыз дарындылық  3-топқа бөлінеді:

Шығармашылық,интелектуалды, табиғи, көшбасшылық дарындылық.

5. «Жас түлек» жобасы

Мақсаты:Мектеп бітірушілерінің   мамандықты дұрыс таңдай алуына  кәсіби бағдар беру. Болашақ мамандыққа қызығушылықтарын  арттыру.

Міндеттері:

  • Өндіріс орындарымен, отандық өнімдерді тану;
  • Кәсіби мамандармен кездесу,
  • Мамандықты дұрыс таңдауға баулу.

Күтілетін нәтиже:

Мамандығы бойынша грант иегері атанады;Құзіретті маман қалыптасады.

Мектеп бітіретін  11 сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Бұл әрине үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі. Себебі осы бағыт-бағдар адам ғұмырының алдағы болашағына өз әсерін тигізеді. Дұрыс жол тапсаң дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мумкіндіктеріне қол жеткізесіз.

Мектепте өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты- дұрыс таңдау жасауға бағыт беру. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.

6. «Білім беру трамплиндері», яғни цифрлы білім беру платформалары

Бұл жобаны алудағы мақсат:бәсекеге қабілеттілікті арттыру, оқу-тәрбие үдерісін жеделдету және жеңілдету, ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.

Міндеттері:

1).Мектептегі білім беруді жаңғырту.

2).Озық АКТ-ны білім беру үдерісіне кіріктіру. 

3). «Педагог-оқушы-ата-ана» интерактивті қарым-қатынасты дамыту. 

4) .Informationтық алмасудың бірыңғай ортасын енгізу.

5) .Мектеп экожүйесін құру және сол жүйеге қызмет көрсету.

6) .Қашықтан білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.    

Цифрлы білім беру платформалары – электронды оқыту жүйесінің негізгі бір құрамды бөлігі.

Бұл жобаны 2023-2024 оқу жылынан бастап алып отырмыз. 

 Цифрлық платформалармен жұмыс істеудің баланың қызығушылығын арттыруда рөлі зор. Онлайн ресурстар «Padlet» тақтасымен жұмыс жасау, Онлайн–сервис  «Quizizz», «Kahoоt»  онлайн платформасы , Learning Apps – интерактивті модульдерJambord арқылы мұғалім баланың  біліміне деген уәжін арттырып қана қойMayды, мұғалім жұмысын жеңілдететін құралдар.

Бұл платформалардың ең пайдалысы мұғалім кез келген уақытта жазып бағасын қоя аладыИнтерактивті тақта ретінде қолдана алады. Feedback ала алады.

7. «Кәсіби желілік қоғамдастық»  жобасы

Мақсаты:Оқу үрдісінде білім беру жүйесін ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдерін модернизациялау арқылы озық-іс тәжірибелі, бәсекеге қабілетті, ұлттық рухта жан-жақты дамыған ұстаз тұлғасын қалыптастыру.

Жобаміндеттері:

  • Озық педагогикалық іс-тәжірибенің таратылуын ұйымдастыру және қолдау;
  • Оқушылардың білімі мен біліктілігін, оқу жетістігінің деңгейін бағалайтын Халықаралық зерттеулер (PIZA, TIMSS, PIRLS, PIAAC, ICILS, TALIS) бағытында мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру;
  • Коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану;
  • Адалдықалаңынқалыптастыру;
  • Әдістемелікбірлестікжұмысынкүшейтумақсатындажаңатехнологиялардыоқыпүйренуге, теориялықсеминарлар, тренингтерұйымдастыру. Жасұстаздардыңжұмысынжүйелеу.

Жоба мақсатына сай  жобамен жұмыс жасайтын мектеп мұғалімдері  кәсіби қоғамдастық арқылы аудан мектеп мұғалімдерімен өзара тәжірибелерімен  бөлісіп, кәсіби дамуда.

Оқушылардың білімі мен біліктілігін, оқу жетістігінің деңгейін бағалайтын Халықаралық зерттеулер (PIZA, TIMSS, PIRLS, PIAAC, ICILS, TALIS) бағытында мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру мақсатында  коучингтер өткізіп, мұғалімдерге қолдау көрсетуде .

8. «Go green school»жобасы

Мақсаты: Білім алушыларға қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығы мен тұрақты тәжірибелер және адам қызметінің экожүйеге әсерін үйрету, оқушылар бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру, балаларды экомәдениет пен қоршаған ортаны қорғауға баулу.

Міндеті:1.Қоршаған ортаны көгалдандыру, табиғат бұрышын жасап, өсімдіктерді күту.

2.Қоғамға пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты жақсарту.

3.Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу.

4.Табиғатты қорғау мақсатында оқушыларды пайдалы еңбекке баулу.

Күтілетін нәтиже

*Биология пәні бойынша теориялық білім практикамен ұштасады;

*Мектеп аймағын көгалдандыру бойынша мектеп ұжымының, сынып оқушыларының қызметін жандандырады;

*Оқушылардың табиғат әлеміне қызығушылығын дамыту және өсімдіктер туралы білімдері артады.

Қазіргі таңда білім ошақтарында «Жасыл мектеп» жобасы жүргізіліп жатқаны бәріңізге мәлім. Жүйелі жобаның аясында оқушылардың экологияға қызығушылығы артып, жаңашылдық танытып келеді. Аталған жобаның оқушыға тигізер пайдасы болмаса зияны жоқ. Яғни, балалар табиғатқа бір қадам жақындап, оған жанашыр болуды жүзеге асырса, екіншіден, ғылым жолында өздерінің бағыттарын қалыптас­тырады. Табиғатты аялауға, тәжірибелік сабақты көбейтіп, мектеп бағдарламасын түрлендіруге бағытталған. 

Табиғатты танудың ең сенімді құралы – бақылау мен тәжірибе екенін ескерсек, білім ошақтарының бағыты айқын жобаларды қолға алғаны қуантады. Оқушылар тәжірибе жүргізуден тайсалMay, табиғатқа үздіксіз бақылау жүргізсе, жағымды жаңалықтар көбейе түспек.

Биылғы оқу жылында «Табиғат бұрышын» ашу жоспарланып отыр.

Мұғалім қызметі  - ізгілікке құрылған интеллектуал мамандық. Еліміздің келешегінің кемел болуы білімді де іскер адамдардың бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Қарымды қабілетке ие жастар бүгінгі мектептің қабырғасында қалыптасуы шарт. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай “Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім”.

Кез-келген ұлтты өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектеп  табысты болса, жарқын болашағымыздың кепілі. Себебі болашақта сол елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы. Ал табысты білім ордасынан қанат қаққан қай шәкірт болсын дүние кірпішінің кетігін тауып қалануға машықтанган, тек биіктерге жол бастайтын тұлға болып қалыптасатыны анық.

Мектеп ұжымы білім сапасын арттыру және білім ошағын өркендету жолында аянбай еңбек етуде. Алдағы уақытта да бірлескен қызметтің нәтижесінде толымды табыстарға қол жеткізетіндігімізге сеніміміз мол.

Қорытындылай келе, мектеп үшін нәтижеге жету әр тұлғаның білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін өмірде қолдану болып табылады. Бүгінгі  бақытты бала - ертенгі жаңа әлем. Табысты мектептің көздейтін мақсаты: мектеп бітіріп шыққан әрбір тұлғаның бүкіл әлемге саналы ақыл көзімен қарай білуі деп санаймын. Алдымыздағы басты міндет - әлем есігіне еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, тіл мәдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық ой өрісі кең, білімі жоғары, жан-жақты ақпараттандырылған, заман талабына сай табысты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №223 бұйрығының 3-қосымшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі №34 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар),» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 03.04.2013 жылғы №115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулармен 20..2017 жылғы №352, 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №469, 2020 жылғы 5 ақпандағы №51, 2022 жылғы 1 сәуірдегі №123 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары басшылыққа алынды.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. 

1. Еламан Нышанкүл  03.09.2007 жылы туылған. 10 А сынып оқушысы. Диагнозы:Зияты қалыпты. Ринолалия. Фонетикалық тіл кемістігі. Жалпы білім бағдарламасымен мектепте  оқытылады.

2.Алтынбек Анаржан  Аязбекқызы 02.04.2014 жылы туылған. 4 А сынып оқушысы. Диагнозы: тұтығудың жеңіл деңгейі. Жалпы білім бағдарламасымен,  мектепте оқытылады.

3.Тоқтар Қайсар Алмабекұлы 05.01.2014 жылы туылған. 4 Ә сынып оқушысы. Диагнозы: Зияты қалыпты. Есту қабілетінің зақымдалуы: нашар еститін бала. Тұтығудың орташа деңгейі.Жалпы білім бағдарламасымен,  мектепте оқытылады.

Teachersдің коучинг, шебер-сынып, дөңгелек үстел, семинар өткізуі

Қазан айында математика пәнінің мұғалімі Байданова Айсұлу «Сабақты зерттеу-оқу сапасын арттыру кепілі» тақырыбында коучинг өткізді.

            Қазан айында дене шынықтыру   пәнінің мұғалімі Бөгенбаев Сәбит «Өнерлі ұрпақ-кемел болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

Қараша айында бастауыш сынып мұғалімі Түстікбаева Гаухар «Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында  коучинг өткізді.

Қазан   айында бастауыш сынып  мұғалімі Түстікбаева Гаухар «Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында коучинг  өткізді.

Қазан   айында тарих пәні  мұғалімі Абденов Алихан  «Оқытудағы жаңа тәсілдер.Тарих пәнін оқытудағы диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбында коучинг  өткізді.

Қараша айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Копеева Ардақ   «Сабақтағы кері байланыс» тақырыбында коучинг  өткізді.

Желтоқсан   айында бастауыш сынып   мұғалімі  Мырзалиева Анар «Сабақ үдерісіндегі кері байланыстың маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Желтоқсан айында тарих пәнінің мұғалімі Махатова Хадиша «Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?» тақырыбында коучинг   өткізді.

Оқушылардың жетістіктері

2023 жылы «Кенгуру» ойын конкурсының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен -25 оқушы,

2024 жылы республикалық«Ақбота» зияткерлік олимпиадасының І,ІІ,ІІІ жүлдегері диплом – 33 оқушы;

2024жылы «Кенгуру» ойын конкурсының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен 25оқушы;

Қазақстан Республикасы ауыл мектептерінің 6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары – 5 оқушы;

Жас суретшілерге арналған «Бояулар құпиясы» конкурсында ІІ дәрежелі дипломмен – 5 оқушы;

.Республика педагогтарының ғылыми-әдістемелік және өнер-білім орталығы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған үш тілде өткізген Республикалық  «Абай оқулары» байқауында Абай бейнесі номинациясы бойынша ІІ орынмен -1 оқушы;

Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізілген «Туризм энциклопедиясы» республикалық жас туристер байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен -1 оқушы;

Шүкір Арсен -   5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінде ағылшын тілі пәні бойынша І дәрежелі диплом, Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізілген «Туризм энциклопедиясы» республикалық жас туристер байқауында ІІІ дәрежелі диплом, аудандық «Отбасым бақыт мекені» тақырыбында шығарма байқауы I-дәрежелі диплом, 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ағылшын тілі пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом

Тілеухан Фариза -  7сынып оқушылар арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңінің жүлдегері III-дәрежелі диплом

Жұматай Айжұлдыз - Бейнелеу өнеріне қызығушылығы бар дарынды балаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Сиқырлы қыс» сурет байқауынан  III-орын

Рәпілбек Кәусар - Аудандық пәндер олимпиадасы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні – ІІІ орын ;

Бақытжан Сабыржан - Республика күніне арналған дзюдо күресінен 2010-2011, 2021-2014 жылы туылған жасөспірімдер ұлдар арасындағы облыстық ашық турнирде І орын, Жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаны еске алуға ареалған дзюдо күресінен 2011-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен облыстық ашық турнирде ІІ орын;

Дүйсеналы Нұрай - 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беру пәндері бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінде Қазақстан тарихы  пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом;

Оразбек Аяжан - Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұйымдастыруымен «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаев» атты аймақтық эссе байқауы ІІ орын;

Молдақұл Мирас - Облыстық открытого заседания научного студенческого кружка «Живое слово» на тему: «Учитель... какой он на страницах отечественной литературы» в формате конкурса диплом І степени

Бижанқызы Асылзат - Алаш қозғалысының қайраткері,ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай 5-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы-Мағжан Жұмабаев»атты аймақтық эссе байқауынан І орын;